«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты



Pdf көрінісі
бет51/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

 
 
 


157 
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫН САЛЫСТЫРУ 
 
Уристенбекова Г.К., Джумасаева Ж.А. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,Шымкент қ., Қазақстан 
Қазақ тіліндегі қос тағанды мақал-мәтелдер құрмалас сөйлем тұлғасында келеді. 
Яғни синтаксистік құрылымы жағынан мақалдың әр тағаны бір жай сөйлем болып, қос 
таған бірігіп келіп, құрмалас сөйлем құрайды. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді құрмалас 
сөйлемнің көп кездесетін түрі – салаласа құрмаласқан сөйлемдер. Оның себебі мақалда 
белгілі бір қасиет немесе жағдай басқа бір жайттарман салыстырыла, теңестіріле айтылады. 
Мұндай сөйлемдер ешбір дәнекерсіз екі жай сөйлемнің қатар айтылуына байланысты, яғни 
мағына жағынан параллелизм принципі бойынша жасалып отырады. Қазіргі әдеби тілімізде 
жалғаулықсыз салалас құрмалас түрлері де бар. Мақал-мәтелдер көбінесе салаластың осы 
түрінде жасалады. Бұл мақал-мәтелдердің ықшамдылығына, жинақы, ырғақ пен ұйқасқа 
бейімделе айтылуынан да болса керек.
Мақал-мәтелдердегі салалас құрмаластардың құрылымдық ерекшеліктерін де бір 
құрамды және көп құрамды негізде талдауға болады. Мысалы: 
а) бір құрамды+бір құрамды. Екі компоненті де бірдей структуралық схемада келген 
бір құрамды сөйлемнен жасалады. Мысалы: Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір; Тауықты 
тойындыра алмайсың, қызды киіндіре алмайсың; 
ә) көп құрамды+көп құрамды. Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады; Тау тауға 
кездеспейді, адам адамға кездесді; Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды.
Мақал-мәтелдер синтаксисінде кездесетін құрмалас сөйлемнің келесі түрі сабақтас 
құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмаластар салаластарға қарағанда өте аз ұшырасады. 
Мақалдарда кездесетін сабақтас сөйлемнің негізгі түрі – шартты бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем. Шартты бағыныңқылы сөйлемдердің өнімді грамматикалық көрсеткіші – етістіктің 
шартты рай тұлғасы. Қазақ тіліндегімақал-мәтелдер де, негізінен шартты райдың -са/се 
аффикстері арқылы жасалады. Мысалы: Қойшы көп болса, қой арам өлер; Бейнетің қатты 
болса, татқаның тәтті болар; Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнар.
Мақал-мәтелдерде кездесетін сабақтас сөйлемдердің басым көпшілігі шартты рай 
арқылы құрмаласатын сабақтастар. Мысалы: Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар.
Мақал-мәтелдердегі сабақтас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарларының баяндауышы 
әр алуан тұлғада келеді. Солардың ең бастысы -са тұлғалы етістік. Сонымен бірге 
қарсылықты сабақтастың келуі де өте сирек құбылыс, мұндай мақалдар қазақ тілінде бірен-
саран ғана. Мысалы: Атсыз үй болса да, ассыз үй болмайды. Мақал-мәтел сөздерде сирек 
те болса, есімше арқылы құрмаласатын сабақтас сөйлемдер бар. Әдеби тілімізде есімшенің 
жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыруы өте актив функцияда 
жұмсалатыны белгілі [1, б. 66]. 
Сонымен қатар бағыныңқы компонент баяндауышы жатыс септігіндегі есімшеден 
болған сабақтастар да кездеседі, бұл сипаттағы екі компонент мезгілдік қатынаста тұрады. 
Мысалы: Ешкіні тәңір атарда, Қойшының таяғына душар болады. Кейбір мақал-мәтелдерде 
екі сабақтас сөйлемдер өзара құрмаласып та келе береді. Бұл да мақал-мәтелдердің өзіндік 
бір ерекшелігі деуге болады. Мысалы: Жиен ел болар-малы болса, Желке ас болар-майы 
болса. 
Келесі тоқталатынымыз құрмалас сөйлемдердің соңғы түрі – аралас құрмалас 
сөйлемдердің мақал-мәтелдердегі сипаты. Аралас құрмалас сөйлемдердің мақалдарда келуі 
өте сирек құбылыс, бұл түсінікті де, себебі аралас құрмалас құрамында компоненттер 
санының көп болуы. Ең кемінде үш компонент болуы - аралас құрмаластың табиғи 
заңдылығы. Ал мұндай көлемділікті мақал-мәтел табиғаты көтермейді. Дегенмен, сирек те 
болса аралас құрмаластар мақал сөздерде ұшырасады және де мұндай құрмаластың бір 
сыңары жалаң бір мүшеден ғана болады. Мысалы: Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең, 
табарсың, Сөйлессең дауласпа, Даулассаң да жауласпа. Мақал-мәтелдердегі аралас 


158 
құрмаластар да тіліміздегі басқа сөйлемдердегідей, салалас пен сабақтас сөйлемдердің 
қосындысы іспетті. 
Шетелдердің ірі тілші-ғалымдары ықшамдалу принципі мәселесін тілдің 
эволюциялық дамуымен тығыз байланысты қарастырады. Олар: Г.Пауль, Ф.де Соссюр, 
О.Есперсен, П.Пасси, Г.Спенсер, Э.Сепир, Ж.Вандриес, Л. Блюмфильд, А. Мартине, 
Э.Бурсье, Ф.Кайнц т.б. 
Негізінен сөздердің ықшамдалу процесі тілдің эволюциялық даму, қалыптасу 
барысында күрделіден оңайға қарай ұмтылу әрекетінен пайда болады. Ықшамдалу 
заңдылығының ауызекі тілге тән екендігін ескерсек, егер бұндай ықшамдалған тұлғалар жиі 
қолданылатын болса, бірте-бірте әдеби нормаға ене бастайды. Сонымен, ықшамдалу 
заңдылығына ұшырайтын тілдік бірліктер, біріншіден, жоғары жиіліктегі көп 
қолданылатын тілдік бірліктер, екіншіден, алдымен ауызекі сөйлеу тілінде пайда болып, 
кейіннен қолданыс нәтижесінде біртіндеп тілдік нормаға ене бастайды [2, б.85].
Қай тілдің болмасын қазіргі құрылысының қалыптасуында ықшамдалу 
заңдылығының ізі анық көрініп тұратын жағдайлармен бірге, аңғарылмайтын жағдайлар да 
бары анық. Өйткені тілге көне замандардан бері қарай әсер етіп, түрлі өзгерістер енгізген 
бұл заңдылықтың әсерінен болған өзгерістердің қазір бәрін толық дәлелдеп беруі мүмкін 
емес құбылыстар да өте мол. Әрине, тілдегі болған өзгерістердің бәрін ықшамдалу 
заңдылығының әсері деуге болмайтыны түсінікті. 
Мақал-мәтел құрамында кейбір сөздер грамматикалық категориядан басқа 
грмматикалық категорияға ауысуына байланысты өздерінің синтаксистік функциясын 
өзгертіп отырады. Сонымен қатар мақал-мәтел құрамында кейбір сөйлем мүшелері тіпті 
айтылмай түсіп қалады да, олардың мағынасын жанында тұрған сөздер ұғындырады. 
Мұндайды тіл білімінде эллипсистік құбылыс деп айтады. Бұл мақал-мәтел құрамындағы 
сөйлем мүшелерінің бірі болмаса бірін түсіріп айту риторикалық қызмет атқарады. Ол 
сөздер контекспен тығыз байланысты болғандықтан ғана түсінікті бола алады.
Қазақ мақал-мәтелдеріне ұшырайтын ықшамдалу құбылысы екі түрлі тәсіл арқылы 
жасалады. 
1.
Сөздердің субстантивтену тәсілі; 
2.
Мақал-мәтелдердің құрамына кейбір сөздердің айтылмауы;
Мақал-мәтелдердің құрамында кейбір сөздердің субстантивтенуіне байланысты бір 
сөз өзінің грамматикалық қызметін ауыстырады. Заттың сапасын түсіндіретін кейбір сөз 
таптарына жататын (атап айтқанда, сын есім, есімше, сан есім т.б.) сөздер, айтылатын 
ұғымды ойды қысқа, ықшамды етіп айқын түсіндіру керек болған кезде зат есімдік 
мағынаға ие болып, яғни зат есімнің қызметіне ауысады. 
Субстантивтенген сөздер мақал-мәтел құрамыгнда жиі ұшырасуымен қатар олардың 
жұмасалуында да біраз ерекшеліктерінің барлығы байқалады. Кейде субстантивтенген 
сөздер синтсаксистік қызметі жағынан анықтауыштың да функциясын атқаруы мүмкін. 
Ондай жағдайда зат есімнен болған сөйлем мүшесі түсіп қалады да, анықтап тұрған сөз 
соның мағынасын толық меңгеріп, тиісті морфологиялық тұлғада тұрып анықтауыш 
қызметін атқара алады. Арзанның сорпасы татымас дегендегі «арзанның» деген сөз табы 
жағынан сын есім болса, синтаксистік қызметі жағынан «сорпасы» деген сөзге анықтауыш 
болып тұр. Бірақ, арзанның-деген сөз «арзан малды», «арзан етті» деген сөз тізбектерінің 
орнына жұмсалады [3, б.42]. 
а) Мақал-мәтел құрамында келетін кейбір жеке сөздің өзі ғана субстантивтенуі 
мүскін. Мұндай жағдайда ол сөзге ешбір сөйлем мүшесі қатысты болмайды. 
б) Бірнеше есім сөздер өзара тіркесуі арқылы немесе есім-етістік тұлғалы сөздер 
есімше формалы сөзге тіркесуі арқылы күрделі субстантивтенген сөздер жасай алады. 
в) Субстантивтенген сөздің алдында анықтайтын сөз тұруы да мүмкін. Мұндай 
жағдайда, субстантивтенген сөз есім сөздерден жасалып отырады. 


159 
г) Субстантивтенген сөз изафеттік тіркесте келсе, онда оның екінші сыңары, яғни 
анықталатын сөздері; сын есім, сан есім, есімше, есімдік сөздерден бол са, ол сөздер 
әрқашан субстантивтенеді. 
Субстантивтенген сөздерді синтаксистік қызметіне қарай мынадай тұрғыдан 
қарастыруға болады. 
1.
Субстантивтеліп бастауыш болатын сөздер. Мұндай қызметті мақал-мәтел ішінде 
көбіне сын есім мен есімше тұлғалы сөздер атқарады. Мақал-мәтел құрамында бастауыш 
болатын зат есімнен болған сөз түсіп қалады да оның функциясын сол сөздің алдында 
тұрған сөз атқаратын болады. Қазақ мақал-мәтелдерінде субстантивтеніп бастауыш 
қызметін атқаратын сөздер жиі ұшырасады. 
2. Субстантивтенген сөз толықтауыш қызметін атқарады. Мұндай сөздер тура 
жанама толықтауыштардың орнын басады. Жақсымен сөйлессең, ашыларсың; Жақсыдан 
үйрен, жаманнан жирен-дегендегі субстантивтенген сөздерге септік жалғаулары (іліктен 
басқасы) жалғанып, толықтауыш қызметін атқарып тұр. 
3. Ілік септігімен тәуелдік жалғауының тіркесі арқылы жасалған сөздердің алғашқы 
сыңары субстантивтеніп тұрып та анықтауыш қызметін атқара алады: Көзі жоқ, құлағы 
саудың ақылы толады, Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады. 
Мұндағы анықтауыш қызметін атқарып тұрған субстантивтенген сөздер формальды 
жағынан анықтауыш қызметін атқарғаны болмаса шын мәнінде бұрын айтқанымыздай 
мұндай изафеттік құрылыста келетін сөздердің анықтайтын қанаты мен анықтамайтын 
қанаты бірігіп бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. 
Мақал-мәтел құрамынан кейбір сөйлем мүшелерінің түсіп қалуы, көбіне, олардың 
мағыналық жағына байланысты болады. Мақал-мәтел құрамында айтылмай түсіп қалатын 
сөздердің мағынасы басқа компоненттердің семантикалық табиғатына байланысты 
айқындалып отырады. Сондықтан, кейбір сөздердің айтылмай түсіп қалуы мақал-мәтелдің 
ықшам жасалуына себепші болады [4, б.29]. 
Бастауыш болатын сөздер мақал-мәтел құрамында әрқашан бола бермей кейде олар 
жасырын, түсіп қалып та айтылады. Мақал-мәтел құрамында бастауыш мынадай жағдайда 
айтылмай, түсіп қалады.
а) Салаласа құрмаласқан сөйлемді мақал-мәтелдердің әрбір қанатында бір сөз 
қайталанып келіп баяндауыш қызметін атқарады. Осындай бір сөйлемде бірнеше 
қайталанып келетін баяндауыштар салалас сөйлемді мақалдың алғашқы қанатында 
айтылмай, соңғысында тұрып та жасала береді. Асыл тастан (шығады), Ақыл тастан 
шығады. 
ә) Мақал-мәтелдерде кейде етістіктен болған дара баяндауыш түсіп қалады. Бұл 
құбылыс бір немесе екі қанатты мақал-мәтелде кездесе береді. Мыңнан тұлпар шығады, 
жүзден жүйрік шығады деген мысалдарда айтылмай түсіп қалып тұрған баяндауыштардың 
мағынасын контекстегі басқа сөздердің жалпы ұғымы арқылы түсінуге болады.
б) Ой екпіні мақал-мәтел құрамындағы ең соңғы есім сөзге де түседі де, ол есім сөз 
өзінен соң келетін етістіктен болған баяндауышты қажет етпей, баяндауыштың мағынасын 
өзінің морфологиялық тұлғасы арқылы білдіреді. Мысалы: Ақыл жастан шығады, асыл 
тастан шығады дегеннің баяндауышын түсіріп айтуға себепші болып тұрған, сол сөздің 
алдындағы шығыс септігінде тұрған есім сөз. Әдетте, шығыс септігінде тұрған есім сөз 
өзінен соң келетін етістік сөздің мағынасын толық бере алады. Сондықтан Мыңнан тұлпар, 
жүзден жүйрік дегендегі тастан, жастан, мыңнан, жүзден деген шығыс септігінде тұрған 
сөздер істің, қимылдың, бағытын білдіру мақсатында айтылып тұрғандықтан, оларға ой 
екпіні түсіп, олардан соң келетін етістіктен болған баяндауышты айтқызбай тұр. 
Сондай-ақ мақал-мәтел құрамында барыс, жатыс септік жалғаулары жалғанған есім 
сөздерден соң келетін етістік сөз көп жағдайда айтылмац түсіп қалады. Өйткені барыс, 
жатыс септік жалғауларында тұрған сөздер мезгіл, бағыт білдіру сияқты сипат қабылдайды.
б) Тұрлаулы мүшелер айтылмай, тек тұрлаусыз мүшелер арқылы құралатын мақал-
мәтелдер де ұшырайды. Бастауыш пен баяндауыштың бірдей түсіп қалып айтылуы, әсіресе, 


160 
мақал-мәтелге тән сипат. Бірақ бастауышы мен баяндауышы жоқ, яғни тұрлаусыз мүшесіз 
сөйлемдер синтаксистік жағынан да ерекше көрінеді.
в) Ілік септігінде тұрған жіктеу есімдігі айтылмай түсіп қалады. Оның мағынасы 
изафеттік құбылыста тұрған тәуелдік жалғауы жалғанған сөз білдіреді. Бұл жалпы тілдерге 
тән заңдылық. Сондықтан анықтауыш қызметін атқаратын мұндай сөздердің түсіп қалу 
тәсілін тек мақал-мәтелге ғана тән қасиет деуге болмайды. Бірақ бұл құбылыс мақал-мәтел 
құрамында жиі ұшырайды. Сонымен ықшамдалу яғни эллипсис дәл мағынасында 
сөйлегенде немесе жазғанда түсінуге нұқсан келтірмейтін сөздерді тастап кету деген 
мағынаны білдіреді [1, б.78].
Екі жолды мақал-мәтелдердің бір жолын түсіріп айтуға байланысты пайда болған 
инварианттар: Атадан ұл туса игі еді, Ата жолын қуса игі еді - Атадан ұл туса игі деген. 
Мына Тәкежан, Ысқақ, Шұбарға алғысымды айтамын. (М.Әуезов. «Абай жолы»); Тұяғы 
бүтін тұлпар жоқ, Қанаты бүтін сұңқар жоқ - Тұяғы бүтін тұлпар жоқ деген. Кемшіліксіз 
пенде бар ма бұл жалғанда (М.Мағауин. «Қияндағы қыстау»);
Елу жылда ел жаңа, 
Жүз жылда қазан - Елу жылда ел жаңа деген. Бүгінгі өмірді кешегімізбен салыстыруға бола 
ма? (М.Байғұтов «Шахмат»). 
Қосалқы компоненттермен кеңейтілген инварианттар. Өшкен жанбайды, Өткен 
оралмайды - Өшкен жанбайды, жанса – басқа от, өткен оралмайды, оралса – басқа сәт; Құл 
жиылып бас болмас, Құм жиылып тас болмас – Құл жиылып бас болар, біріктіретін құдайы 
болса, құм жиылып тас болар, кіріктіретін ылайы болса; Жиен ел болмас, Желке ас болмас 
– Жиен неге ел болмасын, малды болса, Желке неге ас болмасын, майлы болса. Бірнеше 
мақал-мәтелдің тоғысуынан, жымдаса қабысуынан туған инварианттар: Сақалын сатқан 
кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. Күріш арқасында күрмек су ішер – Масыл болып, 
сақалымды сатып, күріш арасына шыққан күрмек секілді болмайын; Қара арғымақ 
қартайса, Қарға адым жер мұң болар. Баба бүркіт барлап ұшар, Бала бүркіт парлап ұшар – 
Қара арғымақ қартайып, қарға адым жер мұң болған екен десем, баба бүркіттей барлап 
ұшып жүрген тәрізің бар ғой. 
Мұндай стильдік инварианттардың бұдан басқа да түрлері болуы ықтимал. Олардың 
жасалуында белгілі бір шаблон, траферет немесе заңдылық жоқ. Солай бола тұрса да, 
дәстүрлі тұрақтылыққа ие, әбден қалыптасқан мақал-мәтелдердің өзгеріп, инварианттық 
жағдайда қолдануында өзіне тән ерекшеліктің байқалатынын көреміз. Мақал-мәтелдің 
барлық жағдайда басын қосып, оның номинативтік қалпын сақтауға негіз, дәнекер болып 
отырған мағына-мазмұн тұтастығы, логикалық тұжырыммен қабысып келетіні баршаға 
мәлім, таныс, етене образ, өмір ситуациясы, ортақ тәжірибе. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Сатенова С.Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік табиғаты. 
А.1997 
2.
Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. 
Алматы, 2015
3.
Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. Алматы, 
1991.
4.
Сәдуақасов Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер. Алматы, 1996. 


161 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет