«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ӘДЕБИ ТІЛ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет47/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

ӘДЕБИ ТІЛ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Мустахимов Д. 
 білім алушы, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, 
Қызылорда қ., Қазақстан 
 
Тіл – ұлт тағдыры. Бұл құндылықтың халық үшін орналасқан орны қаншалақты 
жоғары болса, соншалықты ел мәребесі көтерілмек. Әлемдік аренада болсын, өз 
шаңырағында болсын, тілге деген құрмет ел деңгейін көрсетеді. Өз тілімізде сөйлеп, «мен 
қазақпын» - деп айта білу, әлемге мақтанышпен жар салу – үлкен бақыт. Сол бақытты 
қадірлеу – біздің борышымыз. Сексен жылға жуық осы ұлтымыз бодандықта жүріп, басқа 
тілде шүлдірлеп, бөтен тілде ойлануға дағдыланды. «Балаға қай тілде тәрбие берсең, түбі 
сол ұлтқа қызмет етеді» - деген Мұстафа Шоқайдың сөзі бар екен. Осы сөздің дәлелі шығар, 
басқа тілде сөйлеп, басқа мемлекеттің идеологиясын пір тұтқан кездер де орын алды. Сол 
заманда-ақ, ұлт тағдырын ойлаған ұлтжанды тұлғалар осы мәселелерді қолға алды. Алаш 
қайраткерлері тілдің тұғырын нығайту мақсатында қазақ тілінде газет-журналдар шығарды. 
Ахмет Байтұрсынұлы тілден туындаған сауалдарға жауап тапты. «Қазақ» газетінің есімі де 
үлкен мән берді, ұлттың кім екенін ұмыттырмас үшін қазақтықты ұрандады. Міржақып 
Дулатұлы «Оян қазақ» - атты кітап жазыпты. Жүсіпбек Аймауытов психология саласы 
туралы еңбектер жазып, ең алғашқы психологиялық роман – «Ақбілекті» шығарды. Мағжан 
Жұмабаев «Педагогика» - атты еңбекті жазды. Осы еңбектердің бәрі қазақ тілінде 
шығарылды. Әрбір қазақ білім алып, өз тілінде тәрбиеленді. Осы ерліктің ең алғашқы 
қадамын тұлғаларымыз баспағанда, шымылдырық ашылмай қалар да еді. 1910 жылдан 


146 
бастап Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жаза бастады. Басқа 
да түркі тілдер қолданатын араб таңбаларын енгізді. Қазақ дыбысы жоқ таңбаларды 
әліппеден шығарып жібереді. Одан басқа «Тіл-құрал», «Оқу құралы», «Әдебиет 
танытқыш», т.б. еңбектерін жариялап, оқу-ағарту ісіне көп күшін жұмсаған екен. Осы 
тұлғалар басқа ұлттың әдебиеттегі еңбектері қазақ тіліне аударып, халыққа түсінікті ойды 
жеткізді. [1] 
Тілін ұмытпаған халық тарихын да ұлықтап, келер ұрпаққа қилы заманның 
төңірегінде жүріп-ақ дәріптеген екен. Қаншама жылдардан кейін қазақ ұлты өз егемендігін 
алады. Әрине, мақтан тұтарлық жетістіктеріміз аз емес. Алайда болашаққа қарай білу біздің 
міндетіміз болып саналады. Енді қараңыз, тәуелсіз ел атанғанымызға отыз жылдан асты, ал 
ұлттық құндылықтардың қазіргі дәрежесі қай орында? Бабамыз аялап қорғаған тіліміз біз 
үшін қандай мәртебеде? Мәселелері бар, шешіліп жатқан жолы өте көп. Бірақ өкініштісі, 
әлі күнге дейін сөз қуалап жүрміз. Әлі күнге дейін әдеби тіл мен қазіргі қазақ тілінде 
кездесетін мәселердің жауабын тауып, нүктесін қоя алмай келеміз. Мәселелерді шешуден 
бұрын ең алдымен қоғамға назар аударайық. Қоғам өз тілін құрметтей алады ма? Әрине, 
қоғамның көп мөлшері ана тілінде сөйлейді және бұл жақсы жетістік. Ұлттың тілі 
ұмытылмады. Алайда әлеуметтік желілерде болсын, құжаттарда, я болмаса сабақтағы 
тапсырмаларда орфографиялық қателіктер өте көп орын алады. Бұл халықтың басым 
көпшілігінің орфографияға мән бермейтіндігінде. Қазақша сөздердің кейбірінің қалай 
жазылатынын да білмейтін тұлғалар бар екен. Онымен қоса жастар арасында жаргон сөздер 
пайда болған, әрі бұл сөздер уақы өткен сайын жаңарып отырады. Екі сөздің бірінде орысша 
сөз қосатын қазақ енді жаргонға көшіпті. Тіпті орысша сөйлей алмай, тілің бұрмаланып 
жатса оған күлетін қоғам табылады. Тіпті кейбір сатиралық қойылымдарда орысша сөйлеп 
қиналғанын көрсетіп, көрермендерді күлдіртетін де бар екен. Демек бұл дегеніміз, қазақ 
тілінің орыс тіліне қарағанда сый-сыяпатының аздығы. Мұндай деңгейге қалай жеттік және 
мұндай мәселеден қалай құтыламыз? Көптеген шешімдері бар: 
1. Тәрбие. Әр қазақстандық ел болашағы үшін, мүддесі үшін өзіне есеп беріп, өзіне 
ант беріп, тек қазақ тілінде сөйлеуге дағдыланса, сол дағдысын өзінің қоғамына 
насихаттаса, қазақ тіліне деген құрмет арта түсер еді; 
2. Контент мәселесі. Қазақ тілінде контенттер көбейсе, яғни әлеуметтік желіде 
болсын, медиа болсын, қазақ тілінде тұсауын кессе? Жаңа дүние ойлап тауып, халықты 
қазақ тіліндегі жобамен қызықтырса, соған көңіл бөлінсе қазақ халқы басқа тілдерге 
қызықпас еді; 
3. Таптаурын. Қоғам өзегінде тәкаппарлыққа леп беріп тұрған таптаурындарды алып 
тастап, қазақ тілінде сөйлеуді мақтаныш етсек? Әрбір қазақ өз ұлтының ұлылығын танитын 
еді. 
4. Ғылым. Әрбір қазақ ғылым-білімге қызығып, әр саланың сферасын танып, ілім 
алса? Ұлтына адал қызмет қылса, қазақ тілінің мәртебесі жоғарылар еді. 
5. Тарих. Әр қазақ тарихи еңбектермен танысса, не үшін қазақ тілін көркейтіп, елге 
қызмет етуге борышты екенін түсінер еді. Кез келген жерде қазақтың тарихы мен 
тұлғаларының есімдерін танып, оларға құрмет көрсетсек, бізді басқалары да құрметтейді. 
[2] 
Міне, осы ұсыныстарға мән беріп қарауымыз қажет. Алайда тіл мәселесі осымен 
біткен жоқ. Енді ғылыми көзқараста талқылап қарайық. Қазақстан лингвистика 
салаларындағы зерттеу барысында көптеген мәселелер алға шығып отыр. Оның бірден бір 
мәселесі – тұжырымның көп болуы. Біздің тілдегі қателіктер мен дұрыс жазудағы 
проблемаларда нақты жауап жоқ, тек болжам арқылы ғана қысқа қайыру. Бір ғалым дұрыс-
бұрысын анықтаса, оны жоққа шығаратын екінші бір ғалым пайда болады. Бұл тек тіл емес, 
тарих саласында да орын алатын жайт. Бұның пайда болу себебі – зерттеу барысындағы 
көптеген теріс стратегиялардың қолданылуы. Ал теріс стратегиялар Лингвистика 
саласындағы орталық ұғым мәселелерінің шешілмей қалуына байланысты пайда болады. 
Осы себепті әдеби іл мен қазақ тілінің мәселелері толықтай шешілген жоқ. Әртүрлі 


147 
зертеуші тіл ұғымын әртүрлі түсінеді. Сондықтан өз тұжырымын алға шығарады. Басты 
проблема осында, біз мәселені ортақ шеше алмаймыз, себебі ортақ мәселені таба 
алмаудамыз. Тағы бір мәселе – әдеби тіл мен қазіргі қазақ тілінің болашағы. Яғни, қазақ 
тіліндегі кейбір ережелер өзгертілуі мүмкін бе, себебі уақыт өте келе зерттеушілер жаңа 
заңдылықтар табуда. Қазіргі біздің қолданып жүрген кейбір сөздеріміз қолданылмауы 
керек болып өзгеруі ықтимал. Мысалға, «туылған» сөзі ырықсыз етістің жасалуы жолына 
байланысты мағынасын құртып алған, сол себепті «туған» деген сөзді ғана қолдану қажет, 
я болмаса «таң қалу» деген сөз жоқ, «таңғалу» ғана бар деген секілді. Алайда халық 
арасында осы сөздер әлі күнге дейін қолданыста. Сондықтан ауыз екі тілде бұл сөздердің 
жойылуы мүмкін емес. Мәселе осында, әлі күнге дейін қай сөздің бар, қай сөздің жоқтығын 
түсіне алмай келеміз. Осы секілді қазақ тіліне жаңа сөздіктер енгізілуі мүмкін. Яғни, 
арабизм сөздер секілді, орыс тілінен енген сөздер секілді, жаңа кірме сөздер сөздігімізді 
жаңартуы мүмкін. Алайда ол сөздер енгенімен, халық жақсы қабылдап, оны үнемі қолдануы 
өте қиын мәселе. Қоғам наразылығын тудыруы мүмкін. [3] 
Біздің басты мақсатымыз не? Біздің мақсатымыз – қазақ халқын бүкіл әлемге текті 
ұлт ретінде танып, құндылықтарымызды болашаққа аманат ету. Ал тіл – құндылықтың 
ішіндегі ең маңыздысы, әрі тірегі. Сондықтан тілін құрметтеген ұлт өзін құрметтеген болып 
есептеледі. Осы орайда барлық сала бойынша алға шығып, өз тілімізді әлемдік аренадан 
көргіміз келсе, бүгіннен бастап әр қазаққа қазақша тәрбие беруге міндеттіміз. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
«Қазақ тілінің өзекті мәселелері» (1998) Әбдуәли Қайдар 
2.
«Тіл тағылымы» (1922) Ахмет Байтұрсынұлы 
3.
«Тіл білімі терминдерінің сөздігі» Ғ. Қалиев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет