Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет106/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
әсерінен жіберілген жаман қылықтарға жаза ретінде береді. Сонымен бірге, ¤ 
Жалғыздық құдайға жарасар, көпсөзділік құранға жарасар

¤ Жалғыздың жоғы 
жоғалса табылмайды, көптің жоғы жоғалса табылады, ¤ Көп дауыс қосылса, 
жалғыз дауысты жоқ қылады-дейді. 
Жалғыздық – жалғыз (адам), жалғыз ұл, ал көп – рулы (ел), қауым, ұйым, 
одақ ұғымында келеді. Қазак халқында жанұядағы ұлдың болуы міндетті және 
халқымыз балажан, басқа ұлт өкілдеріне қарағанда ата-бабаларымызда ерте-
ден бала саны кем дегенде төртеу-бесеу болған, ал көбі оннан артық болған. 
Оны дана халқымыздың ¤
Алты ұл туған ананы-ханым десе болады, кезек 
сыйласқан ағайынды-жаным десе болады 
деп көп балалы ананы дәріптеп, 
қошеметтегенінен көруге болады. Көп балалы болу ең біріншіден, ұлттық қадір-
қасиетімізді, салт-дәстүрімізді, тіліміз бен ділімізді жалғастырушы ұрпақтың
ұлттың әрі қарай дамып, өсіп-өнуі, өркендеп үрім-бұтағын жайып қазақ халқы 
санының статистикалық жағынан кемімей өсуі. Екіншіден, адам психологи-
ясына, тәлім-тәрбиесіне жалғыздықтың тигізер әсері. Яғни адамның мінез-
құлығының қалыптасуы. Жалғыз бала тек өзіне ғана көңіл бөлінгендіктен, 
біріншіден, ерке, тәкәппар, өзімшіл (эгоизм), тіл табыса алмаушылық өзгеге 
деген қамқорлық, көмек, жәрдем беруге тырыспайды. Әрине айтылған мінез-
құлық барлық жалғыз балаларға тән емес, себебі ата-ана, қоғамнан алған, көрген 
тәлім – тәрбиеге байланысты баланың адами қасиеттері қалыптасады. Яғни он-
дай балалар көп балалы жанұяда да кездесуі мүмкін. Дегенмен, өкінішке орай 
көп жағдайда жалғыз тәрбиеленген балаларда кездеседі. Сол себепті дүниенің 
паремиологиялық бейнесінде ¤ 
Жалғыз бала – жарты бақыт, алты бала – ал
-
тын уақыт, ¤ Жалғыз ағашты жағу қиын, жалғыз баланы бағу қиын, ¤ Жалғыз 
түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық, ¤ Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыз 
қыздың мұңы шықпас, ¤ Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастайды, 
жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды. ¤ Жалғыз тері тон бол
-
мас, жалғыздың сөзі оң болмас. ¤ Жалғыз бала атқа шапса, шешесі бұтын, әкесі 
тақын қысады 
т.б. мақал-мәтелдер арқылы беріледі.
Өмір сүру, тіршілік ету қажеттілігі адамдарды ру, тайпа, ауыл, ел, халық болып 
қауымдасып, белгілі бір географиялық кеңестікті, табиғи ортаны меңгеруге алып 
келді десек, қазақ этносының бастан кешкен тарихи-жаугершілік заманаларын, 
күнделікті тұрмыс-тіршілігінің тынысын, өмірлік пәлсафалық ұстанымдарын 
бейнелейтін 
¤ Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас, ¤ Жалғыз ба
-
тыр жауға жоқ, жалғыз жігіт дауға жоқ, ¤ Жалғыз кісі жауынгер емес, ¤ 
Жалғыз иттің үргені білінбес, жалғыз кісінің жүргені білінбес, ¤ Қанша жуан 
болса да, жалғыз ағаш үй болмас, қанша жақсы болса да, жалғыз жігіт би бол
-
мас, ¤ Жалғыз жігіт қол болмас, бос ыдыстың түбі мықты болмас, ¤ Жалғыз 
шала сәуле болмас, жалғыз шырақ тәубе болмас, ¤ Жалғыз ғана жаратқанның 
жолдасы жоқ, ¤ Жалғыз ағаш орман болмас, жалғыз кірпіш қорған болмас, ¤ 
Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпес, ¤ Жалғыз ағаш пана бол
-
мас, жалғыз бие саба болмас, ¤ Денің сау болса, жарлымын деме. Жолдасың 
көп болса, жалғызбын деме,¤ Аспанда күн жалғыз, жерде ғұн жалғыз, ¤ 
114




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет