Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Есбалаева Р., Алтыбаева Ж. «Қилы заман» повесіндегі кейіпкерлер әлемі



Pdf көрінісі
бет143/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Есбалаева Р., Алтыбаева Ж. «Қилы заман» повесіндегі кейіпкерлер әлемі
жарлықтың мағынасын, артын, түкпірін ойлап машақаттанған жоқ. Өзінің де 
бұл жарлық туралы толық естіп тұрған осы жер ғана болса да, шімірігіп сес-
кенген жоқ. Бұндағы жалғыз мазасыздық болса, ол – қазір мына тізіліп отырған 
болыстар алдында, артында тікшиіп қадалып тұрған ұлықтарының алдында, 
сүрінбей, қабынбай, тілмаштық міндетін жақсы атқарып шығудың ғана қамы 
болды. Ішінен арнаулы мұрат, мақсат сияқты тілегені де сол” [2, 232 б.]. Мұнда 
Оспанның ірі шенді адамдар алдында өзін тек жақсы жағынан ғана көрсетпек 
ойының сиқы байқалады. Сонымен бірге, шығармадағы ауыл ақсақалдарының 
диалогынан Оспанның характері одан әрі ашыла түседі. – “Қара ешкіге жан 
қайғы, қасапшыға мал қайғы”. Өртеніп жатқан ел мынау, әлі де мал дүниеге көзі 
тоймай, ойдан-қырдан сыпырылып-сиырып жатқан Оспан анау ма? Сөйтпесе 
Оспан тілмаш бола ма? – деп, Серікбай күрсініп қойды. ... – Оспан Албан ба-
ласы ма екен? Ол арам сирақ. Ол елден шыққан жат боп кеткен. Ол Албанның 
аруағынан садаға кетсін. – Бір Оспаннан басқа шаруа ойлаған тірі жан жоқ. 
Жұрттың бәрінің де егіні-тегіні пісіп тұр. Бірақ ешкім қыбыр еткен жоқ, – деді 
Баймағамбет” [2, 278 б.]. Осы тұста Оспанның мал мен өз қамын ойлайтын 
арамза тілмаш бейнесін автор анық көрсеткен. Автор сөз бояуларын оқиғаға 
орай, кейіпкерлерінің күйіне қарай таңдап қолдана білген: “Осындай-осындай 
әр жерде жатқан өліктің барлығы да Оспанның танитын адамдарының өлігі бо-
лып шықты. ...Өз көңілдерінде “шейітпіз, ақпыз, ел тілегінің жолына шалынған 
еркек тоқтымыз” – деп өлген жандар. Ой, жүрек батырлары, тегіс намыс құлы. 
Осылардың жанынан жемтік жағалаған тілмаш өтті. Өлгендердің аруағына 
ақырғы жаза, ақырғы мазақ осы сияқты болды. Татар саудагерлерінің арбасына 
мініп, мыналарды қырып салған ұлықтың артымен сүмеңдеп кетіп бара жатқан 
– Албан баласы, білімі бар оқыған қазақ. ...Құр, бетін сипап бата қылған болды 
да, әрқайсысына тамашалағандай қарай-қарай өте берді. ...Алаңдамай, бөгелмей 
Жаркентке қарай тарта берді” [2, 364 б.]. Осындағы сөз өрнектері Оспанның 
адамгершіліктен айырылған, ары, жаны таза емес, бойындағы арам өзімшілдік, 
надандығы көрінеді. 
Қарқара қасіретінің отын үрлеп қозғаушылардың бірі – Жебірбаев. “... Прис-
тав тілмашы Жебірбаев ұлығы мен екеуіне түскен малдан үш жүз қой, елу 
қараны кешегі күні жемтік жағалаған қарғадай айналасынан шықпай жүрген 
туысқандарымен өз елінің жайласуына қарай жүргізген болатын. Бұлар саудагерді, 
елді, болыс, биді жолдан тайған кедей-кепшік; момын қалашыны, – барлығын 
да атасының асындай оратын. Сондайлық күлге аунатып жеген күлді-көмештің 
алды кешегі кеткен мал еді. Енді бүгін жаңа екпінмен құдайдай сиынған прис-
тавына сеніп, елдің май қалтасына тағы да сұғанақ қолды сұқпақ болып, базар 
ортасындағы Ақжелке кеңсесіне тағы келіп еді. ...Оқығаны сол өнер сияқты Тала-
бы атаған мұратына жетіп еді. Жәрмеңкеден аз бұрын жолдас болса да, Ақжелке 
бұның бойындағы асылын ұғып, өзіне керек мөлшерге шейін жақындатып, жем 
сырына араластырып алған . ... – Ұлық тілмаштың күлімсіреп жорғалай қарап 
тұрған пішінін біраз оқығандай болып бағып тұрып, аяғында тым-тырыстан соң 
153




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет