Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Есбалаева Р., Алтыбаева Ж. «Қилы заман» повесіндегі кейіпкерлер әлемі



Pdf көрінісі
бет145/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Есбалаева Р., Алтыбаева Ж. «Қилы заман» повесіндегі кейіпкерлер әлемі
детальдарды да тегін алмайды. Олар кейіпкердің мінез-қылығын ашуға 
көмектеседі. Табиғатты автор ел тұрғындарының сол уақыттағы көңіл-күйіне, 
жан толғанысына, қуаныш-қылығына, басына түскен үлкен қатерге, ашу-
ызасына орай бейнелеп көрсетеді. Жазушы табиғатты жиі сөйлете отырып, 
кейіпкерлердің жан-толғанысын тереңдете түседі. “Иірілген ұзын кең өлкеде 
шұбатыла отырған кең ауыл. Бұл – Дөңгелек саз. Серікбай ауылдарының жай-
лауы, екі жақтағы биік-биік қырқа-қырқаның астында да осы сияқты көп-көп, 
тарам-тарам өлкелер, қуыс-қуыс, қойын-қойын сияқты. ...Шырғанақты биігінің 
қатпар-қатпар қолтығына Албан өрлеу, құлай келіп сіңген еді. 
Ең жоғарғы орынды алып, қарағайлы төске шейін өрлеп келіп қонған – 
Серікбай ауылы. ...Кей биіктің жота-жотасынан етегіне қарай құлай біткен 
қарағай – қазақтың иегіне шыққан қара бұйра шоқша сақал сияқты. Маңайдағы 
биік таулардан кешкі көлеңке созылып түсіп, өлке бойын аламыштап, көлеңкелі, 
сәулелі қылып құйылып тұр” [2, 270 б.]. Жазушы ауылға табиғаттың көлеңке 
тұсының түсіруі арқылы алдағы болатын оқиғадан хабар беретіндігін байқатады. 
Тағы бір мысал: “...Алдыңғы таулар көлденең созылған жақын белдер 
қарағайсыз, жалаңаш. ...Су жолы жіңішке жалаңдай ұзынынан созылып, кей 
жерінде ғана аз-аз иірілгендей барлығы да биік, тік кезеңнің етегінен басына 
шейін шұбатылады. Түйілген арасындағы ежелгі суық ажымдай. ...Ауылдың 
желкесіндегі кәрі қарағайдың кейбірі қурағандай бүрсіз. Көпшілігінің 
көк жамылғысы бар көлеңкелі, саялы” [2, 270 б.]. Табиғатты бейнелеудегі 
“қарағайсыз, жалаңаш”, “суық ажымдай”, “қурағандай бүрсіз” деген детальдар 
сол кездегі елдің жай-күйінен хабар беріп тұрғандай жазушы шебер суреттеген. 
Қаламгер шығарманың тақырыбын да “Қилы заман” деп қоюының астарында 
үлкен әлеуметтік, ұлттық мән жатыр. М. Әуезов сол кездегі мәселелерді тура 
мағынасында айтпай, шығарманың өрбу барысында кейіпкерлердің психология-
сына, іс-әрекеттеріне, көңіл-күйлеріне лайықтап образды толықтырып, автор сол 
мезетте диалог, баяндауларды дер кезінде кіріктіру арқылы көрсетеді. Әлеуметтік 
мәселелер бүкіл шығарманың болмысымен астасып жатады. 
М.Әуезовтың “Қилы заман” повесі қаламгер туындыларының алғашқы 
кезеңіндегі сәтті шыққан шығармаларының бірі деп айта аламыз. Повесть 
тақырыптық, мазмұндық, идеалық, көркемдік жағынан қазақ әдебиеті тарихы-
нан кең орын алатын ірі туынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет