Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет41/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
ғасырға тереңдегенін – үлкен ерлік, керемет данышпандық деп санаймыз. Ал 
сол ерлікті жасауға, сол даналықты танытуға Б.Кенжебаевқа қандай рухани күш 
медеу болды? Кенжебаевтың кемеңгерлігіне негіз болған қайнардың бірі қайда 
жатты? Ол жайында ардақты ұстаздың талантты шәкірттері көп жазып, көп ай-
тып жүр. Біздің қосарымыз: Б.Кенжебаев өзінің ұстаздық, ғалымдық жолында 
алаш арыстары көтерілген парасат биігінен түспеді. Біле білсек, Б.Кенжебаев 
1925 жылы Мәскеуде алаштың ұлы ақыны Мағжанның алдынан дәріс тыңдады. 
Сол уақытта Мағжанның лекциялары арқылы әдеби талғамын қалыптастырды, 
өзінің Абай шығармашылығы туралы тұңғыш ғылыми еңбегін ұлы ұстазының 
жетекшілігімен жазды. Сонда алған тәрбие, әдеби мұраға қатысты қалыптасқан 
көзқарас оны өмір бойы жетеледі. Өз кезегінде профессор Б.Кенжебаев алаш 
аманатына адалдығын танытып, ардың туын жықпады. 
Б.Кенжебаевтың дарынды шәкірті Н.Келімбетов ұстазы берген тапсырманы 
абыроймен орындай білді. Сөйтіп, алаш арыстарының аманатын сақтап, оны 
ХХІ ғасыр ұрпағына, тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарына үзбей жеткізді. «Маған 
қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі бойынша оқулық жаз деген тапсырма берді» деп 
еске алады ардақты ұстазын Н.Келімбетов. Кезінде Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы 
алаш қайраткерлеріне өздері үлгі болып әр пәндерден оқулықтар жазғызғандарын 
тарихтан жақсы білеміз. Оқулық – ұрпақты тәрбиелеудегі, оған білім берудегі 
ұстаздың басты құралының бірі екендігін жақсы түсінген Б.Кенжебаев қазақ 
әдебиетінің көне дәуірі бойынша оқулықты дайындауды көп шәкірттерінің 
ішінен таңдап Н.Келімбетовке сеніп тапсырды.
«Тарих – біздің бабамыз. Әдебиет тарихы – көркем өнердің асыл арна-
сы. Ата-бабалардан қалған асыл қазынасы. Әр халық та өзінің баба тарихы-
мен, көне мәдениет үлгілерімен мақтанатын болса керек. Сондай, мұрасына 
мойынсұнар көне мәдениет үлгісі мол халықтың бірі – көне түркі халқы. Бізде 
бір жаман әдет бар. Қазақ әдебиеті – жас әдебиет деуге құмармыз. Солай деуге 
бейім тұрамыз. Әдебиеттің жастығы, әдебиет тарихының кенжелігі мақтаныш 
болмаса керек. Шын мақтанатын қасиет сонда, егерде халқымыздың руха-
ни мәдениеті тым тереңде жатқан болса, оны қазып, аршып алып, дәлелдеп, 
бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге қызмет еткізе білсек» [1, 
49 б.]. Б.Кенжебаевтың осы ұстанымы – оның өмірлік мұратын айқындады
әдеби мұраны танудағы көзқарасын белгіледі. Ғалымның осындай дана ойлары 
шәкірттеріне шамшырақтай түзу бағытты көрсетіп тұрды. 
Н.Келімбетовтің есімін ғылыми ортаға таныстырған алғашқы үлкен зерттеуі 
– ақын Шәді Жәңгірұлы жайында жазылған еңбегі. Жас ғалым 1973 жылы 
«Ақын Шәді Жәңгіров және оның әдеби мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық 
диссертация қорғайды. Бұл күрделі тақырыпқа Н.Келімбетов кездейсоқ бар-
мады. Сол заманда ғылыми жұмыс жазғанда нәтижеге жеңіл жетудің жолдары 
көп болатын. Соның ішінде таңдаған тақырып қоғам тынысына, идеологиялық 
саясатқа қайшы келмесе, ғылыми жұмыстың тез бітуіне, сәтті қорғалуына жол 
жылдам ашылатын еді. Көбінесе кеңестік социалистік реализм әдісін алға тар-
тып, әдебиеттегі өндіріс адамының бейнесі, ауылшаруашылық жетістіктері 
48




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет