Кемеңгер Қ. Түркі жұртымен бірге мәңгі жасайды 47
Қ.Р. КЕМЕҢГЕР ТҮРКІ ЖҰРТЫМЕН БІРГЕ МӘҢГІ ЖАСАЙДЫ Үстіміздегі жылы түркі жұртының біртуар перзенті, ғұлама ғалым, көрнекті
қаламгер, ардақты ұстаз Немат Келімбетовтің жетпіс бес жылдық мерейтой-
ын түркі әлемі, соның ішінде туған Отаны – Қазақ елі кең атап өтіп жатыр.
Заманымыздың заңғар тұлғасының туған күніне арналған мерейтойлық іс-
шаралар халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар түрінде
ұйымдастырылып, шығармалары кітап болып жарық көруде. Туындылары шет
тілдеріне аударылып, қазақ сөзін, қазақ ғылымын әлемге танытып жатыр. Артын-
да өлмес мұра қалдырған аяулы жанның өнегелі өмірі деректі фильмдерге арқау
болып, ғылыми және шығармашылық бай мұрасы ғалымдардың зерттеулеріне,
журналистердің мақалаларына өзек болуда. Келімбетовтің екінші, мәңгі өмірі
осылай басталды.
Немат Келімбетовтің кеңістігін шағын мақалаға сыйғызу қаншалықты қиын
болса, оның артында қалған рухани мұрасын түгел бағалау соншалықты күрделі
де. Дегенмен, біздің мақсатымыз – бай рухани қазынасының ішінен түркі
дүниесіне қымбат ойларын сүзіп алу, сол арқылы зерделі ғалымның кемеңгерлігін
тағы бір мойындау болып табылады.
«Адамды заман билемек» деп дана Абай айтқандай, Н.Келімбетов – өз
заманының перзенті, соның жақсысын ала білген, жаманына күйіне түскен
өкілі. Әдебиетке, шығыс шайырларының ескі мұраларына аңсары ерте ауған
Н.Келімбетов мектеп бітіргенде Кеңес үкіметінде Хрущевтің жылымық дәуірі
басталды. Кеңестер Одағы коммунистік партиясының әйгілі ХХ съезінен
кейін тарихи мұраға деген көзқарас өзгеріп, жазықсыз жазаланған жазушылар,
қайраткерлер ақтала бастады. Бұл жағдай азаматтық сана-сезімі қалыптасып
жатқан Немат сынды жас жігітке, оның замандастарына ерекше әсер етті. Олар
ендігі заманда қуғын-сүргіннің дәуірі өтті, енді еркін ойлап, еркін тақырыпты
жазуға, зерттеуге болады деп сенді. Н.Келімбетов қолына қалам ұстаған елуінші
жылдардың соңында қоғамдық жағдай жазушыға тақырып таңдауға, зерттеушіге
шығарма мазмұнын еркіне қарай талдауға сәл де болса мүмкіндік берді. Тура осы
кезеңде ұлт ұстазы Бейсекең, профессор Бейсембай Кенжебаев қазақ рухания-
тында төңкеріс жасаған әдебиет тарихын жаңаша зерттеу мектебін қалыптастыра
бастады.
Біз бүгін кеңестік дәуірдің көлеңкелі жақтарын көрсетсек те, күнгей тұстарын
атасақ та, бір жайтты ескеруіміз керек. Өткен өмірдің бәрі тарих болып санала-
ды. Ал тарихтан саналы адам тағылым алады. Профессор Б.Кенжебаевтың сол
қиын-қыстау кезеңде алған бетінен қайтпай, қазақ халқының әдебиетін зерттеуде
жаңа концепцияны ұсынғанын, дәуірлеу мәселесінде тың идея көтергенін, оны
дәлелдеп шыққанын, соның нәтижесінде бүгінде әдебиетіміздің тарихы отыз