Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Кемеңгер Қ. Түркі жұртымен бірге мәңгі жасайды



Pdf көрінісі
бет42/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Кемеңгер Қ. Түркі жұртымен бірге мәңгі жасайды
секілді тақырыптарды арқау еткен ақын-жазушылар, солардың шығармаларын 
айналдырған зерттеушілер биліктің оң бағасын алып, зор марапатталып жатты. 
Н.Келімбетов те көп замандастары секілді ауырдың үстімен, жеңілдің астымен 
солай істеуіне болатын еді. Алайда қиындықтан қайтпайтын қайсар мінезді жас 
ізденуші тың дүниеге жол салып, «кертартпа», «ескішіл», «діншіл» саналатын 
Шәді Жәңгірұлының шығармашылығын өз зерттеуіне арқау етті. 
Ғалымның Шәді ақын туындыларын зерттеуге баруының бірнеше себебі бар. 
Біріншіден, бұл тақырыпты оған аяулы ұстазы Б.Кенжебаев ұсынды. ХХ ғасыр 
басындағы қазақ әдебиетін жетік меңгерген, осы дәуір бойынша оқулық жазған 
Б.Кенжебаев қай ақынның, қай жазушының шығармаларын зерттеу қажеттілігін, 
оны зерттеудің қаншалықты мүмкіндігі барын (саяси-идеологиялық тұрғыдан) 
тамаша білетін. Екіншіден, Шәді білім алған Орта Азиядағы ең әйгілі жоғарғы 
оқу орны – Көкелташ медресесін Немат Келімбетовтің әкесі бітірген. Бұл 
болашақ ғалымға Шәді мұрасына зер салуға себеп болған бір нышанның бірі 
деп санаймыз. «Кезінде әкем Бұхарадағы Көкелташ медресесін бітірген екен. Ол 
араб, парсы және шағатай тілдерін жетік білетін. Үйімізде араб әрпімен жазылған 
қисса-дастандар көп болатын» [2, 25 б.], – деп ілтипатпен еске алады әкесін 
Н.Келімбетов. Үшіншіден, Шәді мен Немат – бір өңірдің, қасиетті Оңтүстіктің 
тумалары. Н.Келімбетовтің ақын өлеңдерін бала күннен жақсы білгені, ол 
шығармалардағы басты идея мен негізгі ой Нематтың аңсар-арманымен, ұлт 
тағдырына, оның құндылықтарына қатысты көзқарастарымен бір болғандығы 
үлкен әсер етті. Сөйтіп, маңызды тақырыпты ұстазы Б.Кенжебаевпен бірге да-
рынды ізденуші Н.Келімбетов абыроймен алып шығып, қазақ әдебиеттануына 
үлкен олжа салды. 
Қазақтың халық жазушысы, әдебиеттанушы ғалым Ә.Тәжібаев осы зерттеу 
еңбек туралы мынадай пікір білдіреді: «Немат Келімбетов Шәді ақынның өмір 
тарихына және оның әлеуметтік көзқарасына едәуір көңіл бөлген. Біз бірінші 
бөлімді оқи отырып, ақынның балалық шағынан дүние салғанына дейін өмір 
жолын көз алдымыздан өткіземіз. Өйткені біз ХІХ ғасырдың аяғынан бастап 
ХХ ғасырдың алғашқы отыз жылында өмір сүрген, өзге белгілі әдебиетші 
қазақтардың біріне ұқсамайтын қызықты, сөйте тұра әртүрлі себептермен осы 
күнге дейін бүгінгі жұртшылық назарынан сырт ұсталынып келген Жәңгіровпен 
беттесеміз, жақын танысамыз» [2, 70 б.]. 
Ғылыми жұмысын сәтті қорғап, енді соның жемісін көремін, одан да үлкен 
асуларды бағындырамын деген жалындаған отыз бес жасында Немат Келімбетов 
ауыр науқасқа шалдығып, төсек тартып жатып қалады. Адам бойындағы асыл 
қасиеттер сынға түсетін қиын жағдайда ауыр науқастанып қалған жұбайының 
қасында өмірлік жары мен қос балапаны болады. Олар Алладан келген осы-
нау ауыр сынға сабырмен қарап, ақыры ауыр дертті бірлесіп жеңіп шығады. 
Бұл қиямет жылдар Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» автобиографиялық 
повесінің сюжетіне арқау болады. 
Денедегі дертті жеңіп шығып, ғылыми-ағартушылық қызметке оралған 
Н.Келімбетов әуелі қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық 
49




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет