МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО -
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 10
адвентиция. Кілегей қабықтың эпителиінің құрамында
кірпікшелі жəне
секреторлы жасушалары болады. Бұлардың биіктігі əртүрлі, əрі топтасып орналасқан болғандықтан,
түтіктің саңылауы тегіс емес. Түтіктің саңылауына кірпікшелердің есебінен шығып
тұратын «жалынды эпителий» деп аталатын атауы бар. Ет қабығының сыртын
адвентиция қоршайды. Бұл борпылдақ талшықты дəнекер тіні.
Ен қосалқысы – денесі
ұрықты шығаратын түтікшелердің қабырғасындағы сияқты қабықтармен қоршалған.
Ішкі
кілегейлі қабығының эпителиі
екі қатарлы жасушалардан тұрады. Олардың:
апикальді полюсінде қозғалмайтын стереоцилиялары,
призмалы жасушалар жəне
базальді немесе
қыстырма камбиалді жасушалары мен меншікті пластинкасы болады. Етті жəне
адвентициалды қабықтары сəйкесінше тегіс салалы ет жасушаларымен
борпылдақ талшықты дəнекер тінінен тұрады. Ен қосалқысының эпителиі сперма
сұйықтығын сұйылтатын секрет бөледі де, сперматозоидтардың түтікше бойымен
жылжуын қамтамасыз етеді.
Ұрық шығару өзегі – қабырғасы қуысты мүшелерге (түтікшелерге) тəн
қабықтардан түзіледі. Онда да
кілегейлі, бұлшық етті жəне
адвентициальді қабықтары
болады. Кілегейлі қабығының эпителиі екі қатарлы жасушалардан тұрады. Оған
кірпікшелі жəне
қыстырма жасушалар жатады. Өзіндік пластинкасы – борпылдақ
талшықты дəнекер тіні. Бұлшық етті қабығы бойлық, ішкісі мен сыртқысынан, сонымен
қоса ортаңғы айналмалы (циркулярлы) қабаттардан тұрады. Адвентиция қабығы – БТДТ.
Ұрық көпіршіктері ұрық шығару жолына келіп, зəр шығару түтігінің басталар жерінің
арасында ұрық шашу өзегіне ұласады. Оның құрылысы да ұрық шығару түтікшелердің
құрылысына ұқсас, бірақ, қабырғасындағы бұлшық етті қабығы жұқалау болады.
Васкуляризациясы. Бездің артериясы тік ішек пен қуықтан келген артерияның
тармақтары болып саналады. Ал, венозды жүйесі болса, бұл да көптеген анастомоз
түзетін қуық пен қуық асты безінің венозды байламдарынан түзілген.
Иннервациясы. Бездің
нерв
талшықтары безге қан тамырларымен қоса
келеді.
Бұлардың
құрамындағы
симпатикалық
жəне
парасимпатикалық
талшықтары
бездің
паренхимасында
көптеген сезімтал нерв өрімдеріне айналады.