МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
12
көбейеді, ал ашық түстісі белсенді түрде жаңаланып, бөлініп отырады. Көбейіп,
жаңаланған сайын бұлар топтар түзіп, бір-бірімен байланысып тізбек түзеді. Көбінесе
цитоплазмалық
өсінділерімен де байланысады, олар бұдан əрі бөлінбей
бірінші реттік
сперматоциттерге
айналады (өсу кезеңі). Осы өсу кезеңінде сперматогонийлердің
көлемі ұлғайып,
мейоздың редукциональді бірінші
реттік бөліну
кезеңіне ауысады.
Профаза – алғашқы бөліну өте ұсақ 5 сатыдан тұрады: лептотен, пахитен, диплотен,
диакинез . Бұдан кейін іле – шала
пісіп – жетілу
сатысының
екінші реттік бөлінуі
басталады. Бұл қалыпты митоз жолымен өтеді (хромосоманың редупликациясынсыз).
Осының нəтижесінде сперматогонияның құрамында гаплоидты, хромосомасы бар, 4-
сперматиді пайда болады. Бұдан əрі сперматидтер бөлінбей,
пісіп- жетіліп
сперматозоидтарға айналады. Бұл сперматогенездің төртінші
түрлену
сатысы болып
табылады.
Сперматидтер
дөңгелек
пішінді
ірі,
ядролары
бар,
тіректік
(сустентоциттердің) жасушалардың цитоплазмасына бекінген. Бірітіндеп ядролары
тығыздалып
сперматидтер
сперматозоидтарға
айналады.
Алғашқы
кезде
сперматидтердің ядросының маңына митохондриялар мен Гольджи комплексі жиналып,
тығыздалып
акробласт
түзеді. Кейінірек пайда болған
акробласттың көлемі ұлғайып,
ядросының үстін тақия немесе жарты айшық түрінде қоршайды. Осыдан
акросома
дейтін
құрылым пайда болады. Сперматидтің центросомасы екі центриольдан тұрады да,
бірітіндеп жасушаның қарама- қарсы полюстарына жылжиды.
Проксимальді центриолі ядроның маңында орналасса, ал дистальдісі екіге
бөлінеді. Мұның алдыңғы бөлігінен сперматозоидтың құйрығы түзілсе, ал
қалған бөлігі
сақина
түрінде
сперматозоидтың
байланыстырушы
бөлігін
түзуге
қатысады.
Сперматидтердің даму кезеңінде цитоплазмасы біртіндеп редукцияланып, тек қана
сперматозоидтың басын жіңішке сақина түрінде ғана қоршайды.
Сперматогенез ер адамдарда шамамен 75 тəулік жүреді. Бұл процесс (үрдіс) еннің
иректелген ұрық түтігінің ішінде толқын түрінде жүріп отырады. Сондықтан түтікшенің
немесе өзекшенің əрбір жерінен алынған кесіндіде
сперматогенді эпителий
жасушаларының белгілі бір жиынтығы көрінеді.
Сперматогенді эпителий қабаты зақымдаушы əсерлерге өте сезімтал, əр түрлі
улану (интоксикация), витаминдердің жетімсіздігі (авитаминоз), қоректік заттардың
тапшылығы кезінде жəне басқа жағдайларда, əсіресе ионды сəуле əсер
еткенде
сперматогенез процесі бəсеңдеп,тіпті тоқталып та қалады. Бұл кезде сперматогенді
эпителий жансызданады. Мұндай процестер көптеген ауруларға əкеліп соғады. Дене
қызуының
жоғарылауы,
крипторхизм
(ұрықтың
төмен
түспей
қалуына
),
сперматидтердің зақымдануына душар етеді. Сперматидтер ісініп көбінесе ұрық
түтікшесі ішінде жүзіп, топтасқан «ұрық шарлары» деп аталатын ерекше домалақ тығыз
затқа айналады.
Достарыңызбен бөлісу: