«Әліппесін» ғана қарауды ұсынған болар едім. Онда шамамен 350-400-дей
ғана сөз қамтылған. Солардың 50 шақтысы орыс тілінен және орыс тілі
арқылы еуропа тілдерінен ауысқан
артель, борщ, карта, концерт, лагерь,
монтер, плащ, станция, съезд, телефон, электр, цемент, щетка, ферма
деген сияқты сөздер. Егер бұл сөздерді қазақ тілінің терминдері десек және
анаі-мынау емес, мәдениетті терминдер десек, онда бұлар
әртел, борыш,
қарта, кәнсерт, ләгір, мәнтөр, пылаш, ыстанса, сиез, телепон, електір,
семент, шөтке, перме
деп айтылған және солай деп жазылған болар еді.
Амал не, олай емес. Біздің қазақ тіліндегі
терминдерді мәдениетті
терминдер деп айта алмай отырған себебіміздің бір жағы осы.
Қазақша термин жасауды ұмытқанымызға, міне, 60-70 жылдай уақыт
болыпты. Сонау А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Т.Шонанов
сияқты асыл азаматтарымыз өмірден өткеннен кейінгі кезеңде қазақ
тілінде бірде-бір қазақша термин жасалынып көрмепті. Жалғыз-ақ, жақсы
журналисіміз, тамаша аудармашы, марқум І.Жарылғапов ағамыз ғана 15-20
сөз жасапты да, тілімізге солардың көпшілігін ендіріпті. Басқамыз тырп
етпей жатыппыз. Тіпті «сөз жасаудың ұстаханасы»
болуға тиісті біздің
Ұлттық Ғылым академиясы Тіл білімі институты қызметкерлерінің өзі
осынша уақыт уақыт аралығында бір ғана «сөзжасам» деген жалғыз
терминнен басқа ешқандай термин жасауға талпынбапты да.
Қазірше сөз жасау, термин жасау ғылымымен шындап айналысып
жүрген ешкім жоқ. Анда-санда біреу
бұрын қазақ тілінде орысша
қолданылып жүрген сөздің орнына бұған дейін ешкім естіп көрмеген
қолдан жасалынған немесе ауызекі сөйлеу тілінен алынған жергілікті
сөздердің біреуін балама етіп ұсына қалса (мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: