де айтылмыш мақаладағы айтылған пікірлерді қолдап, бірі:
«нарықтық экономика» деген шын мәнінде жеткізе алмайтынына, тіпті
мағынасын бұрмалап,бұлдыратып жіберетініне көз жеткізу қиын емес. Біз
мақала
авторларының
«рыноктык
экономика»
дегеніне
толық
қосыламыз(Ә.Мейірбекұлы),- деп жазса, екеншісі: «Ұғым
беруде
«нарықтық» сөзінен гөрі «рыноктың» аясы ауқымды, түсінігі терең.
Ендеше, оны қазақ сөзі емес деп жатырқауымыздың жөні жоқ. Сондай-ақ,
«Октябрь» сөзін символикалық ұғым ретінде осы қалпында жазып айтар
болсақ, мәнді әрі мағыналы, естір құлаққа ұғынықты-ақ емес пе? Көпшілік
оқырманның осы тоқтамды қолдайтынына менің еш шүбәм жоқ»
(Т.Тажин), - деген тұжырым жасайды.
Бұл пікірдің жансақтығы, біржақтылығы сонда,
біріншіден, «рынок»
сөзі секілді «нарық» сөзі де қазір халық ұғымында қалыптасып, дәл сондай
ұғым береді. Оның біріне –кең, екіншісіне – тар ұғым беріп отырған
авторлардың өздері. Тілімізде бірнеше ұғымды білдіретін сөздер аз ба?
Олар порымы (формасы) жағынан әртүрлі бола беруі мүмкін. Мән,
мағына, түсінік дегендер сол сөздер беретін ұғымда жатады. Егер біз
саналы түрде белгілі бір сөзге кең ұғым берсек,оның ұғымы кең болады,
оған
тар ұғым берсек, ұғымы тар болады. Бұл мәселеге байланысты
авторлардың пікірі «жансақ, біржақты, сыңаржақ» деп отырған себебіміз
сондықтан. Егер халықтың өзі «рынок» сөзінің бойында бар мән-мағына,
қғым «нарық» сөзінің бойында да бар деп қабылдаған болса, онда
жоғарыдағы сөздердің ұғымына қатысты дау-дамай айтып қажеті не.
Авторлардың одан әрі қарай оқылық: «Рыночная экономиканы»
«нарықтық экономика» деп атаудың ғылымымызды қазақ топырағында,
өзіміздің
ана тілімізде зерттеп, дамыту да, экономика ғылымының
терминдерін ана тілімізде бір жүйеге келтіріп, белгілі бір ізге салуда да
көптеген қолайсыздықтары бар. Айталық, саяси экономикада «рыночная
цена» деген ұғым кездеседі. Қазір алып отырған баламасының үлгісіне
салсақ, біз мұны «нарықтық баға» деп алуға мәжбүрміз. Ал
бұл- ғылыми
ұғым емес».
Бұл айтылғандардың жаңсақ пікірлер емес, сонымен бірге, біріне-бірі
мүлде жаңаспайтын қарама-қайшылықтары да бар. Айталық, қазақша
терминдерсіз экономика ғылымы қазақ
24
топырағында қалай дамымақшы? Немесе, қазақша терминдер болмаса, ол
ғылымды ана тілімізде қалай зерттемекпіз?
Мақала авторлары «Октябрьская революциясы»
деген терминге
байланысты да дәл осындай пікір айтады. Авторлар келтіріп отырған
дәлел-ділел емес. Тіл білетін есі дұрыс қазақ «Слава Октябрю» дегенді
ешқашан «үйдегі былқып ет пісіп жатқан қазанның даңқы арта берсін» деп
ұқпайды. Тіпті болмаса, осы ұғымды «қазан айында болған революцияның
даңқы арта берсін» деп те қабылдауға болады ғой.
Ал шындығына жүгінсек, осы ұранды айтып, қақсап келе жатқанымызға
жетпіс жылдан асты емес пе?! Ендеше, сол жетпіс жылдан бері
«Октябрьдің» даңқы артатын уақыт жеткен сияқты. Өкінішке орай, қазіргі
күнде одан күдерімізді мүлде үзіп, ат құйрығын
кескенімізді көпшілік
қаумының іші сезіп отырған болар деп ойлаймын. Мүмкін, «Октябрьдің
даңқы арта берсін» дегеннен гөрі, әр үйдегі «қазанның даңқы арта берсін»
дегеніміз дұрыс болар.
Достарыңызбен бөлісу: