сынып –
класс,
керік
– жираф,
көйе
– халат,
әнжі
– тампон,
берне
–
функция,
зымыран
– ракета деген сияқты), осы қалай болар екен десең,
«жоқ, көне сөздер бүгінгі күнге лайық емес», - деп, екінші жағына жалт
береді. Сөйтеді де: «Қазақ тілі кедей тіл. Термин жасауға оның лексикалық
қоры жетпейді. Сондықтан, халықаралық терминдердің ішінде жоғарыдай
ұғымдарды білдіретін мынадай-мынадай сөздер бар. Әлгі жасанды
сөздердің орнына соларды алу керек»,
- деп ақыл айтқансып, өз
жыртысымыздан гөрі өзгенің жыртысын жыртады. Оның ақыры жаңадан
жасалған қазақша терминнің (сөздің) басына су құйылуымен аяқталады.
Ең болмаса әлгі «жарамсыз» қазақша терминнің орнына ұсынар басқа
бір жарамды балама сөз болса бір сәрі ғой. Жоқ, балама сөз де жоқ, қуаттау
да жоқ, әйтеуір халықаралық термин тұрғанда қазақша сөздің қажеті
шамалы деген мәңгүрттік пиғылдан басқа еш нәрсе таппайсың.
Бұдан кім ұтты, кім ұтылды? Меңінше, ұтылған жалғыз ғана киелі
нәрсе бар. Ол – қазақ тілі. Мысал керек пе? Мысал жетеді. Тілімізге тым
ерте кезде еніп, ішкі заңдылымызға бейімделіп кеткен
жағырапия,
жандарал, пәлсапа, атбекет, сиаз, кәңкі, тауар, кәлөш, шенеуік, кірәсін,
үрөл
деген сияқт бір топ сөздерді «коммунизмге бара жатырмыз», «орыс
тіліне көшпекпіз»
деген желеулермен қайтадан
география, генерал,
философия, адвокат, съезд, коньки, товар, голош, чиновник, керосин, роль
деп орысшаға түзеп алдық.
Біздің ойымыз айтады: тіл мәдениеттілігін сөз ету үшін, алдымен
тіліміздің ішкі тазалағын, ұлттық негізін түзеп алуымыз керек. Өйткені,
біздің тіліміз еуропаланып кеткен тіл. Әліпбиіміздің құрамында орыстың
қазақ тіліне қажеті шамалы 10-12 әрпі жүр. Халықаралық терминдер деп
аталынып кеткен еуропа тілдерінің 100 мыңнан аса сөздерді тіліміздің
лексикалық құрамынан ойып тұрып орын алған. Осылардың кесірінен
тіліміздің алтын қазығы – үндестік заңы бұзылды.
«Қазақ тілін осылардан аздап болса да да арылтуымыз керек» десек,
бізге
дау айтушылар, тіпті жазғырушылар көптеп табылады. Сондағы
олардың дәлелі: «Біздің тіл – дамыған, жетілген тіл. Ондағы сөздер
айтылуы жағынан да, жазылуы жағынан да әбден қалыптасқан.
Қалыптасқан сөздерге тиіспеу керек», - дейді.
35
Осындай қалыптасқан сөздердің біреуі –
чемодан
. Бұл түп-төркіні
жағынан парсының сөзі. Ол түркі тілдері арқылы бүкіл Шығыс Еуропа
тілдеріне ауысқан. Бір қызығы осы сөз 1978 жылға дейінгі қазақ тілінің
барлық сөздіктерінде
шабадан, шамадан
деген
екі нұсқада қолданылып
келген еді. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін» 1978 жылғы екінші
басылымнан бастап, бұл сөз
чемодан
болып өзгеріп шыға келді.
Бұл не? Орыстану ма, жоқ, тіл мәдениеттілігіне көшкендігіміз бе?
Меніңше, өз тіліміздің дыбысталу заңдылығынан бас тартып, орыс
тілінде қалай айтылып, қалай жазылса, қазақ тілінде де солай айтып, солай
жазуға көшкендігіміздің дәлелі. Нәтижесінде парсының «шамадан» сөзі
түркі тілдері арқылы орыс тіліне емес, керісінше орыс тілі арқылы қазақ
тіліне ауысқан сөз болып шығып отыр.
Егер әр тіл өзінің тілдік ерекшелігін, тазалығын өзі сақтауға тиісті
болса, қазақ тілінің тілдік ерекшелігі мен
оның тазалығын сақтауға кім
міндетті болуға тиісті?
Сөздік құрамымызда жат жұрттық сөздер толып жатыр. Ол жат
сөздер біздің тілдік ерекшелігімізге (үндестік заңына) бағынбай
қолданылады. Сөз саптау үрдісіміз де қазақ тілінің қалыбынан шығып
кетіп, оны түсіну, түсіндіре қою қиындаған. Орысша ойлап,
сөйлемдерімізді орысша құрамыз. Бір сөйлемнің ішінде бірнеше шет
сөздері жүрмесе, басымыз ауыратын дертке шалдыққанбыз.
Биология ғылымында «телу» деген әдіс бар. Алма ағашының діңіне
алмұрт бүршігін телісең, әлгі бүршік өсіп, бұтаққа айналады. Бірер жылдан
кейін ол бұтақ алмұрт жемісін береді. Сол
алма ағашының екінші бір
жеріне алхорының бүршігін телісең, ол бұтақ алхоры жемісін береді.
Мұндай телінген бұтақтар біреу-екеу болмай, бірнешеу болса ше? Онда
діңі және тағы бір-екі бұтағы ғана алма да қалған бұтақтарының бәрі
әртүрлі жеміс беретін құранды ағаш болып шығады. Біздің қазақ тілі де,
егер алдын алмасақ, дәл осындай телінді ағаш болғалы тұр.
Тілдері жоғарыдай будан тілге айналған қазақ азаматтарынан алда-
жалда «бұларың қалай?» деп сұрай қалсаң, «қазақ тілінде ондай
ұғымдарды білдіретін сөздер жоқ» деп жауап береді. Басқа тілдерде ондай
ұғымдарды білдіретін сөздер қалай бар? Оларды
сол халықтарға кімдер
жасап беріп жүр екен ? – деген ойға қаласың.
36
Біз әдетте «ана сөз дұрыс, мына сөз бұрыс», «ана сөз мәдениетті, мына
сөз мәдениетсіз» дегенді жиі айтамыз. Гәп олардың дқрыс-бұрысына
немесе мәдениетті-мәдениетсіздігін анықтауда емес (әрине, бұлардың да
қажеттігі
бар),
гәп
солардың
дұрыс,
мәдениетті
дегендерін
қалыптастыруда. Тілімізде қалыптасып кетсе, бұрыс деген сөздің өзі дұрыс
болып шыға келеді. Мәселен, «
емгер
» (врач) деген сөздің орнына «дәрігер»
сөзінің, «
туылды
» (родился) деген сөздің орнына «туды» сөзінің
қалыптасып кетіп, оларды күні бүгінге дейін түзей алмай әуре болып
жүрген жоқпыз ба?!
Алдын ала айта кетейін,
бұл істе газет-журналдардың, теледидар мен
радионың, баспа редакторларының, әсіресе орта мектеп пен жоғары оқу
орнындарында арналған оқулықтардың рөлі өте зор.
Қысқасығ, тілдік норма, тілдік дәстүр дегендер қатып қалған нәрсе
емес. Кешегі норма бүгінгі күн үшін норма бола бермеуі мүмкін. Олай
болса, өзгермейтін, үзілмейтін жалғыз ғана тін бар. ОЛ – тіл заңдылығы.
Біз тіл заңдылығы мен тілдік норма, тілдік дәстүр дегендерді шатастырып
алып жүрміз. Тіл заңдылығы ешқашан өзгермейді. Ал
тілдік норма мен
тілдік дәстүр заманына қарай өзгере беруі мүмкін. Оларды саралай
білгенге не жетсін.
Достарыңызбен бөлісу: