Терминология: теория және тәжірибе.
Астана, 2001. 41-47 бб.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ
Қазақ тілі заң жүзінде мемлекеттік тіл болып қабылданғалы бергі
уақыт аралығында, әрине, аз жұмыс істелінген жоқ. Алғашқы кезде қазақ
тілін үйрететін мұғалімдер жетіспейтін. Қазір ондай мұғалімдердің саны
жетерлік. Ол кезде мемлекеттік тілді оқытатын оқулықтар мен оқу
құралдары да бағдарламалар да аз болатын. Қазір, құдайға шүкір, олардың
саны да, түрлері де көбейді. Ең бастысы, ана тілімізге – мемлекеттік тілге
деген ілтипат, құрмет артып келеді.
Дегенмен мұның бәрі әлі де аздық етеді. Тіліміздің биік мәртебесін
қағаз жүзінде жариялау бар да, оны осынау тарихи жаңа сапада баянды ету
– және бар. Бұл екеуі бір нәрсе емес. Осы тұрғыдан мемлекеттік тіл қазіргі
күнге өзінің болмыс-бітіміне лайық «өз деңгейінде дамып отыр» деп айта
алмаймыз. Қоғамдық-саяси жұмыстар мен мемлекеттік істер, үлкенді-
кішілі жиындар, ғылыми конференциялар мен семинарлардың көпшілігі
әлі де негізінен орыс тілінде өтеді. Халықаралық келіссөздер де орыс
тілінде жүргізіледі. Оқу-ағарту, білім беру жүйесінде де орыс тілінің рөлі
басымдау.
Басқару аппатарттарында, министрліктерде істейтін шенеуніктердің
біразы мемлекеттік бұл мәселені шындап қолға алмай отыр. Олар қазақ
тілін өздері үйренбейді, оны қоластындағы басқа
99
қызметкерлерінен де талап етпейді. «Мемлекеттік тілді үйрену керек» деп,
ауыздары жай ғана айтады, ал қолдарымен еш нәрсе істемейді.
Мұны тәптіштеп айтып отырған себебіміз: несін жасырамыз,
үлкеніміз бар, кішіміз бар, біздің өз ұлдарымыз бен қыздарымыздың
біразы өз халқының тілінде сөйлемейді, өз халқының мәдениетін,
әдебиетін, салт-дәстүрін сақтай бермейді.
Мемлекетттік тілдің келелі мәселелерінің бірі – терминология
проблемасы. Бұл проблеманы бүгінгі күнгі өмір талабының өзі туғызып
отыр. Өйткені мемлекеттік тіл мен терминология мәселесі – бір-бірімен
тығыз байланыста, бірлікте шешілетін нәрсе.
Терминология мәселесінің маңыздылығы, біріншіден, бүгінгі күннің
терминологиясын дұрыс жасаумен, оның реттілігімен, тұрақтылығымен,
екіншіден, мемлекеттік тілдің ертеңгі күй-жайы мен болашағын
қанағаттандыра алатын ахуалымен өлшенуге тиісті.
Олай болса, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытудың ең басты
жолы – оның ғылыми терминдерін жасау, оларды ретке келтіру, жүйеге
түсіру және оны қолданысқа ендіру.
Бұл сияқты игілікті істі жүзеге асыратын ұйым – Қазақстан
Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология
комиссиясы болуға тиісті еді. Бірақ, амал не, бұл Комиссия Қазақстан
егемендік алғалы бері бұрынғы қарқынан айырылып, бүгіжектеп қалды.
Неге?
Оған жауап бермес бұрын алдымен Қазақстанда мемлекеттік
терминология комиссиясы сонау 1933 жылдан бері жұмыс істеп келе
жатқанын айта кететініміз жөн болар. Осы уақыт аралығында ол аз шаруа
бітірген жоқ. Тіліміздегі осы күнгі қалыптасқан орысша терминдер мен
қазақша терминдердің бәрін сол терминком бекітіп берген десек, мұнымыз
артық айтқандық емес.
Алайда терминком істейтін жұмыс қазір де бастан асады. Әсіресе
еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет болып отырған, қазақ тілін –
мемлекеттік тіл деп жариялаған қазіргі кезеңде мемтерминкомның рөлі
бұрынғыдан да арта түсері сөзсіз.
Көпшілікке белгілі, көп уақытқа дейін қазақ тіліндегі термин жасау
ісінде негізінен екі түрлі бағыт ұсталынып келеді. Оның біріншісі, яғни
бастысы – даяр тұрған орыс тілі терминдері мен халықаралық терминдерді
тікелей қабылдау, екіншісі – қазақ тілінің
100
өз қорын кәдеге жарату.
Жасыратыны жоқ, қазақ тілі терминдерін жасауда бұл екі
ұстанымның біріншісі ылғи басым түсіп келді де, «қазақ тілінің сөздік
қорын сарқа пайдалану» деген екінші ұстаным жай әншейін ұран үшін
айтала
салынатын.
Соның
нәтижесі
болуы
керек,
мәртебелі
ғалымдарымыздың айтуынша, қазақ тіліндегі терминдердің 70-80 пайызы
орыс тілі арқылы келген, орыс тілінің заңына бағынған халықаралық
сөздер құрайтын болып шықты. Бұл, әрине, қазақ тіліне деген сол кездегі
солақай саясаттың салдары екендігін көпшілік қауым түсінетін болар.
Қазір қазақ тілінің ұлттық терминдеріне деген саясат басқаша болуы
керек. Егер терминдеріміздің 70-80 пайызы тұрпаты жағынан да, айтылуы-
жазылуы жағынан да бұрынғыдай бөтен, жат сөздер болып келсе, онда
қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуы екіталай.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болуы үшін терминдеріміздің құрамы
сандық қатынасы жағынан жоғарғыға керісінше болуды талап етеді. Яғни
тіліміздегі терминдердің 70-80 пайызы қазақтың төл сөздері болуы керек
те, қалған 20-30 пайызы халықаралық сөздер болуына болады. Бұл 20-30
пайыз бөтен сөздер тіліміздің құрылысын, бірегейлігін бұза алмайды. Ал
бұрынғысынша болған жағдайда тіліміздің тілдік құрамы мен құрылысына
нұқсан келетіндігі сөзсіз. Тіліміз шұбарланып, қалыптасқан өзіндік
ерекшелігінен, ежелден бері келе жатқан байырғы дәстүрінен, дыбысталу
сипатынан айрылып қалары хақ.
Қазақ тілінің терминдерін жасаудың жаңа ұстанымы жоқ емес, әрине,
бар. Бірақ олар тиянақты, тұжырымды емес; бір ізге келмеген. Бір ғалым
бір ұстанымды ұсынады, екіншісі екінші түрлі ұстанымды жақтайды.
Сөйтеді де, әрқайсысы өзінің пікірін қорғауға, дәлелдеуге тырысады.
Нәтижесінде мемлекеттік тілдің терминологиясы ақсап жатады.
Терміншілеріміз ендігі жерде бұлай «ары тарт та бері тартпен» жүре
беруге болмайтындығын түсінуге тиісті ғой деп ойлаймын.
Сондықтан болар, газет-жұрнал беттерінде болсын, жиындарда
болсын «қазақ терминологиясы жасалған жоқ», «қазақ терминологиясы
қалыптаспай жүр» деген сөздерді біз жиі айтамыз. Ал сол «жасалмаған»,
«қалыптаспаған» терминдерді жасап жүрген,
101
қалыптастырып жүрген ғалымдарды, неге екенін қайдам, сирек
ұшыратымыз. Қайта, керісінше, оны сол бұрынғы орысша күйінде
қалдыруға тырысып жүргендердің саны көптеу.
Бізді әсіресе ойландыратын нәрсе – қазақ терминдерінің көбі орыс тілі
арқылы келген, орысша жазылып жүрген шет ел сөздерінен тұратындығы.
Қазақ тілін – мемлекеттік тіл деп жариялап алып, оның терминдерінің 70-
80 пайызы латын, грек, орыс және еуропа тілдерінен келген жат сөздер
болса, онда мұндай тілді мемлекеттік тілі деп марапаттаудың қажеті
шамалы.
Жақында бір қазақ өкілі қазақ тілінен қазақша докторлық диссертация
қорғады.
Сол
диссертацияның
бір
сөйлемін
оқып
берейін:
«Экзистенциональді пресуппозиция авербальді түрде байымдауға
қатысады». Не түсіндіңіздер? Маман мен де түсінген жоқпын. Екінші бір
диссертациядан тағы бір мысал келтіре кетейін: «Сөздің мағыналық
құрамында сигнификативтік және денотативтік мағыналарынан басқа
коннотативтік мағыналары да болуы мүмкін».
Міне, басқа ғылымдарды былай қоя тұрғанда қазақ тіл білімі
терминдерінің қазіргі күй-жайы осындай. Соңғы сөйлемдегі түсініксіз
сөздерді шет тілінің сөздіктерінен қарап едік, денотат (лат.) дегенді –
«заттық» деп, сигнификат (лат) дегенді – «сезімдік» деп аударуға болады
екен. Ендіше жоғарыдағы сөйлемді: «Сөздің мағыналық құрамында
ұғымдық және заттық мағыналарынан басқа сезімдік мағыналары да болуы
мұмкін» десе, қазақша болып шықпас па еді?!
«Мегаполис» газетінде Михаил Сытник: «Қазақтардың ғылыми
термин жасауы мынандай: бір орыс сөзін алады да, оған 2-3 әріптен
тұратын қазақша қосымша қоса салады» деп жазды. Біразымыз оған
ашуландық. Меніңше ашуланбауымыз керек, қайта намыстануымыз керек.
Өйткені солай ететініміз рас қой.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғаннан кейін оның барлық терминдері
болмаса да, 70-80 пайыз терминдерінің қазақша болғаны жөн, – деген
пікірді біз шын мәнінде қолдаймыз және мақұлдаймыз. Алайда ол қазақша
терминдер жеңіл қолды болмай, ғалымдарымыздың ойлануынан,
толғануынан туған, лингвистикалық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан
да жан-жақты тексерілген нағыз қазақ тілінің ғылыми терминдері болуын
талап еткеніміз жөн болар.
Әрине, ғылыми терминдерді жасау оңай дүние емес. Ол үшін
102
термин жасаушы, біріншіден, белгілі бір ғылымды жақсы меңгерген ғалым
болуы керек. Екіншіден, ол адам ұлттық тілдің қыр-сырын, сыр-сипатын,
нормаларын жақсы білуі қажет. Үшіншіден, ол термин жасау жолында көп
жыл еңбек етіп, тер төгуі тәжірибе жинақтауы тиіс. Басқаша айтсақ, әлгі
кісі терминнің не екенін жақсы біліп, терминші ретінде мамандануы керек.
Бізде қалай?
Бізде «ерінбегеннің бәрі етікші» демекші, ерінбегеннің бәрі терминші
болып, алды бір, арты екі-үштен сөздік шығарып тастады. Сондай
сөздіктерге
көз
жүгіртіп
көріңіздерші,
олардың
төлиелерінің
(авторларының) біразы терминге, сөздік жасауға, тіпті тіл біліміне
ешқандай қатысы жоқ, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, үш ұйықтаса
термин түсіне де кірмейтін адамдар. Сондықтан болар, әлгі сөздіктердегі
термин деп берілген сөздердің көбі термин емес, әдеттегі қарапайым
сөздер болып шығады. Термин жасау, терминологиялық сөздіктер шығару
еріккеннің ермегі болмаса, бұл не?!
Терминдерді жасау, оларды қалыптастыру – мемлекеттік іс. Оған
қалай болса, солай, жүрдім-бардым қарауға болмайды. Кейбір
қарындастарымыз: «Терминком мына терминдерді былай деп қабылдап
жіберіпті. Ол маған ұнамайды. Сондықтан мен оны қолданбаймын», –
дегенді жиі айтады.
Сонда қалай болғаны?! Жеке адамдарға ұнамаған екен деп, терминком
бекіткен терминдерді әркім әрқалай қолдана берсе, онда терминкомның
терминкомдық құдіреті қайда қалады?!
Біздіңше, бұлай ойлайтын адамдар қатты қателеседі. Терминком бар
екен, ол белгілі бір терминдерді бекіткен екен, ендеше баршамыздың сол
шешімге бағынғанымыз жөн. Өйткені терминкомның құрамында
терминдердің қыр-сырын, оның ерекшелігін жақсы білетін, белді-белді
мамандар отыр. Олар жүз ойланып, мың толғанып барып, кейде тіпті
қызыл кеңірдек болып, таласып-тартысып жүріп бір шешімге келеді.
Ендіше, «мен оны қолданбаймын» деу – бері айтқанда қазақ тіліне жаны
ашымағандық, ары айтқанда – сыңаржақтық.
Өйткені терминком орысша терминдерді қазақша жасап беру арқылы
бізді бірізділікке жетелейді. Басқа өркениетті халықтарда терминді
мемтерминком бекіткен екен, басқалар оған дауласып,
103
дамайласып жатпайды. Бірден оны жүзеге асыруға кіріседі. Ал бізде
керісінше: Алдымен ұсынысы өтпеген бір ғалымсымақ бекітілген
терминдерге қарсы мақала жазады. Басқалар «ол жөн емес қой» деудің
орнына, «бүл болмаса күл болсын» дегендей, бой таласып үндемей қала
береді.
Ал қарапайым халық болса, әлгілердің қайсысынікі дұрыс екенін
білмей, дал болып екі ортада қалады. Сөйтеді де, әлгі терминді
баяғысынша орысша қолданып, жайбарақат жүре береді. Сөйтіп Абай
атамыз айтқандай «баяғы жартас – бір жартас, қаңқ етер түкті байқамас»
болып шыға келеді.
Осы жерде айтылуға тиісті тағы бір мәселе бар. Ол – жаңа
терминдерді өалыптастырудағы ақпарат құралдарының рөлі.
Ақиқатына жүгінсек жаңа жасалған қазақша терминдер мен жаңа
сөзжасам үлгілерін кәдеге жаратып, қалыптастыратын да, оларды
былықтырып, бей-берекетке түсіретіндер де – ақпарат құралдары: газет-
журналдар, радио және теледидар хабарлары, т.б. Әсіресе біздегі
оқулықтар мен ғылыми еңбектердегі терминдердің қолданысы тіптен сын
көтермейді.
Әдетте теориялық тұрғыдан терминдер «бір тұлғалы, бір мағыналы»
болады
деп
жатамыз.
Бұған
керісінше,
терминдердің
нағыз
көптұлғалылығы мен көпмағыналылығын біз осы оқулықтар мен ғылыми
еңбектерден табамыз. Мұндай ала-құлалықтар жоғарыда айтылғандай
терминком дұрыс бекітпеген терминдер төгерегінде болса бір сәрі ғой.
Жоқ, ондайлар терминком дұрыс бекіткен терминдер жөнінде де солай
болып жатады. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: |