жүктелген міндет, атқаруға тиісті істердің аумағы (Директор өз
функциясын
жақсы атқарып жүр).
Тоқ етерін айтсақ, сөздіктегі
қызмет, функция
сөздері бір-ақ
ұғымды
білдіріп тұр. Ол ұғымның (сөздердің) екі мағынасы бар. Бірі – «жұмыс,
кәсіп, міндет» дегенді, екіншісі – «бір нәрсенің мәні, маңызы, атқаратын
рөлі» дегенді білдіреді. Олай болса, қазақ тіліндегі
қызмет
және
функция
сөздерінің орнына (мейлі олар әдеттегі жалпы халықтық мағынаны
білдірсін, мейлі терминдік мағынаны білдірсін – бәрібір) бір-ақ сөзді, атап
айтқанда «қызмет» сөзін ғана қолдануға әбден болады.
Егер «әрбір ұлт тілінің өз терминдері болуы керек» деген дүние жүзі
тілдеріне ортақ қағиданы
дұрыс деп мойындайтын болсақ, онда «біздің
терминдеріміз» деп қазіргі кезде малданып жүрген қазақ тіліндегі барлық
терминдердің 70-80 пайызы «біздің терминдеріміз» болмай шығады.
Өйткені олардың айтылуы да, жазылуы да қазақша емес – орысша. Орыс
тілінде қалай айтылып, қалай жазылып жүрсе де, ол терминдер қазақ
тілінде де
солай айтылып, солай жызылып жүр. Егер бұл келешекте де
осылай жалғаса берсе, шетел сөздері мен терминдері тілімізде біртіндеп
көбейіп, олар тіліміздің ұлттық (тілдік)
ерекшелігін жегі құрттай жеп,
біртіндеп құртып бітеді. Сөйтіп, қазақ тілі жеке тіл болудан қалады.
Мұндай келеңсіз жағдайды болдырмас үшін, мен мынадай үш түрлі
ұсыныс айтқанды жөн деп білемін.
1. Тіліміздегі терминдер көбейсін, дамысын. Бірақ олар қазақ тілінің
өз заңдылығы негізінде жасалынып, дамитын болсын.
Нақтырақ айтсақ,
қазақ тілінің терминдері қазақша жасалынсын.
Мейлі ол халықаралық терминдер болсын, мейлі орыс сөздері болсын
– бәрібір, тілде бар терминдерді қазақшалаудың жолдары көп. Олар: 1)
Шетел, орыс сөздерінің қазақ тіліндегі баламаларын табу. Мыс.: таможня –
кеден
, надзор –
қадағалау
, солдат –
сарбаз
, т.б. 2) Қазақша баламасы
болмаған жағдайда әлгі сөз қазақшаға сөзбе-сөз аударылатын болсын.
Мыс.: учеб+ник –
оқу+лық
, руко+пись –
қол+жазба
, три+угольник –
үш+бұрыш
, т.б.
2. Орысша, шетелше терминдердің қазақша баламасы болмаған
немесе олар қазақшаға аударылмаған, аударуға
болмаған жағдайда
91
әлгі терминдердің орнына жаңадан қазақша терминдер жасалатын болсын.
Қазақша термин жасаудың жолдары мол: 1) Орысша терминдердің
баламасы ретінде қолдан қазақша сөз жасау. Мыс.:
мәтін
– текст,
сорғы
–
насос,
пайыз
– процент,
мәнбі
– факті, т.б. 2) Бұрыннан бар түбір сөзді
жаңа мағынада қолдану. Мыс.:
жұрнақ
– суффикс,
түбір
– корень (слова),
дабыл
– сигнал, т.б. 3) Бұрыннан бар түбір сөзге қосымша қосу арқылы
жаңа сөз тудыру. Мыс.:
ұш+ақ
– самолет,
жап+қыш
– заслонка,
сап+та+л
– становись, т.б. 4) екі сөзді біріктіру арқылы жаңа термин жасау. Мыс.:
ел+таңба
– герб,
газ+қағар
– противагаз,
оқ+жатар
– магазин (ружей),
т.б. 5) Екі сөзді тіркестіру арқылы күрделі (жаңа) термин туғызу. Мыс.:
ұйқы безі
–
поджелудочная железа,
бөлшек сан
– дробное число,
шала
өткізгіш
– полупроводник, т.б.
3. Егер шет тілінен тікелей термин алуға тура келген жағдайда ол сөз
(термин) қазақ тілінің заңдылығына бағынып, дыбыстық құрамы өзгеріп
барып қолданылатын болсын. Мыс.: артист –
әртіс
, лагерь –
ләгір
,
директор –
деректір
, рельс –
реліс
, термин – термін, т.б.
Міне, осылай етсек қана қазақ тілінің
төл терминдері жасалынып,
олар дұрыс қалыптасады. Қазақ тілі өзіне тән ұлттық табиғатын сақтайды
(жоғалтпайды). Сонда ғана қазақ тілі ғылым тілі ретінде жұмсалына алады.
Сонда ғана қазақ тілі мемлекеттік тіл қызметін атқара алады.
Достарыңызбен бөлісу: