Бұл терминдердің қайсысы жеңсе де әйтеуір қазақтың
делдал
сөзі
жеңбейтініне көзім жететін сияқты. Өйткені бұл секілді терминдерді
көбірек қолданатындар «оқыған», «білімді» азаматтар ғой. Оларға ұлт, ұлт
тілі, халық намысы дегендер мәнді емес. Саудасы жүріп, сатушы мен
сатып алушылардың арасын жалғасытуршы адам табылса болды. Ол
дилер
ме,
маклер
ме,
брокер
ме – бәрібір, әйтеуір қазақтың «аузы сасық»
делдал
сөзі болмаса болғаны.
Кез келген тілдің сөздеріне, терминдеріне екі сипат (белгі) тән
екендігі бешенеден белгілі. Оның біріншісі – тұлғалық сипат, екіншісі –
мағыналық сипат. Тұлғалық сипат – ұлттық, ал мағыналық сипат
халықаралық (интернационалдық). Бұл не деген сөз?
Ұлттық сипат болып табылатын тұлғалық белгі дегеніміз – әрбір
сөздің сол ұлтқа тән сыртқы тұрпаты, дыбыстық құрылымы, сөздегі
дыбыстардың тіркесімділік заңдылығы т.б.
Мысал үшін қазақтың
ұжым
сөзі мен осы сөздің баламасы болып
табылатын орыстың
коллектив
сөзін салыстырып көрелік.
Ұжым
сөзінің
дыбысталуына, ондағы дауысты-дауыссыз дыбыстардың тіркесімінде
қазақ халқына, қазақ тіліне тән сипаттар бар: сөздегі барлық дауыстылар –
жуан дауыстылар, онда жіңішке дауыстылар жоқ (үндестік заңы).
Ұжым
сөзіндегі дыбыстардың орналасуы да қазақ тілі үшін заңды. Онда бір
дауысты, бір дауыссыз дыбыстар алмасып келген (Қазақ тілінің түбір
сөздерінде негізінен екі дауысты дыбыс немесе екі дауыссыз дыбыс қатар
тұрмайды). Ал
коллектив
сөзінде орыс халқына, орыс тіліне тән сипаттар
бар: «К» - жіңішке дыбыс, ол «О» жуан дыбысымен көрші тұр;
коллектив
сөзінде «лл», «кт» сияқты дауыссыз дыбыстар тіркесіп келген; сөз «в»
дыбысына аяқталған (қазақ тілінде сөз ешқашан
Достарыңызбен бөлісу: