ҚАЗАҚ ТЕРМИНДЕРІН ЖАСАУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ЖӘНЕ
ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдетте біз тілдің жаны оның сөйлеуінде деп жатамыз. Ол рас. Кез
келген тілдің жаны – сөйленуінде. Сөйленілетін тіл, қолданысқа түскен тіл
– тірі тіл. Ал сөйленілмейтін тіл, өмірде қолданылмайтын тіл – өлі тіл.
Мемлекеттік тіл деп парасаттап жүрген қазақ тіліміз жөнінде сәл ғана ой
жүгіртіп көрелікші. Ол от басы, ошақ қасында ғана сөйленіледі. Қазақ тілі
мәселесіне арналған осындай мәжілістерде ғана сөйленіледі.
Басқа жердің
бәрінде сөйленетін тіл – орыс тілі. Ендеше, қазақ тілін тірі тіл дегеннен
гөрі шала-жансар тіл деген шындыққа әлдеқайда жақын келеді.
Шала-жансарлықтың тағы бір дәлелі – қазақ тілінің ғылыми
терминдері. Оның 70-80 пайызы орысша, тек 20-30 пайызы ғана қазақша.
Академик Ә.Қайдаровтың мәліметі бойынша қазақ тіліндегі орысша
айтылып, орысша жазылып жүрген халықаралық терминдердің саны жүз
мың екен.
«Неге бұлай» десең, кейбір ғалымсымақтар: «қазақ тілі – кедей тіл»,
«қазақ тілінің байлығы термин жасауға жетпейді» деп дәлелдегісі келеді.
Бұлай деушілер,
біріншіден, қазақ тілін жақсы білмейтіндер, екіншіден,
олар қазақша термин жасап көрмегендер. Қазақ тілін жақсы білмесе, қазақ
тілінде термин жасап көрмесе, қазақ тілінің
бай-кедей екендігін қайдан
біледі?! Оның үстіне тіл бай болу үшін, даму үшін ол тіл тиісті дәрежеде
қолданысқа түсуі керек қой. Өзіміз қолданбай жүріп, «бұл тіл – кедей»
деуіміз біліктілікке жатпайды.
Тіліміздегі әдеттегі сөздерден терминдердің айырмашылығы –
әдеттегі сөздерді халық жасайды, ал терминдерді мамандар жасайды.
Мәселе сол терминдерді жасаушы мамандардың кім екендігінде. Яғни ол
ұят тілінен нәр алған, өз халқын сүйетін, оның намысын қорғайтын, жоғын
жоқтайтын, әдебиетін оқып,
тіліне тұшынатын адам болса, ол ғылыми
терминдерді ұлттық тіл негізінде жасайды. Ал ол орысша оқып, орысша
тәрбиеленсе, орыс
тілінің сөздеріне тұшынып өссе, ол адам қазақ
терминдерін орысша жасайды. Себебі оның білетіні, түсінетіні, жанына
жағатыны – орыс сөздері. Қазіргі кездегі
мамандардың басым көпшілігі
орысша оқып, орысша білім
93
алғандар, орысша тәрбиеленгендер екендігі біз айтпасақ та түсінікті
шығар.
Тіл – жүйелі құбылыс. Ондағы тілдік бірліктердің бәрінде жүйе бар.
Ұлттық тілдің бір саласы болып табылатын терминдерде де жүйеліліктің
болуы міндетті. Бірақ қазақ тілінде кездесетін
адель, гексаэдр, дециль,
изоклина, орт, репер, секанс, терм
тәріздес жүздеген,
мыңдаған
терминдерде жүйе бар деп айту қиын. Өйткені бұл терминдерде қазақ
тіліне тән дыбыстық, үндестік заңдылықтардың біреуі де жоқ. Сондықтан
да бұл сияқты сөздер тіліміздің дыбыстық, құрылымдық сипатын бұзады,
ұлттық тілін үзеді. Сөйтіп оның табиғи тегін өзгертеді. Нәтижесінде қазақ
тілінің ұлттық тіл ретінде өзінен-өзі құрып кетуіне әкеліп соғады.
Бұл терминдердегі жүйелілікке нұқсан келтіріп тұрған нәрсе – бөтен
тілдің бөтен сөздерді,
бөтен дыбыстары, бөтен дыбыстардың бөтен
тіркесімдері. «Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы» деп, Абай атамыз
айтқандай бөтен дыбыстар мен бөтен сөздер тілімізге енсе, олар сөзімізді,
«сөз сарасын» ғана бұзып қоймайды, сонымен бірге тілімізді де, оның
құрылымы мен жүйесін де, әуезділігі мен үндестігін де бұзады. Өйткені тіл
біртұтас бүтін дүние.
Тіл – жанды құбылыс. Сондықтан оның құрамына енген бөтен дыбыс,
бөтен сөз – бөтен дене (антитела) тәрізді. Бөтен дене сау денеге түссе, оны
ауруға ұшыратады. Біздің қазақ тілі – осындай кеселге ұшыраған тіл.
Өзіміздің санасыздығымыздың, сауатсыздығымыздың кесірінен кездескен
бұл дерттен қалайда құтылуымыз керек. Ол үшін, әрине, көп күш, көп
уақыт қажет. Әсіресе керегі – бірлік, бір ауыздылық, түсіністік. Мен қазақ
зиялыларының ішінен мұндай түсіністікті көре алмай жүрмін: аққу –
көкке, шаян – суға тартады, ал арба орнында тұр.
Газет-журнал беттерінің бірінде объекті дегенді –
Достарыңызбен бөлісу: