бұлт, қант,
жент
деген сияқты бір буынды үнділер мен қатаңдардың қатар тұруы).
Үндестік заңы бойынша ұяңдардан кейін – ұяңдар, қатаңдардан кейін –
қатаңдар тұруы шарт. Осы талаптар сақталмаған сөздердің бәрін қазақ
сөздері
120
деу қиын. Дыбыстардың ондай «заңсыз» тіркесімінен құралған сөздер
тіліміздің бірегей құрылымын бұзады; қазақтың бәрін ақын атандарып
жүрген әуезділік жойылады. Сөйтіп, қазақ тілі – тіл болудан қалады.
Өкініштісі сол: Кеңес өкіметі билік құрған 70-80 жыл бойы жұрналшы
Ісләм Жарлығапов ағамыз жасаған
аялдама, балмұздақ, оқырман,
көрермен, тоңазытқыш, саяжай
деген сияқты 10-15 сөзден басқабір де бір
қазақ сөзі жасалмапты. Есесіне осы уақыт аралығында қазақ тіліне жүз
мың орыс және орыс тілі арқылы енген үндіеуропа тілдерінің сөздері
ауысыпты. Ол сөздердің бәрінің айтылуы да, жазылуы да – орысша.
Үндестік заңы деген оларда атымен жоқ. Неге? Әлде сөз жасайтын қазақ
жоқ па? Болмаса мамандар жетіспей ме? (Тағыда «неге» деген сұрақ қоюға
мәжбүрміз!).
Болғанда қандай! Сол 70-80 жыл ішінде тек қазақ тілі мамандығы
бойынша ғана 60-қа жуық докторлық, 600-ге жуық кандидаттық
диссертация қоғалыпты.
Жарайды. Реторикалық сұрақ қйғанды доғара тұрайын да, мәселеге
тікелей көшейін.
Қазақша термин жасау үшін не істеу керек?
Қазақша термин жасау үшін бір-ақ нәрсе керек. Ол – қазақ тілін
дамытуға, жетілдіруге деген ақ ниет пен шынайы намыс қана. Ниет пен
намыс болса, бәрі де болады. Біз қорлық көрсек, сол ниет пен намыстың
жоқтығынан ғана қорлық көріп жүрміз.
Қазақша термин жасау үшін, біріншіден, «мынау халықаралық
термин, оны аударуға, қазақшалауға болмайды» дегенді доғару керек.
Ондай заң еш жерде жазылмаған. Оны шығарып жүргендер – белгілі бір
себептермен қазақша термин жасағысы, жасатқысы келмей жүргендер
ғана. Екіншіден, «халықаралық терминдер әдбен қалыптасып кеткен,
қалыптасқан терминдерді бұзбай-ақ қоялық» деген көлгірсіген сөзге тиым
салған жөн. Күшпен қалыптастырған сөздерді күшпен жоюға болады.
Жаңа үй салу үшін, мықты болса да, ескі үйді бүлдезірмен итеріп тастап
жүрген жоқпыз ба?! Үшіншіден, «уақыты болсын», «толғағы жетсін»,
«пісуі келіссін» деп, ырғалып-жырғалып жүргенді қойып, қазақша термин
жасауға үлкеніміз бар, кішіміз бар, қызметкерлеріміз бар, қызметкер
еместеріміз бар – бәріміз бірден бел шешіп кірісіп кетуіміз керек.
121
Тілші мамандарымыз сөз (термин) жасаудың толып жатқан тәсілдерін
баяғыда-ақ айқындап, нақтылап берген. Егер сөз жасаудың сол 4-5 түрлі
тәсілімен қазақша термин жасалмаса, жасай алмасақ, онда басқа тілдерден
ауысқан сөздердің (терминдердің) дыбысталуын үндестік заңына
бағындырып ала беруімізге болады.
Ешқандай жоғары оқу орындарын бітірмеген, кандидат, доктор деген
атақ-дәрежелері жоқ ата-бабаларымыз орыстың бревносын –
бөрене,
конькиін –
кәңки
, керосинін –
кірәсін
, мохын –
мүк
деп алған еді ғой. Орыс
халқы да түркі тілдерінен ауысқан
қара
сөзін – карий (глаз),
қыр
сөзін –
край,
лай
сөзін – иль,
бүркіт
сөзін – беркут,
батыр
сөзін – богатир деп
алды. Олар күні бүгінге дейін біздің қаншалықты ренжігенімізге
қарамастан, «тіліміздің заңдылығы солай» дегенді сылтау етіп,
Олжасымызды –
Алжас
, Оспанымызды –
Аспан,
Омарымызды –
Амар
,
Отан партиясы дегенді –
Атан
партиясы деп айтып, бетбақтырмай
жүргендерін өздеріңіз көріп жүрсіздер.
Осы тұрғыдан мен: «Қашанға дейін орыс сөздерін орысша қолдана
береміз! Келіңіздер: альманах дегенді –
жыржинақ,
билльярдты –
шаройын,
кабельді –
сымжелі,
конвертті –
хатқалта,
факторды –
мәнбір
деп аталық», – деушілерді қолдаймын. Өйткені бұл сөздердің естілуі
құлаққа әзірше жағымды бола тұрмаса да, олардың жасалуы – қазақша.
Бұл қазақша баламалар алда-жалда ұнай қоймаса, онда орыс сөздерінің
дыбысталуын (айтылуын) өзгертіп,
әлманақ, білиәрт, кәбіл, кәніберт,
пәктір
деп қазақшалап айтатын болайық. Тілімізге жат сөздерді, жат
сөздердегі жат дыбыстар тіркесімін бұзбай қолданамыз деп, тілімізді
бұрап, сол арқылы анамыздың ақ сүтімен бірге бойымызға сіңген ана
тіліміздің құрылым-құрылысын, заңдылығын бұзғанша, осылай ауызекі
сөйлеу тіліндегідей айту әлде қайда ұтымдырақ. Халқымыздың ардақты
ұлдарының бірі – Халел Досмұхамедұлы ағамыз: «Тілге кірген жат сөздер
сіңу үшін, тілге «өзілік» болу үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай
халге келуі керек. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын
бұзады, тілге зиян келтіреді» (Аламан, 1991, 92-б.), – деген жоқ па еді?!
Мен басқа бір мақаламда «француздың
палетот
сөзін орыстар –
пальто,
румындар –
палтон
деп, өзгертіп алыпты. Орыс тіліне бас ұрып,
ол сөзді
пальто
дегенше тіліміздің заңдылығына сай –
пәлте
122
деп алсақ, дұрыс болар еді» деп жазған едім. Осы жерде сол ойымды тағы
да қайталағым келіп тұр. Сондағы мақсатым – «шет жұрттық сөздерді
қабылдаудың осындай да жолы бар» дегенді баса айту. Жалғыз
пальто
сөзін ғана емес, осы типтес кірме сөздердің көпшілігін қазақ тілінің
заңдылығы бойынша айтып, оларды сол күйінде жазсақ, ең дұрысы сол
болған болар еді.
Өкінішке орай, қазірше ешкім олай істеп жүрген жоқ. Керісінше, түркі
тілдерінің
тауар, шабадан
сөздерін орыстар біздерден алып, оларды
товарь, чемодан
деп өзгертіп қабылдағандарында жұмыстары жоқ, біздің
оқыған, білікті деп есептелетін азаматтарымыз: «қазақ сөздері ғылыми
ұғымның мәнін дәл бере алмайды» – деп, білгіштік танытқан да, оларды
(товарь, чемодан) оқулықтар мен сөздіктерге сол күйінде ендіріп жіберген.
Көз жеткізгілеріңіз келе ме? Онда 1-сыныптың «Әліппе» оқулығы мен
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне» (3-басылымы) қарауларыңызға
болады.
Қазір, құдайға шүкір, бірлі-жарым болса да, қазақша термин (сөз)
жасаушылардың саны күннен күнге өсіп келеді. Ондайларды қуана қарсы
алып, келешекке үмітпен қарайсың. Әрине, қазақша жасалған жаңа
сөздердің ішінде тәуірлері де бар, сәтсіздері де ұшырасады. Мәселен,
тәнтану
(анатомия),
жаһандану
(глобализация),
саңлақ
(чемпион),
ұстаным
(принцип),
үрдіс
(тенденция),
зымыран
(ракета),
көзқаман
(нигилист),
лаңкес
(террорист) дегендерді нашар сөздер деуге болмайды.
Ал вакансия дегенді –
нежұмыс,
шофер дегенді –
жолшы
немесе
тізгінші,
режим дегенді –
уәжіб,
услуга дегенді –
ісмет
делік деушілердің
пікірлерімен келісе қою қиын. Өйткені бұл сөздер – тым жасанды сөздер.
Мемтерминком выслуга дегенді –
бейнет,
заслуга дегенді –
зейнет,
заслуженный
дегенді
–
зейнетті
деп
аударуды
ұсынады
(Терминологиялық хабаршы, 2002 ж. №2). Сонда «заслуженный
пенсионер» дегенді
зейнетті зейнеткер
деп жұмбақтаймыз ба? Себебі
бұған дейін пенсия дегенді –
зейнетақы,
пенсионер дегенді –
зейнеткер
деп келген жоқ па едік?!
Қысқасы, тағы да қайталап айтамын, халықаралық термин атағын
жамылып жүрген «орысша терминдерді аудармай, сол күйінде алу»
123
деген пікір қазақ тілінің терминдерін байыту емес, қайта керісінше,
мемлекеттік тіл болып табылатын – қазақ тілінің басына су құю деген сөз;
мемлекеттік тілді жанбай жатып сөндіру (өшіру) деген сөз.
Бұдан басқа қорытынды шығару мүмкін емес. Өйткені теорилық
тұрғыдан алғанда әр халық өз терминдерін өздері жасап алулары керек. Ол
терминдерді өзіміз жасамай біреудің даяр тұрған терминдерін
соламайымен қабылдай берсек, біз қазақ тілін емес, өзіміз терминдерін
қабылдап отырған тілдерді, атап айтсақ, орыс, ағылшын тілдерін
дамытқан, сол тілдердің терминдерін жетілдірген болып табыламыз.
Қорытайық: Егер қазақ тіліндегі ғылыми терминдердің барлық санын
100 пайыз деп алсақ, кешеге дейін оның 20%˗ы ғана қазақша, 80%˗ы
орысша болып келген еді. Егемендігіміздің арқасында бүгінгі күндері
қазақша терминдердің саны 40%˗ға жуықтап қалды. Келешекте (егер
егемендігіміз аман˗есен болса) олардың саны 60%˗дан асады деп үміттеніп
отырмыз.
Ол үшін біздің бәрімізге шығармашылық бейнет, қажымас қайрат,
ерінбес аңбек қажет. Айтпақшы, жоғарыда айтылған ақ ниет пен ұлттық
намысты да естен шығармаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |