ОӘЖ 1.101.9
ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ АДАМ МӘСЕЛЕСІ
Байискакова К.А., аға оқытушы
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Аңдатпа.
Әл-Фараби мұрасы әр уақытта да, қазіргі жаһандану кезеңінде де
өзекті тақырып. Фараби өз дәуәрінде адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның
өзіне ғана байланысты екенін айтып, адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп
отыруға тиіс екенін, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы
жетілетіндігін қарастырған.
Түйінді сөздер:
таным, адам, түйсік, табиғат, құндылық, қасиет.
Әбу Насыр әл-Фараби – дүниежүілік мәдениет пен білімнің Аристотельден
кейінгі «екінші ұстаз» және Шығыстың Аристотелі – атанған данышпан, флософ,
энциклопедист – ғалым, әдебиетші, ақын. Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог,
математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
Толық есімі - Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ ибн
Тархан. Негізі – түрік. Әл-Фараби Түркістан өлкесіндегі Фараб жерінде туылған.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен Әл-
Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз
заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдат, Қорасан, Дамаск,
Каир, т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы
шаһарларында ол өз дәуірінің аса көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергелерімен
танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады[1].
Әл-Фараби түркі тілімен қатар араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік
білген. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз дәуірінің рухани-ғылыми тілі
саналған араб тілінде жазды.
Фарабидің екі жүзге жуық трактаттары белгілі. Ол көне заманның Платон,
Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген
трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылыми
қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен
таныстыруда зор роль атқарды.
54
Фарабидің ”Ақылдың мәні туралы трактат”, ”Данышпандықтың інжу маржаны”,
”Ғылымдардың шығуы”, ”Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, ”Аристотель
еңбектеріне түсіндірме” (“Поэтика”, ”Риторика”, ”Софистика”т.б.) сияқты зерттеулері
оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
Фараби философиясындағы адамның танымдық қабілеті ерекше қойылады.
Оның пікірінше, тек адамға ғана дүниені тану құштарлығы тән, өйткені оның дамуы
ғана ақиқатқа жеткізетін білім жүйесі болып табылады. Сыртқы ортаны, табиғатты
тану, өзін-өзі тану арқылы ғана адам ең жоғарғы құндылыққа айналады. Таным
адамның мәні немесе оның мәнінің бір әрекеті.
Адамның іс-әрекетінің мақсатқа сай жүруінің табиғат пен адам бірлігінде
маңызы зор. Өмір сүретін табиғи заттар мен өздері өмір сүретін табиғи қасиеттер мен
мәндер тығыз адамның түйсігіне, ақыл-ойына әсер етуі арқылы адамда өзін қоршаған
ортаны танып-білуге, ол туралы белгілі бір білім жүйесін қалыптастыру керек екендігін
Әл-Фараби өз ілімдерінде дәлелдеп көрсетеді.
Фарабидің пікірінше, бүгінгі өмір негізінде алсақ, дүние мен адам бірлігі туралы
ой-тұжырымдардың синтезі ғылыми таным үшін өте қажет. Өйткені жалпы әлем
туралы адамның дүниетанымында нақты жүйеленген, тарихилық пен логикалықтың
бірлігі негізінде қалыптасқан білім теория болмаса ғылыми таным да болмас еді[2].
Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке
үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адмдарды өте жоғары бағалаған.
Оның ойынша тәрбиеші адам – „мәңгі нұрдың қызметшісі”. Ол барлық ой мен қимыл
әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған оттың көзі” – деген
Фараби.
Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық
қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына
өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де “сегіз
қырлы, бір сырлы” қай жағынан да болса барша халықтан қош ілгері тұрған кісілер.
Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12 түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр
болған болар еді:
1. Тән ерекше жетілген түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы бейім
болуы;
2. Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;
3. Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы сақтай алатын;
4. Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;
5. Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;
6. Ілім-білімді, оқу-ғылымды жан тәнімен, ұңғыл-шұңғылын ақыл-ой
жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;
7. Қайда жүрсе де өте ұстамды;
8. Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп, шындықты, әділдікті бар ынтасымен
сүйе білу;
9. Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;
10. Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;
11. Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;
12.Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын
байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін
адам;
Осылайша бабамыз Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушіге ортақ 12
қасиетке мән береді де, бұған қосымша жұртты аузына қаратқан даналық, заң мен әдеп-
ғұрыптарға жетістік, іс-әрекеті осыларға сәйкес. Жаратылысында әрбір адамға өз
тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал
55
мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандайда бір адам
қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің
жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында
әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі.
Міне, сондықтан да бір – біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір
сүруіне қажетті нәрселерінің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар
бірлестіктері ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады.
Осындай қауымның барлық мүшелерінің іс – әрекеті жиналып келгенде олардың
әрқайсында өмір сүру үшін және кемелділікке жету үшін керекті нәрсенің бәрін тауып
беріп отырады. Міне, сондықтан да, адамзат индивидтері көбейе түсіп, жер жүзіндегі әр
түрлі мекендерге қоныс тепті, осының нәтижесінде адам қоғамдары пайда болды[3].
Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын
адам жанының қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл
туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ
потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін
болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан
кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты
сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді
де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың
субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ.
Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі
үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет. Өзінің “Ақыл (деген сөздің)
мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект
деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады.
Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады.
Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде
айтылады.
Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген
мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті арқылы
әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай
жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады.
Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика” деген еңбегінің алтыншы
кітабында айтылған. Мұнда Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі
объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі
жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объектідегі әрбір дара нәрседен
алады. Пікірлер мен шарттардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданатыны
немесе қабылданбайтыны ерік істерінің табиғатында болады.
Жанның нақ осы бөлігін Аристотель “Этиканың” алтыншы кітабында интеллект
деп атаған, - дейді Әл-Фараби. Интеллект сөзінің бесінші мағынасы Аристотельдің
“Жан туралы” трактатынан алынады.
Мұнда Аристотель интеллектті төрт түрге бөледі: а) потенциалды; б) актуальды;
в) жүре келе дарыған және г) әрекетшіл интелект.
Потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция
болып табылады. Форма деген ұғым Аристотельде, Әл-Фарабиде мән (сущность) деп
алынады. “Аклбилфил” – “актуальды интеллект”. Бұл мағынаға Аристотельдің
“ойлауды-ойлау” деген ұғымы сай келеді. Мұнда Әл-Фараби ойлау мен болмыстың
ұқсастығы қатынасын дамытады. Таным әрекетіне жеткенге дейін интеллект екі
жағынан потенциалды.
Субъект жағынан интеллект, әлі өзі дамытпаған пайымдау қабілеті ретінде
потенциалды. Объект жағынан, оның потенциалды болатын себебі затқа ой жүгіртуге,
56
оны ақылмен пайымдауға болады, оған мүмкіндік бар. Ақылмен пайымдауға болатын
парықтарды – “интеллекция объектілерін” пайымдау, оларды потенциалдылықтан
нақтылыққа айналдыру арқылы потенциалды интеллект актуалды интеллектке, яғни
шын интеллектке айналады.
Егер
субстанциядан
абстракцияланған
интеллекцияның
пайымдағыш
объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның
актуальды объектілеріне айналады. Субстанциядан абстракцияланудан бұрын бұлар
интеллекцияның потенциалды объектілері болып еді, ал субстанциясынан айрылып,
олар актуальды объектілерге айналды. Актуальды интеллект, бұлар актуальды
пайымдалғыш
болғандықтан
интеллектінің
формалары
болып
табылатын
интеллекцияның пайымдағыш объектілерін пайымдағанда, бұған дейін актуальды деп
саналып келген интеллект жүре келе дарыған интеллектіге айналады. Болмыста
пайымдалғыш парықтар пайда болады. Заттың формалары, ақылмен пайымдалатын
интеллекция объектілері ретінде, тек жан дүниесінде өмір сүреді.
“Жан туралы” трактатының үшінші кітабында Аристотель айтқан әрекетшіл
интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем
байланысы жоқ абстракцияланған форма, - деп түйіндейді Әл-Фараби. Әрекетшіл
интеллект дүниеде бар нәрселердің ішінен алдымен ең жетілгендерін таниды, ал
материалдық формалар әрекетшіл интеллектіде материядан абстракцияланған болып
табылады. Әрекетшіл интеллект материяға өзінің парқында бар қасиетті береді, бірақ
материя оларды түрліше қабылдайды. Әл-Фараби философиясында онтология мен
гносеология өзара байланысты, олардың тамыры бір, олар Мән туралы бірегей іліммен
біріктірілген[4].
Әл-Фараби: “Ақыл-парасат күші-адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен
өнерді ұғынуына және дақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш”
деп көрсетеді.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Жолдауында басшы
адамның басты мақсаты халықтың әл-ауқатының өсуі, -деп көрсетуін Фараби
заманымен арадағы ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі деп айтуға
болады.Бабалар өнегесін жалау қылып, өсиетін басшылыққа алған еліміздің болашағы
әрқашанда зор болсын!
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан ұлттықэнциклопедия 1 том А-Ә, 20-22 бет.
2.
Т.Ғабитов, Ғ.Құрманғалиева Әлемдік философиялық мұра. 4 том.Әл-
Фараби мен Ибн Сина философиясы. Алматы. Жазушы, 2005. -156-157б.
3.
Ғ.Есім Фалсафа тарихы. Оқулық – Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың
білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 2000ж., 27б
4.
Әлеуметтік философия. Хрестоматия. – Алматы. Ғылым. 1996-112б.
Достарыңызбен бөлісу: |