САЯСИ ДИСКУРС - ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ДИСКУРСТЫҢ БІР ТАРМАҒЫ
Абдикаримова А.С.,
2 курс магистранты, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ,
Алматы, Қазақстан, abdikarimovaa@mail.ru
Тірек сөздер:
дискурс, саяси дискурс, саяси лингвистика, зерттеу әдістері,
саяси метафора.
Аңдатпа.
Мақала саяси дискурсты зерттеуге бағытталған. “Дискурс”
ұғымына соның ішінде “саяси дискурсқа” толықтай тоқталып, саяси дискурсқа
тән ерекшеліктер мен сипаттарын айқындау мақаланың басті міндеттерінің бірі
болып табылады. “Саяси тіл” терминінің пайда болуы, белгілі бір деңгейде “саяси
дискурстың” мазмұнын бағытталған ісәрекет негізінде анықтап берді. Лингвистика
мен саясатты синтездеу арқылы, саяси дискурс құбылысын түсіну мен сипатын,
ерекшеліктерін және зерттеу тәсілдерін қарастыруға болады.
Дискурс ұғымын зерттеу, соның ішінде саяси дискурс мәселесін
зерттеу қазіргі тіл білімі ғылымындағы негізгі мәселелердің бірі. Саяси
дискурсты зерттеумен, тіл білімінің жаңа саласы “саяси лингвистика”
немесе “лингвосаясаттану” айналасады. Саяси лингвистика – тіл мен
саясаттың арақанысын зерттейтін лингвистикалық бағыт. Лингвистика
лық пәндердің ішіндегі ең жас бығыттардың бірі. Пәннің нысаны –
саяси қарымқатынас (коммуникация). Саяси коммуникацияның негізгі
қызметі – коммуникативтік ісәрекетті қолдана отырып, саяси билік
үшін күресу: саяси коммуникация билікті бөлуге (сайлау, тағайындау,
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 141 - 150
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
142
қоғамдық пікір тудыру және т.б. жолдар арқылы) және оны қолдануға
(заңдар қабылдау, жарлықтар, қаулылар шығару және т.б.) тікелей
немесе жанама ықпал ете алады. Саяси коммуникация саяси ақиқатты
көрсетеді, онымен бірге өзгеріп, оның қайта құрылуына қатысады. Cаяси
дискурстің қазіргі түрлері мен жанрлары, саяси дискурстің анықталған
түрлері мен жанрларының шығу тегі және эволюциялық мәселелері,
дискурс теориясы аясында саяси дискурс түрлері мен жанрларын
оқыту барысында интеграция мен дифференциация мәселелері
саяси лингвистикада жанжақты қарастырылады. Саяси лингвистика
ғылымының пайда болуы жайында А.П. Чудинов пен Э.В. Будаев сынды
ғалымдардың еңбектерінде кездеседі: “Саяси лингвистиканың пайда
болуы 20 ғасырдағы жағдайлармен тығыз байланысты. Лингвосаясаттану
ғылымының пайда болуына тікелей әсер еткен мәселе – 1 дүниежүзілік
соғыс, соның нәтижесінде адам шығыны өте көп болды. Бұл жағдай
адамзат санасезімін біршама өзгерткен болатын... [1]. Осы тарихи
жағдайдан кейін, авторлардың айтуы бойынша, лингвисттер, сонымен
қатар, басқа да, ғылым саласыны өкілдерінің “айлакер” ерекше тіл, “саяси
тілге” қызығушылығы арта бастады. Саяси дискурсқа тоқталмас бұрын,
“дискурс”, “саясат”, “саяси коммуникация” терминдерін қарастырып
алайық.
Қарымқатынас жағдаятындағы мәтін мазмұнын таныта тын
дискурстың лингвистикалық өлшемі жанжақты. Прагмалингвистикалық
тұрғыдан алғанда дискурс – тілдік қатынасқа қатысушылардың
интерактивті әрекеттерін, ақпараттардың алмасуын, бірбірінің ойлау
деңгейіне ықпал ету, әртүрлі коммуникативтік стратегияларды пайдалану
және олардың вербалды, бейвербалды көрінісін қарымқатынас
тәжірибесінде жүзеге асыру.
Функционалды бағытта қарастыратын болсақ, дискурс қызметіне
талдау жасау талаптары әлеуметтікмәдени мәнмәтін кеңістігіндегі тіл
қызметімен тікелей байланыста зерттеледі.
Дискурстың лингвостилистикалық талдау үдерісінде қарымқатынас
көрсеткішінің күші анықталады, олардың әртекті жанрларындағы
ауызша және жазбаша мәтіннің ара жігі ажыратылады.
Ал құрылымдық лингвистика тұрғысынан алғанда дискурс
формасы мен мазмұны жағынан сөйлемнен кең, мәтінмен тең дәрежеде
анықталады.
Шетел ғалымдарының зерттеулерінде дискурстың лингвистика
лық ұғымы бір жақты емес. Мысалы, П. Серио “дискурс” терминінің 8
мағынасын көрсетеді:
“сөйленім” ұғымының эквиваленті, яғни нақты жүзеге асырылған
сөйленіс;
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 141 - 150
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
143
көлемі жағынан фразадан үлкен бірлік;
жағдаяттар арқылы тыңдаушыға ықпал етілген пікір (мәтін;
сөйленіс, пікір, айтылған ой (прагматика шеңберінде);
әлеуметтік және идеологиялық мазмұнмен шектелген пікір
түрлері, мысалы, феминистік дискурс, әкімшілік дискурс;
мәтіннің қалыптасу шарттарын зерттеуге арналған теориялық
конструкт .
Қазіргі ғылымда дискурс жайында зерттеушілердің бірнеше
анықтамасы кездеседі. Дискурсқа берілген түрлі анықтамалардың ішінде
ең негізгілері ретінде Т.М. Николаева мыналарды көрсетеді:
1. байласымды мәтін,
2. мәтіннің ауызшасөйлеу формасы,
3. диалог,
4. мағыналық жақтан ішінара байланысты айтылым түрлері,
5. ауызша немесе жазбаша сөйлеу туындысы [2. 3436].
Н.Д. Арутюнованың пайымдауынша: “Дискурс – тілден тыс –
прагматикалық, әлеуметтік мәдени, психологиялық факторларды
біріктіретін байласымды мәтін, оқиғалық аспектідегі мәтін, белгілі
мақсатқа бағытталған әлеуметтік әрекет ретінде қаралатын сөйлеу
(сөз). Адамдардың когнитивтік санасында өзара қарымқатынас
механизміне қатысатын компонент. Қазіргі лингвистикада әлеуметтік
мәдени, әлеуметтікэтикалық, дүниетанымдық, прагматикалық,
идеологиялық, этнопсихологиялық, кәсібитоптық, жекедаралық
экстралингвистикалық факторларды қолдану арқылы дискурсқа
анықтама беретін теориялар бар (Н.Д. Арутюнованың ұсынған
дефинициясы). Дискурс ұғымына адамдардың менталды ойлау
дүниесімен байланысты әлеуметтікпсихологиялық сипаттағы
категория ретінде түсінік беру дискурс теориясының тілдің
антропоцентристік парадигмасымен жақын екендігін көрсетеді, себебі
дискурс – сөйлеуші субъектінің мақсаттық коммуникативті әрекеті, тек
дискурсивті әрекет үстінде пайда болатын дүниені көруі және тануы
болып табылады. Сондықтан дискурсты лингвистикалық феномен
ретінде қарастыру арқылы оның пәндікмазмұндық сферасына
автордың жеке тұлғасы, яғни дискурсивті тұлғасы туралы мәселені
енгіземіз. Орыс тіл білімінде Ю.Н. Карауловтың теориясынан кейін
“дискурстық тұлғаның” орнына “тілдік тұлға” ұғымы қарала бастады.
Ю.С. Степанов дискурсқа: “...дискурс дегеніміз “тіл ішіндегі тіл”.
Бірақ ол ерекше әлеуметтік мағлұматтарымен көрінеді. Дискурс
ақиқатында өзінің грамматикасы не сөздік қоры арқылы көрінбейді,
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 141 - 150
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
144
ол бәрінен бұрын және ең бастысы өзіндік грамматикасы, сөздік қоры,
сөз қолданымы, синтаксистік құрылымы – жалпы айтқанда, ерекше
әлемі бар мәтіндерде көрінеді. Қандай да бір дискурстың әлемінде
синонимдік ауыстырулардың, шындықты берудің, этикеттің тәртібі
болады. Бұл логикалықфилософиялық терминнің толық мәнімен
айтқанда: “мүмкін (альтернативті) әлем” [3, 8889].
Дискурс жіктелімін жіті зерттеген ғалымдардың түжырымда
маларын сараптайтын болсақ, В.И. Карасик дискурстың екі
ерекше түрін көрсетеді: персоналды (тұлғалықмақсаттылық)
және
институционалды
(мәртебелікмақсаттылық)
дискурс.
Институционалды дискурс мәртебелірөлдік қатынастар аясында
жүзеге асырылады және қарымқатынасқа қатысушылар мен олардың
мақсаттары сияқты екі негізгі белгісімен ерекшеленеді. Мақаланың
негізгі қарастыратын мәселесі осы институционалды дискурстың бір
тармағы – саяси дискурс. Дискурстың басқа түрлеріне қарағанда саяси
дискурс барлық халықтың мәдениетінде қазіргі кезде кең етек жая
қойған жоқ.
Саясат пен жеке тұлғаның ұстанымын байланыстыратын ғылыми
термин “дискурс” деп аталады. Француз әлеуметтанушысы Пьер
Бурдье: “Дискурс дегеніміз – тиісінше кеңістікте мүмкін болатын
ұстанымдар және осы ұстанымдар бойынша айтылған пікірлер.
Жекелей алғанда, саясаттың дискурсі саясаттың кеңістігін құрады,
ондағы болуы мүмкін ұстанымдарды анықтайды және жоспарланған
ұстанымдарға сәйкес агенттер арасында диспозицияларды бөледі.
Алайда саясаттың дискурсі – зерделенуі мүмкін емес өте ауқымды
дискурстік формация” – деген болатын. Ал, Голланд тілші ғалымы Теон
Ван Дейк: “саяси дискурсты – әлеуметтік ортадағы, нақты айтқанда
саясаттағы жанрдың бір түрі” – деп көрсетеді. Үкіметтегі сараптаулар,
парламент тегі дебаттар, партиялық бағдарламалар, сая саткерлердің
сөздері,т.б. мұның барлығы саясат шеңберіндегі жанрлар. Саяси
дискурс – бұл саясаткерлердің дискурсы. Саяси қатынаста саяси акт
пен саяси орта сақталған кезде ғана дискурс “саяси” болады. Саяси
дискурстың қоғамдағы мақсаты азаматтарды жасалатын ісінің саяси
дұрыстылығына сендіру. Қоғам мүшелерінің саясатқа сенімін арттыра
отырып, ниетін оятып, іске көшуге жаңа бағыттар ұсынылуы арқылы
жүзеге асады. Саяси ортаның сөйлеушісінің сөзі неғұрлым өтімді,
нақты, сенімді болуы қажет.
Қазіргі дискурста әртүрлі лингвомәдениеттегі ерекшеліктер,
идиоэтникалық сипаттар да көрінуі қажет. Мысалы, қазіргі кезеңде
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 141 - 150
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
145
барлық халықтардың мәдениетінде саяси дискурс барынша кең өріс
алуда. Саяси дискурс – билікті одан әрі бекіте түсу және оның бар
екендігін көрсету мақсатындағы ауқымды дискурс. Бұл саланың типтік
жанрларында әрбір халықтың лингвомәдениетіне тән вербалды және
бейвербалды тілдік бірліктер жүзеге асырылады. Саяси дискурс – саяси
санасезімді қалыптастыратын әдіс. Оның мақсаты – азаматтарды
“саяси дұрыс” әрекеттердің немесе бағалаудың қажет екеніне сендіру.
Саяси дискурстың негізгі құралдары – айғақтама мен сендіру. Саяси
дискурсты зерттеген ғалымдар: А.К. Михальская, М.В. Китайгородская,
Н.Н. Розанова, А.Н. Баранов, Е.Г. Казакевич және т.б.
Саяси коммуникацияда саясаткерлердің бұқараға таратылатын
үндеулері мен хабарламаларын жеткізетін негізгі әлеуметтік институт
ретінде бұқаралық ақпарат құралдары саналады. Сондықтан нәтижесінде
объект тек сипатталып қоймастан, талқыланатын әлеуметтік институттар
арасында да диалог құрылады.
Саяси күштердің дискурсы әсіресе, сайлау науқандары кезінде
шарықтау шегіне жететін коммуникативтік қызу саяси күрестерден
анық байқалатыны рас. Сондықтан көптеген зерттеушілер саяси дискурс
зерттеулеріне сайлау науқаны кезінде дайындалып, жарияланған
материалдарды таңдайды.
Саяси дискурсты аударуға тоқталатын болсақ, аудармашы екі тілде
де саяси дискурстың аударылу ерекшеліктерін игеруі қажет. Саяси
дискурсқа қатысты мәтіндерді аудару кәсіби, оқыту, тұрмыстық секілді
аударманың барлық түрлерінде өзекті болып келеді. Саясаткерлердің
сөз сөйлеуінде метафоралық кластерлер жиі кездеседі. Олар аударуда
қиындық тудырады. Когнитивтік ақпарат (сандар, жалқы есімдер,
фактілер) сақталады да, эмоционалдық, экспрессивтік ақпарат жоғалады.
Саяси сыпайы эвфемизмдер мағынасы ең жақын калька арқылы
эвфемизмдермен аударылуы қажет. Өйткені аудармашылар бір тілден
екінші тілге ғана емес, бір мәдениеттен екінші мәдениетке аударады.
Қазіргі кезде саяси сөз сөйлеудің мәнерлілігі артып келе жатыр.
Бұрын мәтіннің “саяси дұрыстығы”, мазмұнның басыңқы идеологияға
сәйкестігі маңызды болған болса, қазір сөз мәнерлілігіне ұмтылу
алдыңғы қатарға шығады және стиль даралығы мен баяндаудың
айқындылығы жоғары бағаланады.
Саяси дискурсты толықтай зерттеу үшін, “саясат” терминінің
мағынасын түсініп алуымыз қажет. Әдетте, “саясат” термині келесі
ұғымдармен анықталады:
• ғылым;
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 141 - 150
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
146
• өнер;
• іскерлік сала;
• әлеуметтік коммуникацияның ерекше түрлері.
Бұл аспектілер мемлекеттің алдына қойған мақсаттарына қол
жеткізу үшін біріктірілген. Бұған дәлел, саясат та, ғылым да мемлекет
мүдделерін жүзеге асырудың жолдарын қарастырады. Бұған қоса,
өнер саласы да мемлекет үшін қызмет атқарады. Ең соңғысы, саясат,
іскерлік сала ретінде, мемлекет ішіндегі билікті жүзеге асырады және
атқарады. Коммуникативтік тәсілді пайдалана отырып, А.Л. Стризое,
саясатқа – “қоғамның әлеуметтік маңызы зор мақсатмүдделерін жүзеге
асыратын әлеуметтік коммуникацияның ерекше түрі”, деген анықтама
береді. Е.И. Шейгал саясаттың дискурсивтік сипатын былай көрсетеді:
“көптеген саяси ісәрекеттертабиғакты жағынан тілдік ісәрекет
болып табылады”. “Саяси дискурсты” қарымқатынас жасау ретінде
түсінген, Е.И. Шейгал “саяси дискурс” және “саяси коммуникация”
ұғымдарын тең мағынада қарастырады. [4]. Электрондық сөздіктерде
“саяси коммуникация” терминіне келесі анықтама беріледі: саяси
субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой
идеялармен, мәліметтермен бөлісу негізіндегі өзара қарымқатынас
үрдісі; “Саяси дискурс – саясиәлеуметтік қарымқатынас саласында
тілді өзекті пайдалану [5]. Саяси дискурсты зерттеуде келесі тәсілдерді
қолданамыз: 1) филологиялық, В.З. Демьянковтың зерттеуі бойынша,
немесе постмодернисттік, оны былай сипаттаймыз кезкелген мәтіннен
айырмашылығы жоқ. Бірақ, бұл тәсіл аудармашының өз әлеміндегі,
саяси және идеологиялық концептілері арқылы жүзеге асырылады;
2) әлеуметтікпсихолингвистикалық – айтушының жасырын және белгілі
саяси мақсаттарының тиімділігін айқындау немесе өлшеу барысында
қолданылады. Психологиялық тәсіл, әлеуметтікпсихолингвистикалық
тәсілдің бір бөлшегі ретінде (В.З. Демьянков бойынша) Д. Джонсон және
Р. Джонсонның еңбектерінде де көрсетілген.Олардың пайымдауынша,
саяси дискурс формальді пікір алмасу (әдетте, қарамақайшы
пікірлермен бөлісу), бұл жерде психология дискурсты конструктивті
тұрғыдан қарастырады, яғни, кезкелген сұрақтың шешімін тауып,
ымыраға келтіретін белгілі бір теория қалыптастырады [6]: 1) жеке
герменевтикалық, белгілі бір жағдайда, дискурс авторының жеке
қасиеттерінің анықталуы барысында қолданылады; 2) айтылымның
әдістемесі мәтінді екіжақты талдауды көздейді, нақты айтқанда,
жағдаяттың аудармасын (интерпретация) мәтін арқылы,ал мәтінді
жағдаят арқылы талдап, сараптайды. Саяси дискурсқа сараптама
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 141 - 150
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
147
жасауда,когнитивті дискурссараптамаға басты мән беріледі [7].
Атап өтілген тәсілдердің барлығы дерлік, мәтінге сараптама
жасауға негізделген. Сонда да, дискурсқа толықтай сараптама жасау
үшін, дискурстың толықтай мағынасын ашатын,жанжақты бағдарлау
тәсілі қажет. Біздің ойымызша, бұл тәсіл саяси дискурсты жеке мәтін
ретінде ғана емес, “саяси дискурстың” келесі ауқымды аспектілерін де
қамтуына көмегін тигізеді:
• дискурстың стилистикалық және фонетикалық жақтары;
• идеологиялық, тарихи, әлеуметтік компонент;
• дискурсты жеткізудің бейвербалды әдісі (ымишара, мимика және
т.б.);
• субъективті (жеке бас) аспектісі;
• бағалау компоненті ( В. З. Демьянков бойынша).
Саяси дискурсты және саясатrануды лингвистикалык зертrеулердiн,
негiзгi салалары БАҚтағы саяси мәтiндердiң, мазмұндьқ жағын
талдаумен байланысты болып келедi. Бұл үшiн арнайы әдiстемелер мен
әдiстер қолданылады. Соның бірі ̶ контентталдау. Соңғы жылдары
мәтіндерді, соның ішінде, саяси мәтіндерді зерттеудің “мағыналық
сараптау” немесе “контентсараптау” аталатын түрі өте жиі қолданыста.
Бұл термин тек белгілі әдіс ретінде танылмастан, сондайақ сол мәтінді
құрастырушының мүддесі немесе адресат тарапынан болуы мүмкін кері
әсерді байқауына қатысты қолданылып, нақты қорытындылар жасауға
мүмкіндік береді. Және де зерттеушінің мәтіндегі белгілі мағынамен
танысуына мүмкіндік беретін тұтас әдіснама ретінде қарастыруға
болады.
Контентталдауды саясаттану зерттеулерінде қолдану бірнеше
тұлғаның бір мәтінді бірдей түсіндіруіне мүмкіндік беретін стандарттық
әдісті әзірлеумен ерекшеленеді, сондайақ өзінің әсеріне емес құжатты
негізге ала отырып, мәтінді қабылдау жайлы гипотезаны ұсынуды
негіздеуге мүмкіндік береді, яғни зерттеушілердің субъективтік үлесі
азая түседі.
Қазiргi саяси дискурста метaфоралар жиi қолданылып жүр, себебi
олар қоғамдық санаға қатты әсер етедi. Саяси метафора тілді байытуға
қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және
эмоциональдыэкспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |