3 Бөлім
ӘДЕБИЕТТАНУ: ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Раздел 3
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ: ТРАДИЦИЯ И СОВРЕМЕННОСТЬ
Section 3
LITeRARY STUDIeS: TRADITIon AnD MoDeRnITY
eXpLoRATIon oF AITYS genRe
Кulmanova М. n.,
KazUIRаndWL named after Abylai Khan, Almaty, Kazakhstan
Keywords:
tradition, tradition of art, improvisational, dramatic, satirical,
psycholinguistic, communicative.
Abstract.
In the article the appearance of aitys genre views earlier than in other
Turkic countries. Aitys includes formation of the aitys traditions in Kazakh verbal art and
existence in it nationwide characteristics.
In the article works, which dedicated to aitys, are analazed and especially marked the
established traditions in the literary studying of this genre. On the basis of materials, which
are the main part of aitys genre exploration, their results were learned and found out.
ӘӨЖ 821.512
АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Кульманова М.Н.,
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ,
Алматы, Қазақстан, manshuk_2009@mail.ru
Тірек сөздер:
дәстүр, көркемөнер дәстүрі, импровизациялық, драмалық,
публицистикалық, сатиралық, психолингвистикалық, коммуникативтік.
Аңдатпа.
Мақалада айтыс жанрының түркі тектес елдерде ертеден бастау алуы
қарастырылады. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі айтыс дәстүрінің қалыптасуы және
оның жалпыхалықтық сипаты ашылады.
Мақалада айтыс жанрын зерттеуге арналған еңбектерге шолу жасап талдай
отырып, бұл саланы зерттеудің әдебиеттануымызда тұрақталған дәстүрлері бар
екендігін баса айту. Айтыс жанрын зерттеулердің негізгі бөлігі осы қарастырылған
мәлеметтер негізінде жасалған қорытындыларды қарастыру және анықтау.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
152
Айтыс түрік тектес елдерде ертеден бар екені белгілі. Бұған
М. Қашқаридің “Диуани лұғат аттүрік” атты жинағындағы “Қыс
пен Жаздың” айтысын, сондайақ Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани
хикметіндегі” “Дозақ пен Пейіштің” айтысын дәлел ретінде айта
аламыз. Зерделей қарасақ, бұлардың айтыс табиғатына тән белгі
сипаттары мол. Мұның екеуінде де қырғиқабақ, бітіспес бәсеке,
аңдысу арқылы жеңуге деген құлшыныс пен дәлелге, аталы уәжге
тоқталып, жеңілгенін ашық мойындаудың дәстүрлі кейбір көріністері
бар. Осы жәйттар айтыстың көшпелі түрік тектес елдерде ерте
замандарданақ ірге теуіп, ел өмірінің әр саласын зерделеп, бейнелеп
келгенін аңғартады. Қазақ халық әдебиетіндегі айтыс дәстүрінің туып,
қалыптасу тәжірибесіне зер салсақ, біздегі осындай туындылардың
айтыс жанрының әбден кемеліне келген тұста ерекше қарқынмен
дамығанын көрсетеді. Бұған қарағанда, айтыс өнері осы шығармалар
туған заманда да, одан бұрынғы кезеңде де ел өмірінен кең орын
алғанға ұқсайды. Бұл пікірдің дұрыстығын Қытай елі деректері де
құптап мақұлдайды. Шыңжандық қазақ тарихшысы Н. Мыңжани
“Қазақтың көне тарихы” атты еңбегінде Қытайдың “Тайпин
Хиуаниуйжи” топтамасының “Түрік шежіресі” атты тарауындағы
деректерге сүйеніп: “түріктер бие сүтінен жасалған қымызды ішіп
қызып алған соң, ән шырқап бірбірімен өлең айтысады... Күні бүгінге
дейін жалғасып келе жатқан біздегі ақындар айтысының мұнан мың
жылдар бұрынғы Батыс түрік қағандығы дәуірінен бері келе жатқан
дағдылы дәстүр екенін байқаймыз” деп жазады [1, 35 б.].
Осындай жалпыхалықтық сипаты бар ауылаймақ көлеміндегі әр
алуан мәнді жеңілжелпі айтыстар келекеле ақындар айтыстарымен
қатар өмір сүріп келгені, тіпті соңғысы бұрынғысының дәстүрінен
бастау алып жеке жанр болып қалыптасқаны мәлім. Тіпті, қайымдасу
үлгілерінің ақындық айтысқа ұласуының өзі көшпелі өмірдің бір
көрінісі ретінде ұзақ ғасырлар бойына созылып келген. Бұған қазақ,
қырғыз, қарақалпақ елдеріндегі кемелденген айтыс үлгілері айқын
дәлел. Аталған халықтардың ғасырлар бойғы тұрмыссалты мен кәсіп
тіршілігі, әдеби мұраның ауызша айтылып, ауызекі таралуы секілді
үрдістер бұл жанрдың ерекше дамып кемелдене түсуіне қолайлы
жағдай жасап келген. Ал енді, отырықшылыққа ерте көшкен татар,
өзбек, түрік секілді елдерде ол кең етек ала алмай топтық түр күйінде
ғана сақталып қалған. Осы аталған елдердегі көшпелі өмірдің сол айтыс
жанрының кең қанат жайып дамуына, тіпті қазақ тұрмысы жағдайында
өркендеп, өзінің шырқау шыңына шығуына себеп болғанын көреміз.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
153
Бұған әйгілі “Біржан мен Сара”, “Әсет пен Ырысжан”, “Ақсұлу мен
Кеншімбай”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Сүйінбай мен Қатаған”,
“Жамбыл мен Құлмамбет” секілді айтыстар нақты дәлел бола алады.
Мұндай роман іспеттес келелі айтыстардың өзге түрік тектес бірде
бір елде жоқ екенін үлкен мақтанышпен айтып өтеді өз зерттеуінде М.
Жармұхамедұлы [2, 16б.].
Айтыс жанрының табиғи белгісипаттарын ашып саралағанда,
оның ел дәстүрі мен соның кәсіптіршілігіне, танымтүсінігіне тікелей
байланысты көрініс табатынын академикғалым М.О. Әуезов тап
басып танып, ғылыми байсалдылықпен делелдеп берген еді. Осыған
орай ғалым: “Халық әдебиетінің өркендеп дәуірлеген шағы – халықтың
шаруасы күйлі, үдере көшіп ен жайлап, сауықсайран, мерекеқызықпен
күнелткен көшпелі тұрмыста болған шақтарында болды. Егер халық
көшпелі тұрмыстан қалып, отырықшы тұрмысқа айналса, отырықшы
халықтың кәсібіне кіріп, еңбекпен күнелтіп, бос жүретін іссіздікті
тастаса, бұрынғы ойынтой, сауықсайран сиреп жоғала бастайды” –
деп жазған еді [3, 230б.]. Мұндай ойлы пікірлерді кезінде ұлы ғалым
Шоқан Уәлиханов та, ірі жазушы Сәкен Сейфуллин де айтқан болатын.
Олар ашық аспан, таза ауа, табиғат аясында өскен қазақ халықының
ойқиялының жүйрік, ақындық қабілетінің күштілігін баса көрсетеді.
Әсіресе, Уәлихановтың: “Ашық аспан, кең сахарада туған қазақ
ешқандай қосалқы оқубілімсізақ табиғат мәпелеуімен өсіп жетіледі.
Осыған қарамастан қазақ халқының жазылмай буыннан буынға тек
ауызекі тарайтын бірденбір тіл мұрасы: өз поэзиясы мен әдебиеті
бар... Қазақтың жалпы ауызекі жырлары тікелей дала көріністері мен
жүйрік ат, сұлу қыз әсерінен туған, сондықтан қазақ үнемі осылардың
төңірегінен айналшықтап кетпейді” – деп көрсетуі де жоғарыдағы
ойымызды дәлелдей түседі [4, 115 б.].
Айтыс пен суырыпсалма өнері егіз, бірінсіз бірі жоқ.
Суырыпсалмалық дарыны мен айтыс тәсілдерін, ұту, уәжбен тосуды
еркін игеріп, ел жағдайын, қарсыласының әлсіз тұстарын жақсы
білетін ақын ғана әр кез жеңіске жетіп отырған. Сол себепті – айтыс
аталы уәж, ұтымды дәлелге құрылған екі қарсылас ақынның өлеңді
қолмақол шығарып айтқан сөз бәсекесі, өнер жарысы. Төрешісі –
халық, немесе жұртқа қадірлі, дуалы ауыз ел ағасы. Бұлардың төрелігі
қара қылды қақ жарғандай әділ де нақты болуға тиіс. Кейде сөз жүйесі
мен уәжден тосылған ақынның өзі қанша қиын болса да тосылғанын
ашық мойындап, өз кесімін білдіретін кездері де аз емес. “Ақын” деген
құрметті атақты көпшілік осы бетпебет сайыста алғырлық, тапқырлық
танытқан өрен жүйріктерге ғана беретін болған.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
154
Айтыс өзінің мазмұны мен сипаты жағынан тұрмыссалт
жырларымен терең үндесіп, астасып отырады. Ол біздегі эпикалық,
лироэпикалық жырларға түр беріп көркейтумен қатар, өзі де олардағы
эпикалық әуенүнді бойына сіңіре білген. Сөйтіп, өзге жанрларға елеулі
ықпаләсер етіп келген айтыс өнері өзінің сол синкреттік сипаттары
арқылы олармен ғасырлар бойы иық тіресе, қатар дамып келді.
Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, тапқыр да алғыр ақын
болса да, бетпебет бәсекеде айтылған шындықтан жалтарып кете
алмаған. Олар қашан да шындыққа тоқталып, аталы сөз бен уәжге бас
иетін болған. Мұны көбінесе, қанша қиын болса да, ақындардың өзі
айтып, ашық мойындап келгенін көреміз.
Айтыс өлеңдерін жинап бастыруда, ол туралы салиқалы пікір
айтушылардың алғашқы сапында Ш. Уәлиханов, В.В. Радлов,
Ы. Алтынсарин секілді зерттеушілер тұрды. Шоқан айтыстың саяси
әлеуметтік мәніне, сын мен мадаққа құрылатын сипатына мән берсе,
В.В. Радлов айтысты “қайым өлең” деп жіктеп, халқымыздың
ақынжанды, тапқыралғырлығына, шешендігіне таң қала сипаттайды.
Ы. Алтынсарин айтыстың көркем үлгілерін өзі құрастырған
Хрестоматияға енгізіп, оның тәрбиелік мәніне зер салады.
Айтыстың кең жиналып томтом күйінде жинақ болып
басылуы Кеңес үкіметі тұсында іске асқаны мәлім. Осы игілікті істі
ұйымдастырып насихаттауға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты мұрындық болды. 1960 жылдардың бел ортасында
Институт айтыс өлеңдерінің үш томдық жинағын жариялап, жүйелеп
жіктеді, ғылыми түсініктер берді. Осы томдардың екі кітабы дәстүрлі
айтысқа арналса, соңғы томы 19201957 жылдар арасындағы айтыс
өлеңдерін қамтыды. Сол 1970 жылдардан бастап аталған Институт
бұл жанрды түбегейлі зерттеуді қолға алып, жоспарға енгізді. Соның
нәтижесінде айтыс жанрының табиғатын ашатын “Айтыстың даму
жолдары” атты 10 баспа табақтық монографиялық еңбек жарық көрді.
Зерттеу, жариялау жұмысының жалғасуы арқасында 1988 жылы осы
Институт қызметкерлері айтыстың бұрын баспа көрмеген үш томын
дайындап баспаға берді, алайда мұның екі кітабы ғана сол жылы
жарық көрді. Аталған Институт қызметкерлері бұл жұмысты әлі күнге
дейін жалғастырып келеді. Соның нәтижесінде 1989 жылы “Ғылым”
баспасынан айтыс өлеңдеріне арналған “Қазақ қолжазбаларының
ғылыми сипаттамасының” 6 томын бастырып шығарды. Бұл томға
көлемді де кесек 220 айтысқа ғылыми сипаттама беріліп, 600
шағын айтыстың тізімі берілді. Бұдан тыс 300 айтыс ақыны мен 140
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
155
жинаушының өмірі, айтыстары туралы қажетті мәліметтер жинақталды.
Бұл деректердің біздегі айтыстың барлығын түгелдей қамти алмайтыны
өзіненөзі түсінікті. Өзге қорлар мен Ұлттық кітапхана қорындағы
айтыстар бұл жинақта толық қамтылмай қалғанын ескерсек, айтыстың
көп томдығын шығаруға әлі де мүмкіндік бар екенін назарда ұстанған
жөн. Айтыстың бүгінгі, кешегі өмірді бейнелеудегі мәнмаңызы
мен жанрлық ерекшеліктерін мүмкіндігінше кеңірек қамтитын
“Қазақ поэзиясындағы айтыс жанры: тегі мен дамуы” атты көлемді
монографияның жарық көргені де осы аталған Институттың елеулі
табыстарының бірі деп бөліп атай аламыз.
Рас, осында айтылғандай, қыруар ғылыми жұмыстардың іске асуына
кешегі аға буын өкілдерінің қадауқадау түйіп айтқан тұжырымдары
мен кезінде ұсынған бағытбағдарының зор ықпаләсерін айту керек.
Осы орайда ең алдымен ұлы тұлғалар А. Байтұрсынов, І. Жансүгіров,
С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев,
М. Ғабдуллин, Т. Нұртазин, М. Қаратаев, Ы. Дүйсенбаевтармен
қатар, олардан кейінгі буын Р. Бердібай, С. Қасқабасов, М. Базарбаев,
О. Нұрмағамбетова, М. Дүйсенов, Н. Төреқұлов, К. Сейдеханов,
Е. Тұрсынов сынды зерттеушілерді атаған жөн. Бұлар осы жанрдың
табиғаты мен әдебиетіміздегі орнын ашып белгілеуде айтарлықтай
үлес қосты.
Аса көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынов “Айтыс” атты мақаласын
да және “Әдебиет танытқынышы” атты еңбектерінде айтыстың
жанрдың жазба әдебиетке ұласу жолдарына, яғни “алаңдық айтыс
тартысқа” ауысуына мүмкіндігі мол екеніне ерекше мән берген. Ахмет
Байтұрсынов осы мәселеде: “Сөз өнерінің бұл түрі Европа тілінде тек
“айтыс” мағынада емес, “айтыстартыс, арпалыс” мағынада ұғылады.
Біздің қазақ Европа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз бетімен
жетілдіргенде, қазақтың айтыс өлеңдері алаңға түсетүсе барып, алаң
айнасына айналып, айтыстартыс түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні өзге
жұрттан алғандықтан, алаң әдебиеті бізде төтеннен шығып қалды” –
деп жазған болатын [5, 331б.].
Автор айтыс өлеңдерінің өзіндік белгі ерекшеліктері мен
қайталанбас жанрлық сипатын сөз еткенде де, оның қара сөздегі
әзілді сөз, “ерегіспен” байланысбірлігін астастыра отырып, қазақтағы
айтыстың тек өлеңмен ғана айтылатынына зер салады: “Айтысқанда
екі күрескен палуандар сияқты бірінбірі аңдиды, бірбірін жығу үшін
істейтін әдісамалдарды, тәсілдерді мұнда да істейді. Айтысқанда
жай сөзбен айтыспай өлеңмен айтысады. Сондықтан өлеңмен ғана
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
156
айтысу “айтыс” деп аталады. Өлеңсіз айтыстың аты ерегіс болады.
Бәлки, өлең айтыс та о басында әзілден, ерегістен шыққан болар...
Күрескенде күшке әдіс керек болу сияқты айтысқанда, ақындыққа
да әдіс серік болады. Әдісі жоқ әйдік ақынды әдісті анаумынау
ақын жеңіп кетуі мүмкін... Айтысқанда ақындар көбінесе бірініңбірі
басындағы, еліндегі міндерін айтып тоспақшы болады. Айтыстың бұл
жағынан әлеумет алдында пайдасы зор” дей келіп, айтыс өтіп болған
соң, оған бір ақын екі ақынның айтысқаны қылып, екі жағының сөзін
өзі шығаратын болған”, – дейді [5, 408 б.].
Бұл арқылы Ахмет Байтұрсынов айтыстың кейінірек белгілі бір
өзгерген шығарма түрі болып шығып, барабара “алаң айнасына”
айналатын белгісипаттарын да ашып дәйектеумен қоса, фольклорлық
сипаты ақындық шығармашылыққа ұласатынын мегзеген. Атақты
Шәкәрімнің өзінің “ӘділМәрия” атты романын (1925) біріңғай талас
тартысты диалогқа құруында да ұстанған бір ұлттық үрдіс болуы осы
Ахмет Байтұрсыновтың сөзін дәлелдей түсетіндей.
Айтыс өлеңдерінің шығу тегі мен оның жанрлық ерекшеліктерін
ашып белгілеуде академик жазушыларымыз М. Әуезов пен С.
Мұқановтың еңбектері аса зор. М. Әуезов айтыстың тұрмыссалт
жырларынан бастау алып жеке жанр болып қалыптасуына мән беріп,
оның тартысты, қызуқанды драмалық белгілеріне зер салса, С. Мұқанов
айтысты халық өміріндегі орны мен мәніне, көркемдік сипаттарына
қарай талдап бағалайды.
С. Мұқановтың “Халық мұрасы” атты еңбегі қазақ халқының
мәдениеті, өнері, тілі, материалдық тұрмысы, көрші халықтармен
қарымқатынасы жайындағы көп жылдық зерттеу жұмысының
нәтижесі. Осы еңбегінің бір бөлімін С. Мұқанов “Жан азығы” деп
атап, қазақ халқының әдебиетіне арнайды. Ол қазақ ауыз әдебиетін екі
түрге бөліп қарастырады. Біріншісіне мақал, мәтел, тақпақ, жұмбақ,
ертегі, кейбір көне айтыстар секілді ұсақ жанрларды жатқызып, ал
екінші түріне батырлар жыры, ғашықтық жырларын, қиссалар мен
айтыстарды жатқызады. “Қазақ халқының ауыз әдебиетінде батырлар
жырынан соңғы көлемі жағынан көбі де, әлеуметтік шындықты терең
ашу жағынан көрнектісі де “Айтыс” жанры. Ол сонау замандарда
шыққан бәдік сияқты айтыстың көне түрінен өрбиді де, аяғы советтік
дәуірдегі ақындар айтысына тіреледі. Бұл тақырыбы жағынан да аса
өрісті жанр”
–
деп айтысқа сипаттама береді. Сондайақ әлеуметтік
және көркемдік маңызы бар, түр жағынан да, мазмұн жағынан да өзге
айтыстардан оқшау тұрған “Біржан Сара айтысына” кеңірек тоқталып,
мазмұндық және көркемдік қасиеттеріне талдау жасайды [6, 85 б.].
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
157
Айтыс ақыны болу оңай емес. Ол үшін табиғи таланттың,
білімділіктің, ізденгіштіктің үстіне алғыр қырағы көреген болу керек,
төңіректі тез шолып шапшаң қорытынды жасай білуі ләзім, тапқыр
айтқыш болуы керек, өмірдегі елеулі өзгерістерді дер кезінде байқап,
қоғамдық мәселелерге қолмақол үн қосып отыруы қажет. Ақын
құдіретінің ерекшелігі хақында М. Қаратаевтың Жамбыл бабамыз
туралы айтқанын тілге тиек еткен жөн: “Жамбыл ештеңені оқып білген
емес. Естігенін, тыңдағанын жадында жазып алып қалатын ғажап
қабілеті бар еді. Таңтамаша қалатын қабілет! Ал, бірақ мәселенің
байыбына барсақ, осының өзінде белгілі бір заңдылық бар. Бұл –
арғы жағын айтпасақ, баяғы Бұқар жыраудан бастап, осы заманның
заманына дейін талайталай саққұлақ, зар жақ, сұңғыла ақындардың
бәріне тән қасиет. Ұлы думан айтыстарды әйгілі ақындардың екі
жақтағы ел өмірін керемет білгендігіне керемет таң қаласыз” [7, 362
б.]. Ғалым осылайша жыр атасы Жамбыл ақынның қазақ өнеріндегі
өзіндік феноменін ашып береді.
Бұл зерттеулерде біздегі айтыстың өзге елдердегі үлгілері мен
ұқсастықтары да сараланып, аталған жанрдың өзге де қайталанбас
белгісипаттарын талдау арқылы оның көшпелі өмірге байланысты
суырыпсалма дәстүрі үлгісінде бізде биік белеске көтерілгенін ашуға
зер салады. Негізінен аталған айтыс туралы зерттеулерде айтыс
жанрын жіктеп бөлуге де, жіктеп талдауға да елеулі орын берілген.
Жіктеулері өз ара үндес, ұқсас. Белгілі ғалым Қ. Жұмалиев те осыған
ұқсас жіктеулер жасап, мысал іспеттес айтыстардың мәнін аша түсуге
талаптанады. Ал, зеттеуші Б. Кенжебаев ірі де көркем айтыстарды
өлеңмен жазылған роман деп бағаласа, Е. Ысмайылов кесек те келелі
айтыстарды сюжетті роман деп бағалағанды жөн санайды.
Бірден төгіп айтушылық, суырыпсалмалық өнердің тегі мен
табиғатын зерттеген Е. Ысмайылов: “Импровизатор ақын – үлкен
шығармашылық адамы, ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны
өзінің ойөресі дәрежесінде таниды, ақынның сезінуі, ол сезгенін
қабылдауы шапшаң! Ол тез көріп, тез әсер ала біледі, алған әсерін ұғып
есіне сақтауы да күшті, тұрақты. Ақын естігеннен гөрі көзі көргенін
тез сезіп, жылдам жырлап кетеді. Қазақ ақындарының ежелгі салтында
жылдам, бөгетсіз тыңнан өлең шығарып айта білмегенді күшті ақын
деп танымаған”,
–
деп жазады [8, 23 б.].
Ал, импровизацияның басы ерте замандардан бері, тіпті эпостық
жырлардан да бұрын болған дейтін Ә. Қоңыратбаев “Импровизация
өнерінде синкреттік белгі бар. Оның мәнісі, ең алғаш сөз, әнкүй, би
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
158
бөлінбей бірге жүрген. Профессионал айтушылардың басы бақсылар
(VІІІІХ ғғ.) мен жыраулар (ХХV ғғ.) болған десек, оларда төрт түрлі
өнер бірлескен. Олар: сөз импровизациясы, әнкүй импровизациясы
(қобыз, домбыра), биік орындаушылық шеберлік (сахна өнері) және ел
қамын жейтін үлкен ойшылдық сана”,
–
дейді [9, 29]. Ғалымның бұдан
кейінгі талдаулары импровизациялық өнердің айтысқа ауысқандығы
туралы, одан кейін айтыс поэзиясы салт жырларынан туған лирикалық
форма болғандықтан, ол жыр емес, он бір буындық қара өлең
формасымен айтылғандығы туралы жіктеулерге ұласқан. Сонымен
қатар айтыс өнерінің бабаларымыздың рухани құндылықтары болатын,
эпос, ауыз әдебиеті, фольклорлық шығармалардың түзілімі ретінде
көрінетінін де ғалым ағамыз айтып өткен.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Сұлтанғали
Садырбаев та өзінің “Фольклор және Жамбыл” атты еңбегінде
айтысты импровизация өнері ретінде бағалап, импровизацияның
психологиясына үңіледі. Ол: “Кеңес әдебиетінің көрнекті өкілі Л.
Соболев “Импровизация – өткеннің романтикасы” деп тамаша анықтама
айтқан. Сондай романтикалық айтыс өнерінің биік сатыларының
бірі – Жамбыл мен Құлмамбет ақынның айтысы. Бұл айтыста қазақ
елінің көшпелі тұрмысы, кедей мен байдың арасындағы тартыс, ақын
мен азаматтың арақатынасы, ар мен ұжданның өлшемі, феодалдық
қоғамның әлеуметтіксаяси ішкі қайшылықтары суреттелінеді”,
– дей келіп Жамбыл айтыстарының имповизациялық қырларын
талдайды. Жамбыл айтыстарында қолданылатын психологиялық
әдістерге тоқталады. Мысалы: “... Жамбылдың көргені бұл емес,
місе тұтпай сөйлеушілік салтты бұрынғы ақындардан да естіген. Бұл
психологиялық әдіс: бірі – шабуылға шығу саясаты, екіншісі – іштей
қорғануға әзірлікті өршітеді. Қорғанушы қарсы сөздің қарсы сөздің
ағымын, мағынасын ерекше ықыласпен, зейінмен тыңдауы шарт
сөзге қарсы сөз жұпталады: жауап беруші ақын қарсыласының ой
мазмұнын, сөз астарын (подтекст) ұғымталдықпен, байқампаздықпен
іштей екшеп отырмаса, онда алып қашқан асау ат секілді басқа жаққа
бұрып кетеді” – дейді. Осылайша, ақындық этикаға, айтыс жанрының
психологиясындағы ерекшеліктерге талдаулар жасайды. “Асылы,
айтыста күй таңдалынбайды. Айтыс ақындары қандай жерде, қандай
жағдайда кездессе де, бірін бірімен ұстасып, айтыса кететіні қызық,
тосын қылықтары да болған. Түнде, айлы түнде алтыбақан тебуге
жиналған жастар бірбіріне әзілқалжыңды өлеңмен, ырғақпен айтқан,
тіпті ол емес, кейде айтыскерлер бірінбірі жеңу үшін айтысты күтпеген,
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
159
тосын тұстардан бастаған”
–
деп, Тоғжан қыз бен Сақаудың айтысын,
Сабырбай мен Тойбаланың, Жамбыл мен Бөлек қызының арасындағы
айтысын мысалға алады. Осы айтыстардың қызықты тарихын баяндап,
ақындардың бірінбірі жеңе алмай, үйде де, түзде де, оңашада да, жұрт
алдында да, той үстінде, көш кезінде де, шымылдықтың ар жағында
ұзатылып жатқан кезінде де айтысқандарын айтыс өнерінің ерекшелігі
ретінде атап өтеді [10, 210 б.].
Әдебиеттанушы ғалым М. Жолдасбеков болса айтыс жанрының
таза әдебикөркемдік сипаты тұрғысынан теориялық талдаулар
жасайтынын көреміз. Ол өзінің “Асыл сөздің атасы” атты Жамбыл
Жабаев шығармашылығына арналған еңбегінің “Сөзінің қыл сыймайды
арасына” деген тарауын Жамбылдың айтыстарына арнайды. Онда
ол Жамбыл айтыстарындағы образдылық, шумақ, тармақ, ұйқас,
көркемдеуіш құралдар секілді таза көркемдік сипатын саралайды.
Ж. Жолдасбековтың “Асыл арналар” атты келесі еңбегінде жалпы
айтыс өнері туралы келелі ойлар айтылады: “Дала демократиясының
жүзі қайтпас қаруына айналған ақындар айтысы ақиқаттың аузы буылар
ау деген небір қатаң тыйымдар заманының өзінде хан мен төренің, би
мен бектің бетіне тіке келуден айныған емес. Осыған тәрбиеленген
халық “Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деген мінезді мақал
ойлап тауып, оны моральдік кодексінің темір қазығына айналдырған.
Ақындардың шымырлатып шындықты айтқан шумақтары қашан да
халықтың рухын асқақтатты” – деп айтыс өнеріне әділетті баға береді
[11, 17 б.].
Р. Бердібаевтың “Дәстүр тағылымы”, “Ғасырлар толғауы” атты
еңбектерінде белгілі айтыс ақындарының өлеңдері негізінде айтыс
жанрының табиғатын ашады. Ғалымның зерттеу еңбектеріндегі
өзекті бір ой – әдебиетіміздегі дамудың негізгі заңдылықтарының бірі
“дәстүр мен жалғастық” мәселесіне арналады. Ол айтыс жанрының
да туу, қалыптасып, даму тарихына да бажайлай қарай отырып,
оның осы күнгі күйін сөз етеді. “Ғасырлар бойы қалыптасқан айтыс
дәстүрін біренсаран науқанмен ғана толық жаңғырту мүмкін емес.
...Жақсы, мәнді айтыс өлеңі күн сайын, ай сайын шұғылданып жүрген
өнерпаздан ғана тумақ. Аузының ебі бар жас талапты бірден шақырып
алып: “Ал айтыса қойыңдар” дегенмен өлең шыға қоя ма? Ерте кезде
айтысатын ақындар бірінбірі күн ілгері біліп, жауапты сайысқа
мұқият әзірлік жасайтын болған ғой. Мұның айтыс процесінде
қаншалықты маңызды нәрсе екендігін бір ғана мысалмен еске салып
өтсек артықтығы болмас”
–
деп Біржанның Сараны әдейі іздеп келіп
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
160
айтысқанын айтады. Яғни айтыс өнеріндегі де дәстүрдің сақталғанын,
сондайақ көркемдік дәстүрдің жалғасып, кейінгі айтыстардан көрініс
табуына талдаулар жасайды [12, 81 б.].
Сондайақ М. Қаратаев, М. Дүйсенов, Ә. Дербісалин, С. Қасқабасов,
Н. Төреқұлов зерттеулерінде айтыс жанрының жаңа бір қырлары сөз
болып байыпталады.
Айтыс жанрын мәтінтанушылық тұрғыдан зерттеулер де
баршылық. Мәселен М. Жармұхамедов, Ш. Ахметов пен Т. Қанағатов,
М. Имашев өз зерттеу еңбектерін айтыс өлеңдерінің текстологиясына
арнаған.
Айтыс Кеңес үкіметі тұсында да, одан кейінгі тәуелсіздік жылдары
да өзінің халықпен бірге жасап, біте қайнап келе жатқан өнер екенін
айқын дәлелдеп берді. Елелдегі, ауылдағы топтық, жекелік айтыстар
бір сәтке де тоқтап толастаған емес. 1917 жылғы Октябрь төңкерісінен
кейінгі қоғамдық өмірдегі үлкен өзгеріс, жаңа қарымқатынас айтысқа
да жаңа міндет, талаптар қойды. Енді ақындар бұрынғы ел мен ру
атынан емес, колхоз, аудан, облыс атынан айтысуға шығатын болды.
Соңғы айтыстың қайта түлеп, тың мазмұнмен жаңғыруына 19411945
жылдарғы Ұлы Отан соғысы оқиғасы себеп болды. Бұл тұста 1941
жылғы маусым айында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының
ақындары патриоттық идея көтеріп айтыс ұйымдастырса, кейін бұл игі
бастама Қызылорда қаласында өтіп, бұған Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Қызылорда облысы ақындары белсене қатысты. Мұның
ақыры еліміздің өзге облыстарында да жалғасын тапты. Бұлардың
ішінен Ғабит Мүсірепов ұйымдастырған 1943 жылғы Қарағанды
облысындағы ақындар айтысы үгіткөпшілік жұмысының ірі де беделді
бір бөлігіне айналды. Осы айтыстарда талай жүйрік, дүлдүл ақындар
өзінің білгіртапқырлығымен, шешендігімен суырылып шығып көзге
түсті. Әрине, жаңа өмірдің талапталғамы, міндетмақсатына орай
ақындарда бір сәт тосырқау да болмай қалған жоқ. Мұның ақыры
алдынала айтысушыларын біліп алып, онымен жазып айтысу әдеті
пайда болды. Тіпті газетте жариялап, соны теледидардан оқып беру де
кең өріс алды.
Бұл – айтысты дамытатын үрдіс емес, керісінше, қалыпты дәстүрге
жат бағыт еді. Осыған орай айтыстың қайта жандануына күдік
білдірушілер саны көбейе түсті. Сол себепті М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов,
Е. Ысмайылов секілді кісілер 1961 жылы Қазақстан академиясы
Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен өткен айтысқа
дәстүрлі суырыпсалма сипатына оралуға кеңес берді. Айтыс алғаш рет
туған өз арнасына түсіп жаңа бағыт алды.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
161
Отандық ғылымдағы айтыстың зерттелу тарихы осындай
болса, айтыс жанрын зерттеуге атсалысқан, оның табиғатын танып,
тамсанған шетелдік ғалымдар да болды. Мәселен батыс пен орыстың
оқымысты этнографтарынан П. Мелиоранский, В. Радлов, Г. Потанин,
М. Аткинсон, А. Брем есімдерін атауға болады.
Еуропаның жиһанкез саяхатшылары мен этнограф ғалымдары
қазақ даласына ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында келе бастайды да,
ұлтымыздың рухани байлығының көлкөсір қайнар көзіне тап болып,
соны қызыға зерттеген. Адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан
атабабаларымызды, мәдениеттен мақрұм қалған, “жабайы халық”
деп білген сол саяхатшы ғалымдардың бір парасы биік гуманизм мен
білікті мораль алдында бастарын иіп тұрып, “тарихи жазбаларды”
тамсана жазуларына тура келеді.
Түрік халықтарының ауыз әдебиетін жинаушы һәм зерттеуші В.
Радлов: “Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді,
ойын дәл, айқын ұғындырады, ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде
сөйлеген сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір
өлең екен деп таң қаласың”,
–
дейді [13, 75 б].
Белгілі ғалымның тұжырымынан өлең сөздің, жалпы поэтикалық
ойлау жүйесінің ұлттың негізгі менталитеті екендігін көреміз. Ел
аралап, жиһан кезіп, бір елмен екінші елдің дәстүрсалтын, үрдіс үлгісін,
ілімбілімін зерттеп, салыстыра байқап жүрген сол оқымыстыларды
мойындатқан күш – көшпелілердің тұрмыс салтымен сабақтасып
жатқан суырыпсалсмалық сөз өнері мен қара сөзге қамшы салдырмас
ділмарлығы болса керек.
В. Радловпен нәсілдес, өз халқының озық ойлы азамат
тұлғасы, қазақ даласының ерекше дарынды ұлдарының бірі Шоқан
Уалихановтың досы Г. Потанин халықтың осы өнеріне бас иіп: “...
Қазақтардың арасында ақындық өнер өте жоғары сатыда дамыған,
ақын деген сахараға сыймайды”,
–
деп айтып кеткен [14, 110 б.].
Поляк ғалымы А. Янушкевич Демосфен, Цицерон сынды
әлемге аты мәшһүр ежелгі ғұламалардың атын да естімеген сахара
шешендерінің ділмарлығына таңғала тамсанып: “бүгін менің алдымда
тіпті, оқи да, жаза да алмайтын ақындар өнерлерін жайып салды. Олар
өздерінің таңқалдырарлық таланттарымен мені жүрегім мен жаныма
көп нәрсені ұялатып, мені, тіпті, тәнті етті. ...Бұл имандай шыным!
Мұндай талант иесі өркениеттен әсте тыс қалмақ емес. Оның рухы
қазақ даласына да жетіп, жарық шоғын үрлей түсер. Бүгінде қажыған,
жүдеген көшпелі халықтың қазір өзіне қомсына қарайтын халықтар
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
162
арасындағы құрметті орнын иеленер күн де туар...”,
–
деген көрегендік
ойын жазып қалдырған [15, 79 б.].
Яғни, айтыс өнерін ең алғаш тамашалаған шетелдіктің де ең бірінші
мән беретіні айтыстағы сөз сайысының ерекшелігі болса керек. Бұл
ретте айтысты тілді білмеген адамға түсінікті ететін бір саласы оның
М. Әуезов айтып кеткен, кейіннен академик Р. Нұрғали тереңдете
зерттеген драмалық сипатында болса керек. Ғалым айтысқа деген
ұшантеңіз ықыласпейілді немен түсіндіруге болады деген сауалға
жауап іздеген. Ол: „Соншама көп жұртты біреу үгіттеп, ұйымдастырып,
қаншалық топтаса да, зорлықпен басын қоса алмас еді, ендеше, айтыс
өтетін театр залдарын, кең сарайларды аузымұрнынан шығарып,
халыққа лық толтыратын қандай құдірет, қандай күш?“ – деп ғалым
айтысқа деген ел ықыласының бірнеше себебін анықтайды [16, 86 б.].
Айтыс жанрының табиғатын тереңінен зерттеп, ел аузындағы
айтыстардың жинақталып, жарық көруіне септігін тигізген
әдебиеттанушы ғалым М. Жармұхамедұлы. Ғалым айтыстың түрлі
сипаттарын жекежеке қарастырып зерттеушілерге де өз уәжін айтады.
Ол: “М.О. Әуезовтың айтыста халық театр өнерінің мол белгілері бар
деп көрсетуінде де үлкен мән бар. Алайда кейбір зерттеушілер осыған
қарап, айтысты тікелей драмалық жанрға теліп әңгімелеуді жөн көреді.
Шын мәнінде, мұнда айтыстың бұқарашыл, көптік сипаты мен оның
кейбір жанрлық ұқсас белгілері жөнінде ғана болып отыр. Сондықтан
айтыстың осындай синкреттік ерекшеліктері мен халықтық мазмұнын
бірбірінен бөле жарып қарауға болмайды дер едік” – дейді. Яғни ғалым
айтыстың белгілі бір сипатын ерекше атап, сол тұрғыдан зерттеулер
жүргізгеннен гөрі оның синкреттік сипатын негіз етіп көрсеткенді
құптайды. Сондықтан да ғалым, “Айтыс – синкреттік жанр. Ол ауыз
әдебиетіндегі батырлық жанрлармен тығыз байланысты. Бұл екеуінің
көне көздерінің бір негізден, атап айтсақ, ежелден тұрмыссалт
өлеңдерінен бастау алады”,
–
деп көрсетеді [17, 8 б.].
Айтыс қазақ халқында ғана емес, сондайақ өзге де халықтардың
рухани өмірінде болғанын айта кету керек. Мәселен, Ш. Уәлиханов
қазақ халқымен қоса айтыс араб бәдәуилерінде де болғанын айтады.
Араб бәдәуилерінің өмірінде айтыс ерекше орын алған. Тайпалық
рулық кезеңде айтысқа түскен шайырлар өз руларын мақтап сөз
еткендігі белгілі.
Бір күні “түйенің танауы” деген тайпа мен өзге тайпаның ақыны
айтысқа түсіпті. Сонда ақын “түйенің танауы” деген тайпаның ақынын
“танау, мұрын ішіндегісің” деп келеке қылыпты. Сонда “түйенің
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
163
танауы” деген тайпадан шыққан ақын: “Біз түйенің танауымыз”, ол
түйенің басында жүреді, ал өзгелер түйенің артында жүреді, сендер
сол артындағының ішіндегі лас нәрсесіңдер” деп сөз тапқан екен.
Содан кейін бұл тайпаның атауына қатысты келеке етіп сөйлеуге еш
ақынның зауқы бармай қалған екен дейді. Арабтардың айтыс өнерінен
келтірілген бұл дерек арабтардың да сөзге тоқтаған халық екендігін
көрсетеді. Алайда бұл суырыпсалмалық дәстүр араб әдебиетінде
бүгінгі күнге жетпеген. Оған бір себеп ретінде И. Фильштинский
мен Ю. Крачковскийдің пікірі бойынша араб халқының өмірінде
ислам дінінің пайда болуымен түсіндіріледі. Ислам дінінің ақындық
шығармашылыққа көзқарасы қатал болды. Себебі бұл түсінік бойынша
ақындық, шығармашылық деген ұғымдар шайтанмен байланысты.
Олардың ойынша ақындарға өлеңді шайтандар құлағына сыбырлап
айтып беріп отырады. Яғни қоғамда шығармашылықты саналы
құбылыс емес, бейсаналы сипаттағы, тылсым құдірет деп есептеуге
бейім болды. Ал бұл түсінік араб сөз өнерінде суырып салмалық
өнердің өрістеуіне тосқауыл қойды.
Айтыс зерттеушісі Е. Тұрсынов “Айтыс қазақта ғана емес, сонымен
қатар біршама өзге халықтардың рухани тіршілігінің тарихынан орын
тауып отыр. Алайда оны нағыз биігіне көтере алған және қазіргі күнге
дейін сақтап келе жатқан тек қазақ халқы мен қырғыз, таирлер ғана”
[18, 11 б.] деп қорытынды жасағанына келіспей, айтыс жанрының
көптеген түркі тектес халықтарда бар екендігін, осы күнге дейін
өсіп, шарықтап, дамығанын ғылыми негізде дәлелдеген Мехмет Али
Йылмаз болды.
Мехмет Али Йылмаз ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының
докторы, профессор С.А.Қасқабасовтың жетекшілігімен айтыс
жанрын типологиясын қазақ және түрік халықтарының материалының
негізінде салыстыра зерттеді. Ол қазақ пен түрік халықтарындағы
бағзы заманнан бері жалғасып, бүгінгі күнге дейін жеткен айтыс
жанрының ортақ сипаттары мен дара ерекшеліктерін басқа туысқан
елдердің рухани мұраларымен тұтастықта қарастыруға ұмтылған.
Мәселен, қарақалпақ, қырғыз, әзірбайжан, қырым татарлары, ноғай,
құмық, өзбек, ұйғыр, татар, түркімен, башқұрт, алтай елдеріндегі
айтыс жанрының ерекшеліктерімен, айтыс түрлерімен параллельдерді
салыстырады. Сонымен бірге қазақ пен түрік айтысы әу баста салтпен
тұтастықта өмір сүріп, кейіннен жанр ретінде даму барысында жеке
ақындардың сөз айтысына айналғанын дәлелдеген. Мехмет Али
Йылмаз қайымдасулар, қағысулар, жұмбақ айтыс, жекпежек айтыс
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
164
түрлері бауырлас екі халықта ортақ сипатта екендігін айқындап, қазіргі
айтыстың да халахуалын егжейтегдейлі қарастырады.
Қазақ айтысына сырт көзбен қарап, ұлттық ерекшеліктеріне
тоқталған зерттеушінің салыстырмалы тұжырымдары да қызықты.
Мәселен “Қазақта мысал айтыс түрі жақсы дамыған. Мәселен “Түйе
мен Майлықожаның айтысы”, “Атығай Тоғжан ақынның домбырамен
айтысы”, “Сары атан мен бригадирдің айтысы”, “Қара байтал мен
колхоз бастығының айтысы” т.б. айтыстар көп. Ал, түріктерде мұндай
мысал айтыс үлгісі кездеспейді.
Қазақ айтысының басты ерекшелігі – онда әйел ақындардың үлес
салмағы мол. Керісінше түрікте әйел айтыскерлер өте сирек”
–
деп
көрсетеді. Ал қазақ және түрік халықтарының айтыстарындағы ортақ
нәрсе ретінде “айтыс елдік мүдде мен ұлт намысының қорғаны болып
келген. Бұл жанр қоғамдық, әлеуметтіксаяси мәселелерден тысқары
қалмайды. Екі халық айтыскерлері де халық өмірінінің шындығын
дәлелді деректермен көмкеріп, келістіріп жырлайды. Ақындардың пікірі
жалпы жалпы қоғамның ащы тақырыптарын қамтиды. Тәуелсіздік,
бостандық, елдік рух, ұлт намысы, арождан тақырыбы ақындардың
шабытына қарқын береді. Ақ пен қара, махаббат пен зұлымдық,
әділет пен жалақорлық таразыға тартылып, зорлықзомбылық әшкере
етіліп, сынмен түйреледі”, – деп көрсетеді [19, 56 б]. Зерттеуші қазақ
және түрік ақындар айтысының деректерін келтіре отырып айтыстың
мақсаты мен міндеттерін салаларға бөліп, айқындауы да зерттеуге тың
сипат дарытқан.
Сипаты айқын, ол азаматтық журналистика функцияларын орындап
келеді. Бұл ойымызды М. Әуезовтың: “Айтыс әр заманда күнделікті
тіршілікке төтелей қатысы бар жанр болатын”, – деген сөзі қуаттай
түседі” – деп бастап айтыстың публицистикалық сипатына талдау
жасайды. Ол өз диссертациясында ауыз әдебиетінің бай мұрасының бір
саласы болып саналатын айтыс өнерінің әлеуметтік мәні мен қоғамдық
маңызына тереңірек тоқталады. Сондықтан да 80жылдардың
соңындағы Қазақстан мәдениеті дамуындағы тенденцияларды анықтай
отырып, сол кезеңдегі айтыстарда көтерілген мәселелерді үш тақырып
аясына топтастырып береді. Олар: 1989 жылғы 22 қыркүйек – “Тілдер
жөніндегі Заң”, 1988 жыл “Жазықсыз жазаланғандарды ақтау жөніндегі
Қаулы, Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі осыдан келіп туындайтын
Қазақ тілінің мәртебесі тақырыптары. Осы тақырыптардан мынадай
мәселелер өрбиді: Мемлекеттік тіл мәселесі, Орыс тілінің мәртебесі
мәселесі, Ұлтаралық қатынас тілі мәселесі, Ұлтаралық қатынастар
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
165
жағдайының жақсаруы мәселесі, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет
Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың,
Міржақып Дулатовтың шығармашылық мұрасының ақталу мәселесі,
өткен тарих жөніндегі шығармалар мәселесі, айтыстар, театрлар,
ұлттық мәдениет күндері, ұлттық мәдени орталықтар мәселесі,
халық музыкасы мәселесі деп топтастырады. Уақыт тезінен қарап
отырсақ сол ХХ ғасырдың 90шы жылдары көтерілген мәселелер әлі
де өз өзектілігін жоғалтпағанын, қазақ үшін әлі де жанын сыздататын
тақырыптар болып қала беретін секілді [20, 114 б.].
Айтыстың сатиралық сипаты танымал айтыскер ақын әрі әдебиет
зерттеушісі Б. Имашевтің кандидаттық диссертациясына арқау болды.
Ол айтыс секілді синкретті өнердің көпқырлылығын айта келіп, соның
ішінде айтыстың сатиралық сипатына талдау жасайды, ақындар
айтысындағы әзіләжуаның қолдану тәсілдері мен өзіндік мәнін
саралап, айтыстағы сатиралық сипаттың көркемдік идеялық маңызын
анықтайды. Зерттеуші көне заман айтыстарындағы, өтірік және
мысал айтыстарындағы, кеңес дәуіріндегі айтыстардағы, жаңа заман
айтыстарындағы, сондайақ қазіргі айтыстағы сатира мен юморды
талдапталқылайды. Соның ішінде қазіргі заман айтыскерлерінің
айтыстың түрлі амалтәсілдерін еркін меңгергендігін айта келіп,
қарсыласының портретін жасау, оны көркемдеп беруде әзілқалжыңмен,
әжуамен жеткізудің шеберлерін мысалға келтіреді.
Өзінің зерттеу жұмысына тікелей нысан ретінде “Біржан – Сара”
айтысын алып, оны тілдік тұрғыдан зерттеген ғалым Құсманова
Күлжібек Аскенқызы. Ол “БіржанСара” айтысының тілдік
ерекшелігін, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы айтыс ақындарының
тілімен салыстыра қарастырады. Сондайақ зерттеуші айтыс
өлеңдеріндегі морфологиялық ерекшеліктерді анықтап, қарапайы
сөздер мен диалект сөздердің қолданылу ерекшелігін танытып,
айтыс ақындарының тіліндегі жалғастылық принципінің орын алуын
дәлелдеп, айтыс өлеңдеріндегі басқа тілден енген сөздердің әдеби
тілге қатысын көрсетеді. “БіржанСара” айтысын текстологиялық
тұрғыдан зерттеген ғалым “БіржанСара” айтысын “Жүсіпбек қожа
нұсқасы” (1898 ж.), “Зайсан нұсқасы” немесе “Әріп нұсқасына”
(1899 ж.) текстологиялық салыстырулар жасай отырып, “... Ақындар
жердің шаршысынан гөрі, жырдың шаршысын болжайды ғой. Соған
орай “жыр шаршысын” деп алғанымыз дұрыс сияқты. Бұдан басқа да
жекелеген сөз, сөз оралымдарында көптеген өзгешеліктер баршылық.
Сондықтан, қолда бар барлық варианттарға тілдік жағынан
текстологиялық салыстырулар жасап, көркем, ойға орамды сөз
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
166
тізбектері мен тұтас шумақтарды екшеп, таңдап алып, айтыстың сыни
мәтінін жариялау керек деп ойлаймыз” – деп өз ұсынысын да жасайды.
Айтыс
–
өзіндік терең тарихы бар, таңдай қақтырарлық тағылымы
мол ауыз әдебиетінің ауқымды бөлігін қамтитын айтулы өнер. Айтулы
болатын себебі айтыста халықтың ойынан шығып жататын шындық
қана шырқалып, ақиқат қана айтылады. Екі ақынның бірбірін сөзбен
іліп шалуынан басталған бұл сайыс, ширыға келе, дами келе елдік
мәселелерді көтеруге дейін дамуы мүмкін. Осы екі ортада ақынның
өресі биік, тәжірибесі толысқан мол болса қазақтың арғыбергі тарихы
таразыланып, өмір сүріп жатқан қоғам көріністері көркем сөзбен
кестеленеді. Айтысқа жиналған халық ерекше өнер үлгісін көріп,
тамаша қызыққа кенелуі керек. [21]
Сонымен қатар Ж. Жақыпов айтысты рухани құбылыс ретінде
жоғары бағалай отырып, оның әдіснамалық, философиялық негізі
барлығын ескертеді және оны диалектикадан іздеп табу керектігіне
бағыт береді. Бұл аталған ғылыми тұжырымдар болашақта айтыстың
зерттелуі тиіс қырларын көрсетеді.
Айтыс жанрын зерттеуге арналған еңбектерге шолу жасап талдай
отырып, бұл саланы зерттеудің әдебиеттануымызда тұрақталған
дәстүрлері бар екендігін баса айтқанымыз жөн. Айтыс жанрын
зерттеулердің негізгі бөлігі осы қарастырылғандар болып табылады.
Қол жеткізілген мәліметтер негізінде жасалған талдауларды
қорытындылай отырып айтыс жанрын зерттеу негізінен 4 түрлі
бағытта жүріп жатқандығын анықтаймыз:
1) Айтыс жанрын белгілі кезеңінің әдеби процесімен бірлікте
арнайы зерттелуі (Мәселен ХІХ ғасырдың екінші кезеңіндегі айтыс
ақындары, кеңестік кезеңдегі айтыс, тәуелсіздік кезеңіндегі айтыс;
2) Айтыс жанрының белгілі бір сипаттарын негізге ала отырып
зерттеу (Мәселен, импровизациялық, драмалық, публицистикалық,
сатиралық, психолингвистикалық, коммуникативтік т.б. сипаттарын
басты нысана ету);
3) Айтысты мәтінтанушылық тұрғыдан қарастыру (“Біржан – Сара
айтысының текстологиясы” т.б.) ;
4) Қазақ айтысын шетелдік зерттеушілердің қарастыруы.
Біз қарастырған еңбектерден аңғаратынымыздай, Қазақстандық
әдебиеттану ғылымында айтысқа қатысты біршама зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, негізгі ізденіс бағыттары айқындалып, айтыс табиғаты мен
болмысы таразыланғанымен әлі де түбегейлі зерттеулердің елеулі
бөлігі алдағы күннің еншісіне қалып отырғанын көреміз.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 151 - 168
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
167
ӘДЕБИЕТ
[1] Мыңжани Н. Қазақтың көне тарихы. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 б.
[2] Жармұхамедұлы М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. – Алматы:
Мұраттас, 2001. – 200 б.
[3] Әуезов М. Айтыс өлеңдері // Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор. Т.1. –
Алматы: ҚазССР Ғылым академиясының баспасы, 1948. – 229266 б .
[4] Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в 5 томах. – АлмаАта, 1985. – 432 с.
[5] Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 409 б.
[6] Мұқанов С. Халық мұрасы. – АлмаАта: Қазақстан, 1974. – 236 б.
[7] Қаратаев М. Үш томдық шығармалар жинағы. Т.2. – Алматы: Жазушы, 2003.
– 302 б.
[8] Ысмайылов Е. Ақындар айтысы // Қазақ әдебиеті. – 1964. 14 август.
[9] Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Білім, 1994.
[10] Садырбаев С. Фольклор және Жамбыл. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.
[11] Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы: Білім, 1996. – 304 б.
[12] Бердібаев Р. Дәстүр тағылымы. – Алматы: Жазушы, 1973, Бердібаев Р.
Ғасырлар толғауы.– Алматы: Жазушы, 1974.
[13] Радлов В. Образцы тюркской народной письменности. – Режим доступа
URL: www.zonakz.net. (дата обращения 25.2. 2016).
[14] Потанин Г. Материалы для историй Сибири. Режим доступа URL: www.
pushkinlibrary
.
kz (дата обращения 26.2. 2016).
[15] Нұрғалиев А. Айтыстың драмалық сипаты // Көкейкесті әдебиеттану. –
Астана: Күлтегін, 2003. 83 87 б.
[16] Жармұхамедов М. Айтыс өлеңдерінің текстологиясы жайында. Жинақ:
Қазақ әдебиетінің тарихы мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1973 – 232 б.
[17] Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. –
Алматы: Ғылым, 1976. – 200 б.
[18] Йылмаз М. Айтыс жанрының типологиясы (Қазақ және түрік халықтарының
материалдарының негізінде): ф.ғ.к. ... дис.автореф. –Алматы, 2010.
[19] Асанов К.Д. Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты: ф.ғ.к. ... дис.
автореф. – Алматы, 2010.
[20] Құсманова К.А. “Біржан – Сара айтысының” тілдік ерекшелігі: ф.ғ.к. ...
дис.автореф. – Алматы, 1999.
[21] Алтмышбаева Д.А. Интерпретация как герменевтический прием
акынской поэзии // Хабаршысы Известия КазУМОиМЯ им. Абылай хана, серия
Филологичекие науки. Алматы, 2015. №4. С. 110125.
Достарыңызбен бөлісу: |