Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет41/63
Дата25.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#127019
түріМонография
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
қара шаңырағында
талаптыға нұр жауар
» (З-Қ. – 
27.06.2003). «Шаңырақ» – киіз үйдің төбесіне құратын шеңбер. 
Қазақтар үшін ол отаудың, үй ошағының, отбасының символы болып 
табылады, сондықтан да оның бейнесін мемлекетіміздің елтаңбасынан 
да байқауымызға болады. Шаңырақ отбасылық жәдігер болып, 


93 
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырса, әкесінің отауының қара шаңырағы 
ұлдары үшін ерекше қастерлі де құнды болған. Сондықтан бүгінгі 
таңда «қара шаңырақ» деген тіркестің астарында «сыйлы, құрметті 
үй» деген мағына жасырынып, ол осы мысалдағыдай ауыспалы 
мағынада да қолданылуы мүмкін. 
«
Қаймағы бұзылмаған
қазақ қаласы қиял ма?..
» (ЖА. – 
19.04.2003). «Қаймағы бұзылмаған» «бастапқы қалыптағы, балғын, 
өзгеріске ұшырамаған» дегенді білдіреді. Сүт тағамдары ежелден 
қазақи дастарханның маңызды құрамдас бөлігі болып саналған. Сүт, 
қымыз, шұбат, айран, қатық, қаймақ және т.с.с. бір сөзбен «ақ» деп 
аталған. Және дастарханда жоғарыда аталған өнімдердің біреуі 
болсын болмауы ойға қонымсыз дүние болған. Сүт өнімдерінің 
осыншалық жоғары маңыздылығы, нәтижесінде, тілде көптеген 
тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз болды. 
«
Қой аузынан шөп алмайтын
момын қыздар ұнайды
» (Айғ. – 
17.01.2007). Қазақ халқында момын, ешкімге тиіп кетер зияны жоқ 
адамды «қой аузынан шөп алмайды» дейді. Осыған ұқсас 
фразеологиялық бірліктер орыс тілінде де («и мухи не обидит», «воды 
не замутит»), ағылшын тілінде де («he wouldn't hurt a fly») бар. Қарап 
тұрсақ, табиғатта зиянсыз, «момын» тіршілік иесі қой ғана емес, десе 
де қазақ тіліндегі фразеологизмнің «бас қаһарманы» болып аталмыш 
үй жануарының атануы бекер емес. Ертеден көшпенді өмір салтын 
ұстанған қазақтардың басты күн көрісі мал шаруашылығы болғаны 
белгілі. Әсіресе дәл осы қойды өсіріп, күн көретіндердің саны көп 
болды, өйткені төрт түліктің бұл түрі жем-шөпке де, климаттық 
жағдайларға да «талғампаз» емес әрі олар өте жуас. Қой жануарының 
осындай қасиеттері тілімізде «қойдан жуас», «қой аузынан шөп 
алмас», «қойдан қоңыр» сынды бірқатар фразеологиялық бірліктердің 
қалыптасып, кең айналымға енуіне негіз болды. 
Этнокогнитивті сипатқа ие осындай фразеологиялық бірліктер 
ресейлік: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет