Сұрау белгісі . Публицистикада сұрақ ретінде құрастырылған
тақырыпаттардың әсер етушілік қасиеті жоғары: тілші мақала
атауында оқырманға сұрақ қойып, оның қызығушылығын оятады және
қойған сауалының жауабын мақаланы толық оқығаннан кейін табуға
болатындығына ишара етіп, көздеген мақсатына жетеді.
1)
Сұрақ белгісі риторикалық сарындағы публицистикалық
тақырыпаттарда көп кездеседі. Мұндай мақала атаулары көбіне сұрау
есімдіктерінің негізінде: «
Балабақшалардағы қазақ топтарының "қазақшасы" қашан дұрысталады? » (СС. – 23.11.2010), «
Қазақстан алюминийiн не күтiп тұр? » (ЖА. – 14.03.1998) және сұраулық шылаулар
көмегімен туындауы мүмкін: «
Қытай жастары отансүйгiш, ал бiзде ше? » (З-Қ. – 22.05.1998), «
Қазақ БАҚ-ы әлемдiк БАҚ-пен бәсекелестiкке қабiлеттi ме? » (Ақ. – 2013. №1), «
Өгейлiктен құтылатын күн бар ма? » (П. – 1996. №5).
2)
Екі зат не құбылыстың бірін таңдау керектігін білдіретін
(бірыңғай мүшелі) альтернативті сұрақтар да осы тыныс белгісімен
ажыратылады:
«"Алтын адам" хан ба, әлде ханша ма? » (З-Қ. –
22.05.1998), «
Бүгiн мейрам, ертең той ма? » (З-Қ. – 02.08.1996).
3)
«Сұрақ-жауап» түрінде құрастырылған тақырыпаттар да
кездеседі: «
Бақыт қайда? Татулығы жарасқан отбасында » (ЕҚ. –
21.12.2010).
4)
Парцелляциялық құрылымдарда да сұрақ белгісін көп
кездестіруге болады: «
Қазағым, қайда барасың? Өз қайығымызды өзiмiз шайқамайық » (ЕҚ. – 03.11.2010).
5)
Күрделі публицистикалық тақырыпаттарда да бұл тыныс
белгісі жиі ұшырасады. Мұндай тақырыпаттардың ерекшелігі –
бірінші бөлімде тілші оқырманның қызығушылығын оятатын хабар
«айтып», екінші бөлімде оны толықтырып, мағынасын сәл ашады
немесе, керісінше, жаңа реңк беріп, шиеленістіреді де, реципиентті
мақала мәтінін толық оқуға итермелейді: «
Жыры бiтпейтiн Шардара немесе топан су қауiпiнен Сыр елi қашан құтылады? » (Айғ. –
20.02.2008), «
Қазақ радиосын қалай тыңдаймыз: немесе мемлекеттiк тiлдегi радио хабарлар ауыл тұрғындарына неге жетпейдi? » (З-Қ. –
18.07.2003), «
Қас шебердiң сыры немесе Жамбыл ескерткiшi қалай дүниеге келдi? » (З-Қ. – 23.08.1996).