2.5 Ішкі және сыртқы лексикалық синтагматика
Ф.де Соссюр, З.Харрис, дж.Лайонз, С.К.огден, в.вундт тіл
элементтері арасындағы мағыналық байланыстың түрлерін атағанымен,
оның тілдік ортада қалай айқындалып, орындалатынын болашақтың
еншісіне қалдырған. Жалпы синтагматиканын мәселелерін, негізінен,
синтаксистың аумағында алғаш қарастырғандықтан, лексикалық
синтагматиканың орыс тіл білімінде синтаксистің көлемінде ғана
ерекшеліктері қарастырылғанын байқадық. дегенмен, бұл мәселе
осы көлемнен кеңейіп, лексика, фонетика, морфология салаларының
сұрақтарын да қамти бастады.
Жүйелік байланыстар ерекшелігінің басты орын алған жері сөз
мағыналарының коммуникативті акті кезінде құбылуында және кон-
текст аясындағы қолданысқа түскендегі жағдайы. Бұл үрдістің лекси-
ка элементтері арасындағы мәндік қатынас ерекшелігіне деген әсері
күрделі мәселенің бір ұшпағын шығарады. Тілдік элементтердің
көлбеулі түрде бір-бірімен мағыналық байланысқа түсу ерекшелігі,
жалпы мәтіндегі ортақ бір байланысқа түсетін элементтердің тұтас
конструкциясының ерекше мағыналық қатынасы – зерттелмей жатқан
күрделі сұрақтардың бірі. Бұлардың арасында ішкі бір мәндік байла-
ныс бір логикалық мәнді қуалай отырып, барлық мәтіннің бөліктерін
біртұтас бөлікке тартып, сөздердің мағынасын ашады. ортақ
тұтастыққа синтагматикалық қатынас деген атау берсек, бұл күрделі
мәселені шартты атау ретінде белгілегендей боламыз, алайда бұндай
сөздер байланысын бұл аталым мәні толық ашып бере алмайтыны аян.
Бұл мағыналық байланыстың басты бөлшектері – зат, құбылыс пен
оның адам санасындағы бейнесі.
Кез келген сөз тіркесі, сөйлем немесе күрделі мәтінді алсақ,
сол мәтін құраушы адамның санасында зат, құбылыс бейнесі үнемі
сақталып, ойда тұрады. Сол себепті, заттар не құбылыстар кезектесіп,
қолданылып жатады. Автор жадында үнемі сақталып тұрғандықтан,
зат, құбылыстар бейнелері тілдің жүзеге асу, сөйлеу процесіндегі
қатынас немесе мәтін, оның ішінде, сөйлемдерде айқындық
дәрежесіне енеді. Түгел жалпы мәтінді қақ жарып, ортасынан қимыл-
қозғалыстың кезектесіп іске асуына әсер етуші ішкі мағыналық
қатынас өтеді, яғни ішкі лексикалық синтагматика барлық сөйлеудің
және күрделі тұтастықтың, тіпті, мәтіннің басты өзегі іспетті болады.
Бұл байланыстың үлкен не ұзын түрі және кіші не қысқа түрлері бола-
ды, яғни үлкен ішкі лексикалық синтагматика барлық семантемаларды
біріктіріп тұрса, кіші ішкі лексикалық синтагматика сөздердің қысқа
мағыналық үйлесуінен тұрады. Жалпы ішкі және сыртқы лексикалық
синтагматика сөйлеу не мәтін ішіндегі лексемалардың бір-біріне тар-
тылуынан көрінеді. Мысалы, торғай – жырлау; бантик – қыз бала; ит
– қарғыбау; ит – итақайына дейін басыну; ескерткіш – гүл шоқтары;
дастархан – тамақ мәзірі, түйе – жүк көтеру, жазушы – роман т.т. Ішкі
және сыртқы лексикалық синтагматиканың айырмашылығы, олардағы
сөздердің құбылған қолданысында жатыр. Е.С.Кузьмина: «ішкі
лексикалық синтагматика – мәнді, мазмұнды, бір ойға негізделген екі
не одан да көп сөздер мағыналарының байлаулы сипатта тіркесімдер
құрауы болса, сыртқы лексикалық синтагматика – сөздердің босаң
сипаттағы, яғни түрлі лексикалық құралдардың формалды байла-
нысы болады. Сыртқы лексикалық синтагматикаға сөйлемдерді бір-
біріне түйістіру үшін таңдап алынатын сөздер мен сөз оралымдарын
енгіземіз, сонда сыртқы синтагматика мәндік байланыстың көрсеткіші
болады», – дейді [32, 224]. Сыртқы лексикалық синтагматиканың
көріну үлгісі: «семема – семема1, семема2, семема3» болса, ішкі
лексикалық синтагматиканың үлгісі: «семема – семема1» болады.
Сыртқы лексикалық синтагматикада сөздер жұптарының мағыналы
ауысуы жүрсе, ішкі лексикалық синтагматикада ауысу жүрмейді,
себебі синтагматиканың басты өзегі болатын байлаулы сипаттағы
заттық-логикалық байланыс бұған жол бермейді. Мысалы, ішкі
лексикалық синтагматикаға: құдайдың жазғаны, тағдырдың жазғаны,
шегіртке шырылы, бал арасы, көкпар тарту, қош келу т.т. лексикалық
тіркесімдер жатса, сыртқы синтагматикаға: ит – үру, арпылдау, ырыл-
дау, қабу, тістеу, қыңсылау, абалау; балық – уылдырық шашу, аулау,
жүзу, сату, пісіру т.т. Егер «балық» – «үндемейтін» тіркесімін алсақ,
ол әлі зерттелмей жатқан ішкі лексикалық синтагматиканың күрделі
ұласқан түрі болады деп ойлаймыз.
«Аспан кеңістігі» сияқты сөздер легіне толы «тіл әлемінде» екі
сөздің бір-біріне тартылу құбылысы осы синтагматикалық байланыстың
тіл логикасында жатса керек. Бұл қатынастың тілдегі басты жүйелердің
бірі екендігін алғаш байқап, сөз еткен ғалым У.вейнрейх болатын. ол
бұл заттық-логикалық байланыстың семиотикаға да, семантикаға және
синтаксиске де ортақ болып келетін қасиеті бар екендігін аңғарады.
Бұған орыс тіл білімінде в.Г.Гак та қосылады, оның пікірінше, «барлық
тілдерде синтаксис семантикалық сипатта болады, өйткені олардың
176
177
элементтері мен категориялары сыртқы әсерлермен қарым-қатынасқа
үнемі түсіп отырады, ал семантика синтаксистік сипатта болады,
себебі жалғыз сөздің жеке тұрып, мәнін мағыналық құрылымының
қолданысқа түсу сипатын айқындауы мүмкін емес» [79, 367].
Лексика-семантикалық байланыс санадағы қатынастың тілдің
лексикалық жүйесіндегі бейнесі. Тілдегі жүйелердің осындай ерекшелігі
үнемі даму үстінде болғандықтан, оның синтагматикасының түрлену
аумағы үлкен, ал құбылу дәрежесі әрқилы болуы мүмкін. Мінеки, осын-
дай салдардан семантикадағы парадигматикалық қатынаспен қатар
жүретін лексикалық синтагматика мәселесі туындайды. Лексикалық
синтагматикадағы сөздердің бір-біріне тартылуы, бір-бірін табуы,
жақындауы, үнемі қатар қолданып, бара-бара бір мағыналық бөлшекке
айналуы, бекіп, тұрақты құрылымға тұрақталуы – терең тарихи про-
цесс. Бұлардың әрқайсысы көлемді жеке зерттеу тақырыптары,
сондықтан лексикалық синтагматика мәні, оның қолданыста болуы,
жүйелі талдауды қажет етеді.
Лексикалық синтагматиканың басында сөздердің бір-біріне тар-
тылу процесі тұрады. Сөйлемдегі немесе мәтіндегі әртүрлі заттар,
құбылыстар арқылы басты зат не құбылыс өзінің сипаттауын алады,
бұл сипаттау, суреттеу реалды ситуациядағы қатынастардың бейнесі
арқылы айқындалу дәрежесіне енеді. Енді не мәтін, не сөздердің
тіркесуі жағдайында бұл заттар мен құбылыстар мәні өздерінің ба-
сты бөліктері арқылы бөлініп, қатынасқа түсе бастайды. Мәселен:
ит – күзетші деген сияқты лексикалық синтагматикалық байланы-
ста парадигматикалық сөз ауысу әлсірейді де, сыртқы лексикалық
синтагматикалық байланыс нығайып, денотаттық, сигнификаттық
макрокомпоненттердің семалары бір-бірімен тіркеседі. Лексикалық не-
месе синтаксистік байланыс теңесетіндей дәрежеге түседі, сондықтан
«ит» сөзіндегі үлкен мағыналық бөлік немесе кіші семалар шоғыры
өзі үйлесетін сөздермен мағыналық байланысқа түсе береді. деген-
мен, басты зат не құбылыс өзінің басқарушы жағдайын ұстап тұра
береді, ал кіші мағыналық байланыстар адам ойында соңынан жүзеге
асатындай дәрежеде қолданысқа даяр тұрады. Адам интеллектісінде
көрінетін, яғни сөйлеуде білінетін сөздердің бір-бірімен қосылуы бар
да, интеллектінің қандай жағдайда екенін айқын көрсетпейтін оймен
ғана түсінілетін сөздердің қосылып қолдану жағдайлары болады. Жа-
сырын, ішкі сипаттағы лексикалық синтагматика орын алған жағдайда
синтагмалық қатарлардың жұптары белгісіз дәрежеде келеді, ал айқын
не сыртқы лексикалық синтагматикада сыңарлары анық көрініп
тұрады.
Бұлар өз алдына қалыптасқан модельдер жүйесін құрайды да,
сол үлгілер арқылы семантика синтаксистеніп, тіркескендей қалыпты
қабылдай бастайды. Мәселен: «балгер» сөзін алайық; балгер – бал
ашу лексикалық тіркесімі (қалыпты денотаттық байланыс); балгер –
үміттену, үміттің көзі (сигнификаттық қатынас); балгерге үміттенді;
балгер – бақсы (қалыпты морфемдік қатынас), сонымен бірге, таза
формалды-семантикалық байланыс болады. Бұнда лексикалық син-
тагматика солғын сипат алған, ал жасырын синтагматикалық қатынас
байқалмай тұр. Ал балгер – ақша табу (жағымсыз эмотемалар айқындық
сипатта); балгер – құмалақшы (парадигмалық қатынас айқындалып,
ішкі синтагматика байқалмайды, немесе солғын тартуы мүмкін, өйткені
синонимиялық қатар құрау өрісі орын алған); балгер – күнә (ислам
дінінде күнә, тек Алла тағала ғана пенденің өмірін алдын-ала болжау
мүмкіндігіне ие). Бұнда жасырын түрдегі лексикалық синтагматика, яғни
ойда тез құралатын мағыналық байланыстан алыс жатқан қатынас бар.
Балгер – жауырыншы (қалыптаспаған, көнеленген парадигматикалық
қатынас болуы тиіс, алайда бұл жағдайда жуыспайтын мағыналық
құрылымға ие жеке дара сөздер тіркесі синонимиялық қатар құрап
тұр. Бұлардың мағыналық құрылымы бір-біріне тығыз, жақын деп
айта алмаймыз, дегенмен, бір ортақ семантикалық өріс ішінде әлсіз
лексикалық синтагматикаға ие болу арқылы байланысып тұр). Балгер
– құмалақ салу (формалды-семантикалық қатынас); балгер – тас салу,
балгер – карта ашу, балгер – қорғасын құю, балгер – қорықтық құю,
балгер – түс жору, балгер – шаймен бал ашу, балгер – майшаммен бал
ашу т.т., яғни бұлар лексикалық синтагматикаға құралған лексикалық
тіркесімдер. Мысалы: балгер қой жауырынын отқа қыздырып, бал ашты
десек, осындағы отқа қыздыру лексикалық тіркесімі балгер сөзімен
сыртқы синтагматикалық байланысқа түспейді, себебі қой жауыры-
нын тек жауырыншы ғана отқа қыздырады. Таза формалды қатынас,
семантикалық байланыс құраушы итеративті семалық құрылым мына
тіркестерде ғана нақтыланады. Мысалы: бал ашу, үмітпен келу, еңбегін
төлеу, сеніп келу, сенбей келу, күнә деп қарау, жоқ іздеп бару, түс жоры-
ту, құмалақ салу, қасиетті адам, қорғасын құю, арқасы бар т.т. сөздердің
бір-бірімен байланысқа түсуі, бір семантикалық қоршаудағы сөздердің
бірлескен айналымынан тұрады (бұны Э.Косериу «лексикалық
бірлесулер» деп атады). Сыртқы лексикалық синтагматикадан тұратын
сөздерді бір семантикалық қоршауға біріктіріп тұратын семаны, яғни
байланыстырушы семантикалық компонентті в.Г.Гак «синтагмема»
деп атайды [79, 376]. Мұндағы басты зат, құбылыс «балгер» сөзіндегі
жүйелік қатынастардан туындаған соң, бұл сөздер тобы, өзара бір мәндік
байланысқа ұшырап, бір-біріне мағына жағынан тартылып тұр. Жалпы
лексикалық синтагматикадағы тартылу құбылысы – синтагматикалық
178
179
категория болады. Сондықтан сөздер мағыналарының оң (жағымды),
теріс (жағымсыз) полюстеріне қарай қатынасатын байланыстардың
ішіндегі ішкі жүйелік қатынас түрі болады. Тартылудың түпкі негізінде
заттық-логикалық қатынастың, іс-әрекеттің жүйелі сипатта келіп,
жүзеге асуы жатыр.
Бұл іргетастан барып, ішкі синтагматика мәселесі келіп шығады.
Ішкі лексикалық синтагматикалық қатынастың дамуы күрделі,
бірақ қызғылықты процесс. Бұнда в.Г.Гак көрсеткендей, итеративті
(семалық) байланыс сөздердің бір-біріне тартылуынан басталады,
ал моносемияның полисемантизмге айналуында семалық байла-
ныс жоғалып, бір сөздің құрылымындағы семалардың басқа сөздегі
семалық құрылыммен тікелей байланысуы орын алады. Сондықтан
бұл жасырын синтагматиканың парадигмалық қатынасқа да араласа-
тынын көрсетеді.
Лексемалар өзгермегенімен семемалар құбылып, синтагматикалық
қатынасқа түсіп, сөз парадигмалық қатарлары синтагмалық байланысқа
қабаттаса қолданылады. Бұл туралы «орыс тілінің семантикалық
өрісі» атты еңбегінде айтқан в.П.Абрамовтың пікірін келтірсек:
«Синтагматикалық қатынас парадигматикалық қатынас тудыра-
ды. Байланыстың синтагматикалық ұйымдасуы парадигматикалық
байланысқа қарағанда тілдің қолданыс аясына біртабан жақын
тұрады. Синтагматикалық байланыстан тілдің логикалық бірліктері,
ал парадигматикалық байланыстан сөйлеу бірліктері туады» [172,
100]. Лексикалық синтагматиканың жасырын түрде келіп, мағыналық
байланыстың ішінде таза синтагматикалық қатынас тудыратын
семалық құрылымның байланыс сипатына енуі парадигмалық мәндік
қатынас сияқты кейіпте көрінеді. Бұл оның алғашқы сипаты, ал ба-
сты зат, құбылысты білдіре бастауынан жасырын синтагматиканың
тілге енуі көрініп отырады. Мысалы: «тас» сөзін алалық; басты
денотаттық макросемасы «қатты», ал оның формасы, салмағы, түсі
айрықша логикалық негіз құрай алмайды. Бұл сөздің лексикалық
мағынасының сигнификаттық бөлігі нейтралды, ал коннотаттық бөлігі
екі сөзге ортақ синтагматикалық байланыс құрай алмайды. Енді сөзді
тілдік айналымға енгізіп, радиалды полисемия шегіне айналдыралық:
тас бауыр тіркесіміндегі тас сөзіндегі «қаттылық» семасы жұмсақ
орган бауырға ауыса кетті де, бауыр сөзінің мағынасына «қатты»
денотаттық семасын және жағымсыз коннотаттық семасын енгізді, ал,
негізінде, «бауыр» сөзі жағымды семадан тұрады. Содан антонимдік
парадигматикалық қатар түзелді: бауырмал - тас бауыр. Нейтралды се-
малар итеративті байланыс арқылы көшпей қалады, ал «тас қараңғы»
сөз-синтагмасын алсақ, «көзің байланғандай немесе көзің бірдеңеге
тірелгендей», яғни «қыл тығуға келмейтін бітеу» деген сигнификаттық
макросемаға негізделген лексикалық синтагматика орын алған. Мұнда
нейтралдылық қалып сол күйінде, алайда «қаттылық» айырушы сема-
сы дамып, ауысудың басқа сипатына енген. Тас бауыр, тас қараңғы,
тас жүрек лексемалары бір-біріне әбден тартылып, «бауыр басып»,
әбден бекіп, қалыптасқан, тұрақты тіркестер дәрежесіне көтерілген
сөз-синтагмалар, енді бұлардың мәнінде «туысқан, мейірімді не адам
ағзасы» денотаттық макросемалар мүлде жоқ деуге болады. Бұлар өз ал-
дына лексикалық синтагматикалық қатынасқа негізделген сөздер легін
құрайды, бірақ оларды аралас парадигмасы бар сөздер тіркесімі деп те
алуға болады. Сонда семантикада орын алған жасырын синтагматика-
дан идиомалық құбылыс басталады деген қағиданың жаны бар. Бұл,
әрине, сөздің лексикалық мағынасындағы ақпараттың көлеміне де бай-
ланысты болады. Сонда жасырын түрдегі лексикалық синтагматикаға
сөздердің түсу негізінде ақпарат, индивидтің ой дәрежесі, іс-әрекет,
гнесиологиялық бейне, жалпы логикалық негіз жатса керек.
Ішкі ой желісі немесе заттық-логикалық байланыс бір сөзден бір
сөзге беріліп, лексикалық тіркесімге айналып, тіпті, сөйлем аясына сый-
май, күрделі синтаксистік тұтастыққа немесе мәтінге ұласып жатады.
Жасырын синтагматикалық жүйе адам ойының схемасы ретінде осы
категорияларға ұласып, дами беретіні сөзсіз, сондықтан лексикалық
синтагматика тек мән қуу емес, ой желісінің берік мағыналық тұтастық
құрап орнығуында жатыр. осыдан барып, жасырын синтагматика,
лексикалық синтагматика, күрделі синтаксистік тұтастық, мәнмәтін
болып, ұласып барып жіктелуі мүмкін. Жасырын синтагматика тіл
деңгейінен үнемі шығып, ойға, термдерге, жалпы логикадағы ойды
құраудың еншісіне кетіп қалады.
Бүгінде тілдегі адамның ойлауындағы мән, ой, ойлау сөздер
тобының жинақталуын қарастыратын когнитология ғылымындағы
басты категория – концепттердегі жасырын синтагматиканың көріну
дәрежесін айқындау өз алдына жеке мәселе екенін айта кету керек.
Жоғарыда айтылған «балгер» сөзінде айтылған «құмалақ салу, бал
аштыру, түс жорыту» сөз тіркестерінде халқымыздың мәдени өмірінің
суреті көрінеді. Бұл жасырын синтагматиканың ұлттық мәдениет
әсерінен өзгеріп, құбылып, идиомаланып, әртүрлі ерекшелікке ие болу-
ын көрсетеді. Ендеше, лингвомәдениеттану ғылымындағы зерттеу ны-
сандары болатын сөз бірліктерінің мағыналық байланыс ерекшелігін
зерттеу – лексикалық синтагматиканың тағы бір ерекшелігін ашары
сөзсіз.
Құрылымдықтан антропологиялық, яғни когнитивті тіл біліміне ау-
ысу жүргенімен солармен бірге сөз бірліктерінің синтагмалық қатарлар
180
181
құрау мәселесі де бірге болатыны анық. Бұл туралы З.д.Попова,
И.А.Стернин концептілердегі семалардың когнитивті өзгерістері
мен түрленуін көрсетеді [173, 200]. Антропологиялық лингвистикаға
енетін когнитология, лингвомәдениеттану, когнилингвомәдениеттану
ғылымдары құрылымдық лингвистикадан кейін дамып, мынадай ка-
тегорияларды зерттеуді мақсат етеді. Бұлар: фреймдер, фигуралар,
сценарийлер, ойсурет, схема, концепт, скрипт, культурема, концепт т.т.
Фреймдер когнитологияға құрылымдық семантикадан ауысып отыр,
сондықтан бұның негізінде сөз бірліктерінің арасындағы семантикалық
синтагматиканың ой желісі жатыр. Бұған Е.К.войшвиллоның сөзі
дәлел болады: «Нысандардың өмірдегі іс-әрекеттері логикадағы диспо-
зиционалды делінетін ұғымға келеді. Бұл ұғым белгілі бір жағдайларға
заттар мен құбылыстардың белгілі бір түрде үйлесіп, жақын тұрып,
көрінуінен байқалады. Мысалы: «қозғалыс» балық жүзеді, жы-
лан жорғалайды, құс ұшады, от жанады, ағаш өседі т.т.» [174, 133].
Сондықтан когнитивтіліктің құрылымдарына: когнитивті механизмдер,
когнитивті процестер, когнитивті операциялар, когнитивті білімдер
жиынтығы жатады. Бұлардың бәрінде дерлік мәндік байланыстар жа-
сырын түрде келіп отырады.
Ал сыртқы лексикалық синтагматика когнитологияда ғаламның
тілдік бейнесінен, оның концептуалды жүйесінен көрінеді. Бұлардың
ішінде жасырын синтагматика да болады. Семантемалар, семалардың
иерархиялы жүйелік құрылым ретінде логикалық каркас құрайды.
Бұл ойлардың жиынтық байланысында сыртқы, көбіне, синтаксистік
семантикаға жақын синтагматика орын алады. Семантемалардың
инварианты семантикадан когнитологияға ауысып, ғаламның тілдік
бейнесінің бір жүйесін құрайды. Ж.П.Соколовская сыртқы синтагма-
тикадан таза семантикалық категория байқалатынын айтады. Әсіресе,
семантемалардың комбинаторлы өзгерісінде сыртқы лексикалық
синтагматика айқын дәрежеде жүреді. Бұл туралы ол мынадай пікір
келтіреді: «Семантикадағы логикалық каркасты семантикалық аксиома
ретінде қабылдау керек, өйткені семантикадағы барлық қатынастарды
мәндік қатынастар құрайды, бұларды өз алдына иерархиялы семалар-
дан тұратын семантемалардың негізінде көреміз» [64, 94].
Кейбір ғалымдар сыртқы лексикалық синтагматиканы таза
сөйлемдік бірлік ретінде түсінеді. олардың ойынша, сыртқы синтаг-
матика сөйлемді байланыстырушы механизміне, сөздерді байланысты-
рушы ғана қызметке ие жүйелік байланыс. Мысалы, М.И.Жинкиннің
ойынша, «лексикалық синтагматика ол жасырын синтагматикадан
тұрады, ал сыртқы синтагматика синтаксистік қатынастарға негізделеді»
[175, 14]. Лексикалық синтагматика сөздер мен лексикалық тіркесімдер
арасында болса, одан жасырын синтагматикалық қатынас көрінеді,
ал сөйлем және мәтін деңгейінде сыртқы синтагматика тән болады.
Сөйлемдер ішіндегі синтагматикалық қатынас лексикалық синтагмати-
кадан тұратынын в.Г.Гак өз еңбегінде дәлелдеген болатын. Мәселен,
етістіктің сыртқы синтагматикалық байланысын ол былай көрсетеді:
«Жылан ініне жорғалады. Құс ұясына ұшып келді. Бұнда жорғалау
(аяқсыз) – жермен, жерде; ұшу (аяқсыз) – ауамен, ауада». Сонымен бірге,
жылан ініне, құс ұясына тіркесімдеріндегі жүйелік байланысты синтаг-
мемалар арасындағы байланыс ретінде, сонымен қатар, оның үстіне,
лексико-семантикалық топтың ішіндегі синтагматикалық қатынасты
көрсетеді [79, 376]. Әрине, синтагмемалар қызметінде сыртқы фак-
торлар әсерінен қарапайым мағыналық байланыстың туатынын жоққа
шығармаймыз. Мысалы: қызыл түс – қан; көгілдір – аспан; ақ – қар;
сары – дала; қоңыр – үй; жирен – жылқы; шабдар – бие т.т.
Сыртқы лексикалық синтагматикалық байланысқа семалық
құрылымның бір-бірімен тікелей байланысқа түсіп, үйлесуін жатқызуға
болады. Лексемалардың арасындағы итеративтілікке жататын бұндай
байланыс тіл элементтерінің өн бойында болғандығынан синтагмема-
лар сияқты сөздер тобы қалыптасады. Мәтіндегі сыртқы лексикалық
синтагматикалық байланысты аңғару үшін сөз бірлігін алып тастау
жеткілікті. Ал жасырын сипаттағы ішкі синтагматика бұндай тәсілге
көне қоймайды. Сыртқы синтагматикалық байланыс – лексикалық,
грамматикалық құралдар арқылы формалды көрсеткіштен көрінеді.
Бұған концептілердегі, лингвокультуремалардағы сөздің сыртқы түр
және оның лексикалық мағыналарының байланысын жатқыза аламыз.
Парадигматиканың солғын көрініс табуына, жалпы алғанда, сыртқы
синтагматикалық қатынас өз әсерін тигізуі мүмкін екенін естен шығаруға
болмайды. Н.З.Котелова, Ж.П.Соколовская, Н.в.Юдина, Н.Г.Архипова
т.т. зерттеушілердің еңбектеріндегі лексикалық тіркесімділік термині
осы сыртқы және ішінара ішкі қатынасты білдіреді.
Қорыта келгенде, лексикалық элементтер тілдің лексикалық
жүйесінде сөздердің жасырын не анық, байлаулы не босаң, шектеулі
шектеусіз сипаттағы заттық-логикалық және сезімдік мағыналық
көрсеткіштерге негізделген қатынасын құрайды. Бұл қатынастарды,
шартты түрде, ішкі және сыртқы лексикалық синтагматика деп атай-
мыз.
Достарыңызбен бөлісу: |