Хасанов indd


 Мәнмәтін және мәтіндегі жасырын лексикалық



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
Хасанов Ғ.Қ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы

4.4 Мәнмәтін және мәтіндегі жасырын лексикалық 
синтагматика
Жалпы  тіл  білімінде  бұрын  жеке  тұрған  сөздің  мағыналық 
қырлары лексикалық семантикада толық жүйеленіп жүр еді, ал оның 
басқа  сөздермен  байланыса  жүзеге  асқандағы  беретін  мағынасы 
зерттеуден  қалыс  қалып  жүргендіктен  оны  тексеретін  синтаксистік 
семантика  ғылымы  қалыптасқан  болатын.  Лексикалық  семантика-
да  қарастырылған  жеке  сөз  бірліктерінің  тұтасқан  күйдегі  жағдайы 
синтаксистік  семантика  аясына  сыймай  мәтін  семантикасы  деп  ата-
латын  дербес  ғылымды  қалыптастырды.  Мәтін  семантикасында 
жеке  сөздердің  мәтін  бойында  құбылуынан  бастап,  тұтас  мәтіннің 
мағыналық құрылымы, мәндік байланысы сияқты бірқатар мәселелер 
зерттеледі.  Құстардың  ұшып  келіп,  жиналатын  жері  көл  болса,  сол 
сияқты мәтін де жеке сөздердің барар соңғы нүктесі, жиналар мекені 
болады. Мәтінде сөздер қалай болса солай үйіле салмайды, олар тілдің 
ішкі  және  сыртқы  жүйелі  тәртібіне  сай  жинақталады.  Жиналудың 
сыртқы тәртібі мықты тартылған баулар сияқты синтаксистік конструк-
циялар  болса,  ішкі  тәртіп  сөздердің  ішкі  мағыналық  құрылымдары 
болады.  осыдан  келіп,  мәтін  лингвистикасында  мәтін  синтаксисі 
мен  мәтін  семантикасы  қатар  жүйеленіп,  басты  зерттеу  нысаны 
болады.  Мәтін  лингвистикасында  мәтінді  психолингвистикалық 
тұрғыдан    Ю.А.Сорокин,  грамматикалық  тұрғыдан    в.Г.Адмони, 
мәтін  құрылысын          о.И.Москальская,  З.Я.Тураева,  И.Р.Гальперин, 
А.И.Новиков  т.б.  қарастырып,  мәтін  синтаксисі,  мәтін  семантикасы, 
мәтін прагматикасы деген түрлерін бөлген болатын [286]. Мәтін мен 
сөздер  тілдің  қалыпты  өмір  сүруінің  көрсеткіші  болады,  яғни  мәтін 
мен  сөздер  үнемі  тығыз  бірлікте  болады.  З.д.Попова,  И.А.Стернин 
мәтінді құрылыстағы байланған арматураларға, сөздердің жиынтығын 
сонда құйылатын бетонға теңейді, яғни «құрылымдық сызбалар әзір 
тұрған  арматура  сияқты  бетон  ретіндегі  сөзформаларымен  толтыры-
лады»  [173,  330].  Бетон  құйылған  соң  бұзылмас,  өмірлік  монолит-
ке  айналғаны  сияқты  мәтін  де  өзара  үйлескен  сөздердің  бұзылмас 
тұтастығы болады. Мәтін синтаксисінің басты жүйелі бөлшектерінің 
(тема,  рема)  байланысы  кіші  формалық  байланыстарға  қатысты  бо-
лады,  ал  кіші  бөлшектердің  байланысы  синтаксистік  синтагматика 
бойынша жүзеге асады. Синтаксистік синтагматикаға түскен сөздерді 
мәтінде біріктіруші күш мәтін синтагматикасы болады. Бұл ірі қатынас 
кіші  бірліктердің  лексикалық  синтагматикасына  негізделеді.  Хабар-
лау да айтылым да екі басты тәртіп бойынша құралғандықтан мәтін 
сөйлеу  әрекетінің  процесі  мен  нәтижесі  ретінде  ірі  тілдік  бірлік  бо-
лып  табылады.  Бірлік  болғандықтан  мәтін  біртұтас  құрылым  бола-
ды, сол себепті онда денотаттық жағдай, сигнификаттық дерексіздік, 
коннотаттық бағалау, модалдылық, шақтық, мақсаттық сияқты бөліктер 
мәндік бөліктер болып, өзара қиылысып жатады. осыған орай, мәтін 
лингвистикасы мәтінді тілдің синтаксистік деңгейінің жоғары бірлігі 
ретінде  қарастырады.  Мәтін  синтаксисі    мәтін  байланысының  фор-
малды көріністерін және байланысу құралдарын, сөздер тәртіптерінің 
ерекшеліктерін  қарастырады.  Ал  мәтін  семантикасы  тыңдаушы 
мен  сөйлеушінің  арасындағы  мағынаны,  мәтіннің  мағыналық 
бөлшектенуін,  мәтінді  мәнді  және  ұғынықты  ететін  пресуппози-
цияларды  тереңірек  қарастырады.  Мәселен,  «Пресуппозицияларға 
сүйенгендіктен сөйлеушілер ойларын артық сөздермен білдірмей-ақ, 
ойдың бөлігін «мәтін сыртында қалдыра алады». – Қарным ашып тұр. 
– Бұрышта асхана бар [24, 337]. Мәтін семантикасы құрылымдық линг-
вистикадан бастау алғандықтан, мәтінді ірі бөліктерге бөліп зерттейді. 
онда екі үлкен байланыс қарастырылады; бірінші, мәтін синтаксисі ая-
сында зерттеліп жүрген шартты құралдардың құрылымдық байланы-
сы, яғни когезия және мәтін мазмұнынының мәндік байланысы, кон-
цептуалды бірлігі, яғни когерентілік. Алайда бүгінде кіші когезиялық 
байланыс  мәтін  семантикасы  тұрғысынан  сөз  болуда,  сондықтан 
лексикалық  когезия  ұғымы  мәтін  семантикасында  зерттеле  бастады. 


310
311
Сонымен  қатар,  тема-ремалық  мүшелену  де  мәтін  семантикасында 
зерттелуде  және  теманың  кіші  бөлігі  жоғары  фразалық  біртұтастық 
ұғымы  осы  аяда  зерттелуде.  Жоғары  фразалық  біртұтастықтар 
ішінде  сөйлемдер  бір-біріне  жалғасып,  бірінің  мәнін  бірі  айқындай 
жүйеленеді.  осы  тізбектелу  мағыналық  біртұтастық,  яғни  бірігулер 
арасындағы  синтагматика  бойынша  жүреді,  сондықтан  мәтін  семан-
тикасы аясындағы синтагматиканың бұл түрін зерттеу – болашақтағы 
міндет.  Мәселен,  ғылыми  мәтіндегі  синтагматика  мәселесі  Е.С. 
Кузьминаның  зерттеуінде  синтаксистік  тұрғыдан  қарастырылады 
[32, 193]. М.А.Шелякин: «дыбыстардың синтагматикасы буындарды, 
морфемалар  мен  сөздердің  синтагматикалық  қатынасы  сөйлем  син-
тагматикасын,  сөйлемдердің  синтагматикасы  тұтас  мәтіндерді  және 
мәтін синтагматикасын туғызады», – деп көрсетеді [287, 160]. Мәтін 
прагматикасы  әртүрлі  прагматикалық  функцияларды  орындайтын 
тілдік құралдарды мәтінде анықтауға негізделеді. Нақтырақ айтқанда, 
«мәтін  прагматикасы  айтушының  мақсатына  сай  тыңдаушыға  әсер 
етудің  тиімділігін  арттыру  үшін,  яғни  мәтін  ойға  алғанды  жеткізу 
үшін  айтушы  (баяншы)  басшылыққа  алатын  коммуникативтік 
шарттарды  зерттейді»  [254,  4].  Таңбалардың  оларды  қолданушы 
адамдарға деген қатынасын білдіретін «прагматика» (грек. прагматос 
– іс-әрекет) терминін алғаш Ч. Моррис енгізген еді [288, 37-88]. Мәтін 
прагматикасының бірлігі сөйлеу актісінің дж.остин үш түрін бөледі: 
локуция  (сөйлеу  қызметі),  иллокуция  (сөйлеушінің  ойын  беретін 
сөйлеу қызметі), перлокуция (тыңдаушыға сөйлеу әсері) [289, 22-29]. 
И.Р.Гальперин  Цветан  Тодоровтың  мәтіндегі  вербалды,  синтаксисті, 
семантикалы  параметрлерге  жіктеуін  және  Н.Э.  Энквисттің  мәтінді 
мағыналық  түрде  бөлуін  келтіреді.  «Н.Э.Энквист  мәтіндегі  тілдік 
параметрлерді  үш  басты  бөлікке  бөледі:  тема  (topic),  фокус  (focus), 
байланыс (Linkage). Тема – мәтіннің негізгі мазмұны, фокус мәтіндегі 
белгіленген  элементтері  (сөз,  сөз  тіркестері,  сөйлем,  стилистикалық 
әдістерді) бөлетін болса, ал байланыс не жалғау айтылымның әртүрлі 
үзіктерін  біріктіруші  құрал  болады»  [290,  19].  Түркі  және  қазақ  тіл 
білімінде мәтін лингвистикасының мәселелері Қ.Жұбанов, К.Мұсаев, 
Н.З.Гаджиева, Б.И.Татаринцев, К.М.Абдуллаев, С.Ж.Мұсаев, Р.Сыздық, 
Е.Жанпейісов,  М.Серғалиев,  Х.Кәрімов,  Р.Әмір,  Х.Нұрмұқанов, 
Г.Смағұлова, Н.Уәли, Б.Шалабай, о.Бүркіт, А.Алдашева, Ж.Жакупов, 
А.Салқынбай, д.Әлкебаева, Г.Әзімжанова, Н.Құрманова еңбектерінде 
қарастырылып, топтастырылған. Бұл зерттеулерді шолғанда, бүгінде 
мәтін  лингвистикасында  осы  топтастырулар  негізінде  жіктелулер 
жүйеленіп,  қарастырылуда  екені  аңғарылады,  сондықтан  мәтін 
ішіндегі  синтагматика  осы  басты  құрылымды  бөліктер  арасында 
байқалады. Әсіресе, лексикалық синтагматика мәтінді зерттеудің мәтін 
стилистикасы бағытында байқалады. Г.Смағұлова: «мәтін стилистика-
сы  тілдік  единицалардың  жүйелі-құрылымдық  сипаты  мен  мәтіннің 
функционалды-стильдік  мәртебесін  анықтау,  әрі  оны  талдаудың 
әдістерін нақтылау», – деп анықтайды [291, 15]. Г.М.Әзімжанова мәтін 
құрылысындағы  негізгі  параметрлерге  тұтастық,  байланыстылық 
және үздіксіздік жататынын көрсетеді. ол былай деп жазады: «Мәтін 
тұтастығы,  бір  жағынан,  тұтас  жалпы  мәтінмен,  екінші  жағынан, 
эксплицитті  және  имплицитті  сөйлемдер  арасында  фразадан  тыс 
бірліктерді  байланыстырушы  тәсілдерді  пайдалану  арқылы  ашыла-
ды. Мәтін байланысы сөйлемдер мен фразадан тыс бірліктердің өзара 
шарттылық байланыстығына негізделеді. Мәтін байланысымын зерт-
теу оны құрайтын және олардың арасындағы синтагматикалық және 
парадигматикалық қарым-қатынасын болжайды», – дейді [254, 92 б.]. 
Мәтінде  мағыналық  тұтастық  темалардың  иерархиялы  құрылымда 
болуына байланысты болады. Жалпы тема – мәтіннің мәндік ортасы, 
яғни мәтіннің жалпыланған мазмұны болса, жекелеген темалар жал-
пы теманы жан-жағынан ашатын шеткері жақтары болады. Жекелеген 
темада табиғат, пейзаж, кейіпкерлердің ішкі дүниесі, оқиғалар, қарым-
қатынастар  т.т.  бөлшектердің  жалпыланған  мағынасы  нақтыланады. 
Тұтас  мәтіндігі  мәннің  нақтылануы  немесе  айқындалуы  кіші 
мағыналық мәтіндерде орын алады, сондықтан кіші мағыналы мәтін 
мәтін  семантикасының  басты  зерттеу  нысаны.  Мәтіндік  фрагмент, 
үзік, мазмұнды ой, мәнмәтін, кіші мәтіндік құрылым сияқты аталым-
дармен таңбаланған бұл тілдік бірлікті зерттеу контекстік семантика 
деп аталатын жеке саланы қалыптастырды.
Мәнмәтін туралы анықтамалар көптеп саналады, алайда оның ба-
сым көпшілігі бұл ұғымның мәнін айқын аша алмайды. Контекстік се-
мантиканы  зерттеген  Г.в.Колшанский:  «Система  языка,  складываю-
щаяся из всей совокупности синтагматических и парадигматических 
отношений, является потому системой, что она скреплена отношения-
ми между субстанциональными единицами, каждое звено которых – 
пучок  конкретных  отношений  и  можно  определить  как  контекст»,  – 
дейді  [116,  20].  Ал  синтагматикалық  қатынастардың  контекске  әсері 
туралы «тілдік единицаның өз ішінде және контекстегі единицалардың 
арасында  синтагматикалық  қатынастардың  болуы  ішкі  және  сыртқы 
контекст туралы ілімді тудырады» деген пікірді дұрыс деп білеміз [292, 
35].  Жалпы  түркітану  мен  қазақ  тіл  білімінде  мәтін  лингвистикасы 
қарастырылғанымен  [254,  5],  оның  ішінде,  мәнмәтін  мәселесі,  оның 
семантикасы қарастырылмаған, яғни «түркі тіл білімінде, оның ішінде, 
қазақ тіл білімінде, контекст құбылысы арнайы зерттелген жоқ. Тіпті 


312
313
сипаттамалық  деңгейдегі  шағын  мақаланы  да  кездестіре  алмадық» 
[292,  30].  дегенмен,  Б.И.Татаринцев  тува  тіліндегі  мәндік  байланы-
старды  зерттегенде  мәнмәтіннің  түрлерін,  олардың  лексикалық 
тіркесімділікті нақтылар әсеріне тоқталады. «Лексикалық тіркесімділік 
ұғымы мен контекст ұғымы тілдік жағдайда бір-біріне жақын келеді. 
Тіркесімділік сөздің жиынтығы және тізбектеле жүзеге асу жағдайы 
болса, контекст сөз мағынасының жүзеге асу жағдайы болады. Мәселен, 
Бөгун агаар эки-дир, хаванны ийикпе хайыраканны ужурар боор бис, 
яғни бүгін күн райы ашық, қабанды немесе аюды, мүмкін, өлтірерміз. 
осында  ужур  «өлтіру»  етістігі  (орыс  тіліндегі  убить,  свалить 
мағынасына  келеді),  тува  тілінде  тек  аң,  жануарға  байланысты 
қолданылып,  контексте  аңдар,  хайуандар  атауларымен  тіркесімділік 
құрап,  нақтыланып  тұр»  [135,  80].  Мәнмәтіндік  мағынаны  мәтіндегі 
тұтасқан лексикалық бірліктердің мағыналары түзеді, әсіресе, көркем 
мәтіндегі  мәнмәтінде  бір  сөйлем  ішіндегі  сөз-синтагмалар  бірқатар 
сөздермен байланысқа түсіп, басқа сөйлемдердің мәнін ашып тұрады. 
«Көркем  мәтіндегі  лексикалық  бірліктердің  өзіне  тән  мағыналық 
тәрпіпке келтірілуі, бір жағынан, сөзде тілдің эсетикалық қызметінің 
іске асуымен көрінсе, екінші жағынан, объективтіліктің (белгілі бір та-
рихи дәуірге деген жалпы тілдік жүйенің сапалық және сандық сипат-
тамасы)  және  субъективтіліктің,  суреткердің  тілдік  материалды 
таңдауы  мен  пайдалануында  көрінетін  тұрмыстық  шығармашылық 
дүниетанымы бір-біріне жақын әсер етуіне себепші болады» [254, 14]. 
Қазақ  тіл  білімінде  мәнмәтін  ұғымын  функционалды  синтаксис 
тұрғысынан  зерттеген  Ж.А.Жакупов:  «контекст  дегенді  белгілі  бір 
тілдік  единицаның  ортасы  және  сол  орта  арқылы  өз  мағынасын 
нақтылай түсуінің жағдайы, шарты деп ұғынуға болады», – деп жазады 
[292, 30]. Лексикалық мағынаның тілдік жүйеде нақтыланатын жағдайы 
контекст  болғандықтан,  бұл  екеуі  теория  мен  практика  сияқты  егіз 
ұғым  болады.  Е.Курилович  тілдік,  лексикалық  мағынаны  бастапқы 
функция, ал контекстен туатын мағынаны құрылымдық функцияларды 
жүзеге асырушы ретінде екінші дәрежелі функция деп атайды. Тілдік 
бірліктердің бастапқы функциясы тәуелсіз болады да, екінші дәрежелі 
функция  семантикалық  контекстке  тәуелді  болады  [293,  411].  Сонда 
сөздердің лексикалық синтагматикасының да көрінетін тұсы, ортасы 
мәнмәтін  болады,  яғни  мәнмәтіннің  семантикасы  әрбір  семеманың 
мағынасынан  құралады.  осы  ерекшелікке  сүйенсек,  «контекстің  екі 
типін мойындау қажет болады. олар: 1. Құрылымдық немесе ішкі кон-
текст,  басқаша  айтқанда,  тілдік  единицаның  синтагматикалық 
құрылымы;  2.  Функциональдық  немесе  сыртқы  контекст,  басқаша 
айтқанда,  мәтін  единицаларының  арасындағы  синтагматикалық 
қатынастар. Сөйлемнің мүшеленуі бұндай жағдайда ішкі синтаксистік 
контекст, ал мәтіндегі сөйлемдердің байланысы сыртқы контекст бола-
ды. осыдан келіп, ішкі контекстің нағыз өзі, ал сыртқы контекст мәтін 
болып  есептеледі»  [292,  35].  Бүгінде  мәтін  лингвистикасында 
контекстердің мынадай түрлері жіктелген: коммуникативті мәнмәтін, 
сөз немесе сөйлеу мәнмәтіні, мәдени мәнмәтін, семантика-синтаксистік 
мәнмәтін. Сөйлеуге, айтылымдық синтаксиске байланысты – лексика-
семантикалық мәнмәтін және семантика-синтаксистік (грамматикалық) 
мәнмәтін, көркем мәтін аясында айнымалы мәнмәтін (өз ішінен тағы 
кіші мәнмәтіндерге бөлінеді), стилистикалық мәнмәтін, ситуациялық 
мәнмәтін.  Ситуациялық  мәнмәтін  теориясын  Лондон  лингвистика 
мектебі өкілдері қалыптастырған. «Лондондықтар сөйлеу әркетін (ау-
ызша, жазбаша) орындап тұрған адам қайтседе қандай болмасын кон-
текст  аясында  болатындығын  дәлелдейді.  Фонетист,  –  дейді  Лондон 
мектебінің өкілі дж. Ферс, – өзінің фонетикалық контексімен, грамма-
тикашы мен лексикограф өздерінің контексімен айналысады. Ал егер 
бұған  мәдени-тарихи  ортаны  қоссақ,  біз  адамдардың  өмірлік 
тәжірибесіне тән контекспен жұмыс істейміз. Әр адам қайда барса да, 
әрқашан өзінің мәдениеті мен әлеуметтік бөлшегін өзімен бірге ала ба-
рады»  [292,  38-39].  И.С.  Куликова  мәнмәтін  көлемі  ұғымын  енгізіп, 
«мәнмәтіннің  көлемінде  тақырыптық  мән,  нақты  лексикалық 
қамтылулар, нақты сөздің өзектенуі болады», – деп жазады [294, 33]. 
Сонда мәнмәтін теориясы бойынша елеулі жұмыстарды, Н.Е.Кунинаның 
көрсетуінше, Лондон (Ферс мектебі), Санкт-Петербург (Н.Н.Амосова 
мектебі),  Мәскеу  (Г.в.Колшанский  мектебі)  мектептері  ғалымдары 
орындаған [72, 92]. Б.И.Татаринцев: «айнымалы мәнмәтін лексикалық, 
синтаксистік,  морфологиялық  және  аралас  мәнмәтіндерге  бөлінеді. 
Лексикалық тіркесімділік нақтыланатын лексикалық мәнмәтін болады, 
ал  лексикалық  мәнмәтін  синтаксистік  қатынасқа  емес,  тек  сөздің 
лексикалық мағынасының басқа сөздермен мағыналы түрде байланы-
суына негізделген семантикалық жүзеге асқан сөздердің контекстуал-
ды жиынтығы», – дей келе, лексикалық мәнмәтінде тува тіліндегі ка-
рак (көз) сөзінің әртүрлі тіркесімділікке түсетінін талдайды [135, 82]. 
Стилистикалық  мәнмәтін  сөздің  бейнелі-мағыналық  өзгеріске  түсіп 
барып,  синтагмалық  қатынастарға  түсуінен  туындайды,  яғни  бұнда 
денотаттық,  сигнификаттық  бөліктермен  қатар  темалық  жағдайында 
коннотаттық бөлік басым күйде болады. Сонда лексикалық синтагма 
сөйлем мәнін ұйымдастыруымен қатар, күрделі синтаксистік тұтасым 
ішінде  және  мәтін  бойында  әртүрлі  стильдерді  білдіруші  құрал 
қызметінде келеді. Мәнмәтіндерді қандай түрі болмасын лексикалық 
синтагманы нақтылап, үйлесу дәрежесін айқындап отыратын өлшем 


314
315
ретінде  қабылдауды  дұрыс  деп  санаймыз.  Бір  ғана  тілдің 
семасиологиялық  аясында  алғанда  да  контекстің  шешуші  қызметін 
айқын көруге болады. Мәнмәтін полисемия, синоним, антоним, омо-
ним,  метафора,  метонимия,  синекдоха,  жалқы  және  жалпы  есімдер, 
фразеологиялық тіркестерде де мағына айқындау қызметін атқарады. 
«в.И.Сергеев чуваш тіліндегі «ағаш» деген көп мағыналы сөзді (он екі 
мағынасы  мақалада  берілген)  мысал  ғып,  синтагматикалық 
байланыстардың көп мағыналы сөздің контекстегі «бір мағыналылығын» 
ашып  айқындайды»  [292,  43].  Мәтіндегі  синтагматиканы  алғаш 
қарастырған  Х.Нұрмұқанов  басты  тірек  денотаттық  жағдайдың 
үйлесімді түрде сөйлеммен берілуіне қатысты болады, ал егер берілмесе 
синтагматиканың бұзылатынын көрсетеді. Мысалы: «Жазушы екінші 
бір шығармасында кейіпкеріне «Бірлігі кеткен ел жаман... осыларды 
ойлағанда  омырауымды  қан  жуса,  өңменіме  оқ  қадалғандай  болам» 
дегізіпті [Е., 66]. ...Сөйлемімізді «осыларды ойлағанда, өңменіме оқ 
қадалып,  омырауымды  қан  жуғандай  болам»  түрінде  құрғанымыз 
дұрысырақ.  Себебі  омыраудың,  кеудеге  оқ  тиген  соң  барып,  қанға 
боялғаны реттірек сияқты. «Арада жыл өтеді. Ақын досы дүние сала-
ды. Жетісін, қырқын, жылын беріп, үстіне күмбез соқтырып, ақынды 
досы ақ жуып арулап қояды» [М.С., Е.қ., 227]. Мұнда да іс-қимылдың 
бір-бірімен  сабақтасу  кезегі  ауыстырылып  баяндалған.  дұрысы 
«Ақынды  досы  ақ  жуып  арулап  қойып,  жетісін,  қырқын,  жылын 
беріп»... қой» [219, 243]. Мәтін синтагматикасы мәтін түзу кезіндегі 
сөздердің  мағыналық  құрылымы  мен  қолданғанда  беретін, 
құбылғандағы мағынасына қарай оларды таңдауда байланысты бола-
ды. Мағыналық таңдау синтагматикалық заңдылықтың басты қызметі 
болғандықтан,  мәтіндердің,  оның  ішінде,  көркем  мәтіннің  тұрақты 
өмір сүруі және оқырманды таңдай қақтыруы осы дұрыс таңдаудың 
жүруіне байланысты, яғни Ғ. Мүсіреповше айтқанда, «бір сөз бір сөзге 
жарығын да көлеңкесін де түсіріп тұрады». Сонда «көркем шығармада 
сөз  таңдауды  туғызатын  факторлардың  бастысы  –  көркемдік-
эстетикалық  талапты  өтеу. ол  үшін  сөздің  контекстік  (ситуациялық) 
қызметін («қылығын») тану – негізгі міндет. Сөз таңдау әрекеті текст 
түзу, яғни «колорит түзуші лексика шоғырын» құрастыру дегенді алға 
қояды. Тілдің «единицалары», мысалы, сөз қолданыста екі планды (екі 
қырлы) болады. ол негізгі лексикалық мағынасымен қатар қосымша 
жасырын  мағына  мен  эмоцияға  немесе  «подтекст»  дегенге  (астарлы 
мағынаға)  ие  болады,  сондай-ақ,  тілдің  экспрессивтік  қызметі  тек 
қолданыста  көрінеді»  [254,  143].  Мәтін  құрағанда  сөз  өзіне  тән 
мағынасы бойынша таңдалып алынуы қажет. Егер сөз көп мағыналы 
болса,  сөз  керекті  мағынасына  сай  жұмсалуы  керек.  Қолданылатын 
сөздің  мағынасын  жеткілікті  дәрежеде  білмеу,  хабар  мәнін  бұзса, 
хабарлаушыға да абырой әпермесі хақ. Лексикалық синтагматика мен 
сөз таңдау туралы Ю.А.Бельчиков: «лексикалық тіркесімділік пен сөз 
мағынасы  терең  және  ұйымдасқан  түрде  өзара  байланысты  болады. 
Басқа сөздермен тіркесе пайдалану нәтижесі ретінде сөздің мағынасы 
анықтық пен белгіліккке контексте түсіп, жүзеге асып, байқалады. Бұл 
біріншіден, екіншіден, тіркесімділіктің арқасында ғана сөздің мағынасы 
айқындалады.  Үшіншіден,  көпмағыналылықтың  мағынасы  басқа 
сөздермен байланысқанда ғана нақтыланады», – дейді [119, 115]. Сөз 
таңдауда, бірінші, сөздің мағынасы, екінші адамның қоғамдық орны 
мен  суреткерлік  дәрежесі  басты  қызмет  атқарады.  Абайдың  сөз 
таңдауын зерттеген Р.Сыздық былай дейді: «тегінде Абай уайымшыл 
емес, өмірді сүйген, тамашалай білген, әр нәрсеге үмітпен қарай білген 
суреткер. Мүмкін, сондықтан да Абайда жақсы сөзі 130 рет, жаман сөзі 
46 рет, жақсылық сөзі 33, жаманшылық 18 рет, дос сөзі 60, достық 28 
рет  қолданылса,  дұшпан  18-ақ  рет,  өмір  113,  өлім  26  рет  аузына 
үйірілген болар» [238, 451]. Сөз таңдау принципі когнитивті концептіге 
байланысты және макросемалық басқаруға қатысты жүреді. Мәселен, 
естіртудің  вербалды  және  бейвербалды  түрлерінде  қажетті  сөзді  не 
қимылды таңдау оңай іс емес екенін көптеген фольклорлық деректер 
дәлелдейді. Жасырын мән ол тілдік көрініске түспеген, сөздік қалып 
жамылмаған  мағына  құрылымындағы  денотаттық,  сигнификаттық, 
коннотаттық,  эмпирикалық,  факультативті  макрокомпоненттердің 
кейбір  семаларының  мәнмәтінге  қарай  адам  санасында  өзектенуі. 
Қазақ тілі астарлы, өте терең мәнді, ең бастысы хабарлаушының айтай-
ын деген ойын адам өз санасымен түсінуге арналған логикалық терм-
дерге, индивидтің көңілін жараламауға құрылған тіл. Тіліміздегі мәндік 
терең астар Тоныкөк, Жиренше шешендердің сөздерінен бастап, «Сен 
есікті жап» деп айтпай, «бөлме салқын болып кетті ме, қалай?» деп 
сұрағанда ұғынған адам өзі барып, есікті жабудан аяқталады. Мысал 
үшін, табу етістігінің лексикалық синтагматикаға түсіп, мәтіннің кіші 
бөлшегі сөйлемде басқа сөздермен байланысып, жасырын мән құрауын 
қарастыралық. Мәселен, «ол мәйітханадан табылды деп полициядан 
хабарлады» деген бір ғана сөйлемнің астарында қанша жасырын мән 
жатыр.  осы  сөйлемнің  басты  тізбекті  мәні  айқындалып  нақтылана 
түсуі үшін мәнмәтіннің қажеттігі бірден байқалады, яғни бірқатар ма-
кросемалар мүлде байқалмай қалып отыр. «Көлігі аварияға түсіп, ол 
есінен танып жатқан жерінен таптық» деген хабарда манағы мәндей 
емес,  коннотаттық  бағалау  бәсең  де,  «сіздің  асыл  тұқымды  итіңізді 
автокөлік  қағып  өлтірсе  керек,  көшеден  таптық»  дегенде  жекелік 
сипатқа ұласады, яғни тек сол иттің иесі үшін ғана хабар ауыр тиетіні 


316
317
анық.  Жасырын  лексикалық  синтагматика  айтылмағанымен  бірден 
ойға сап ете түсетін не санамен жететін макросемалар арқылы беріледі. 
«Контекст  тілдік  единицаның  сөйлеуге  түсуін  белгілейді.  Сол 
единицаның мәнін анықтайды. Контекст тілдің кез келген деңгейінде 
қызмет ете алады. Алайда контекст пен синтагманы бірдей деп қарауға 
болмайды.  Екеуінің  тек  үйлесетін  тұстары  бар.  Сөздердің  тіркесуі 
сөйлем  ішінде  шектеле  бермейді.  Контекст  ықпалымен  сөз  тіркесім 
құбылып сөйлем шегінен шығып кетеді де көршілес сөйлемдерді бай-
ланыстырып тұрады» [292, 209]. Жасырын мәннің бұндай ерекшелігі 
туралы  Ю.в.Попов,  Т.П.Трегубович  былай  деп  жазады:  «Поскольку 
«скрытый» смысл в тексте все-таки как-то актуализован (ибо он вос-
принимается), он должен быть референтным, референциально опреде-
ленным,  как  и  смысл  эксплицитным.  Это  значит,  что  какой-то  факт 
(предмет, явление, «положения дел») осмыслен и представлен в отно-
шении  к  чему-то  другому»  [295,  78].  Л.А.Исаева  көркем  мәтіндегі 
лексикалық  синтагматика  көрінетін  жасырын  мәнді  екіге  бөледі; 
бірінші, жеке тілдік емес жасырын мәндер, екінші, жеке тілдік жасы-
рын мәндер. Тілдік емес жасырын мәнге жеке тұрғанда семантикалық 
жүктемесі ауыр сөздердің мәтінде байланысқа түсуін жатқызса, жеке 
тілдік жасырын мәндер семантикалық жүгі жоқ сөздердің мағыналық 
байланыста  өзектеніп,  басқа  бір  сөздермен  тіркесіп,  контексте  не 
мәтінде жасырын мән беруін жатқызады [215, 85-86]. Жеке тілдік емес 
жасырын  мәнге  жоғары  мәндік  жүгі  бар  сөз-концептілер,  мәселен, 
тағдыр,  құдай,  өмір,  өлім,  қылмыс,  бақыт,  сезім  сияқты  сөздердің 
мағыналық шеңбер құрап, жекелей қолданылуы жатады. Бұлай қолдану 
метафора,  метонимия,  теңеу,  салыстыру,  шендестіру  сияқты  т.б. 
жағдайларға ұласып барып, осындай сөздердің жасырын мән беруімен 
аяқталуы мүмкін. Мәселен, H.Bidermann «құдай» бейнесі таулардың 
бейнелі символдарымен беріледі, яғни: «мынадай белгілі таулар, Эль-
брус, Синай, Фудзияма, олимп Құдайдың өмір сүру мекенінің симво-
лына айналды», – дейді [215, 228]. Сонда жасырын мән тілдегі сөздің 
әртүрлі ойша сыңарлармен беріле беруі мүмкін. Ал, негізінен, теңеп 
жасырын мән беру тіліміздегі басты өнімді тәсіл деп білеміз. Мысалы, 
«Ашқарақ софы дастарқан басына тезірек отырғысы кеп, іш дәреттің 
ырымын ғана істеді. Асыққанда мәсуегін де ұмытып аузын құр сумен 
шая салып еді. Сүйеу соны сөзге ілгіш қып:
–  Әй!..Әй,  Алдаберген,–  деп  даусы  шаңқ  етті,–  әне  бір  жолы 
көргенімде  аузыңды  қазықпен  арлы-берлі  сұққылап,  іш  дәреттің 
кәдесін қиындатып жіберіп едің. Бұл жолы өйтпедің ғой. Әлде екі қара 
ат есіңді алды ма? А?
Алдаберген софы түк басқан бетін салмақпен бұрды.
– Е, сорлым-ай! Сенің тілің зәрлі ғой. Бірақ есіңде болсын, менің 
қоңым қалың. Шыбынның шаққаны құрлы көрем бе екен сөзіңді.
 – Ә!..Ә, дегендей! доңызға таяқ қана өтеді деген бар ғой.. . Софы 
түтігіп  кетті»  [Ә.Н.,  126].  Бұнда  жасырын  мән  діншіл  софыны  арам 
доңызға теңеуден туындап тұр, яғни «доңыз» жағымсыз бағалауға ие, 
сонда «софы – доңыз – таяқ өту» сөздері жасырын синтагматикалық 
байланыс  құрайды.  Сөз-концептілердің  жасырын  мәндік  байланыс 
құрауына,  сонымен  бірге,  тілдік  жасырын  мән  құрауға  лексикалық 
қайталамалар да әсерін тигізеді. Л.А.Исаева лексикалық қайталамалар 
жасырын  мәндердің  пайда  болу  шарты  ретінде  көрінеді  деп  жазады 
[215, 130]. о. Бүркітов көркем мәтіндегі лексикалық қайталамалардың 
үш түрін, яғни таза стильдік қызмет атқаратын, аралас қызмет (стильдік 
және мәтін түзушілік) атқаратын, құрылымдық-композициялық (мәтін 
түзу және мәтін дамыту) қызмет атқаратын, көрсетіп, оны: «лексикалық 
қайталамалар  бір  сөздің  немесе  сөз  тіркесінің  түрлі  морфологиялық 
құрамда келіп қайталануы арқылы берілетін, өз ішінен бірнеше түрге 
бөлінетін, тілімізде көне дәуірлерде қалыптасып, бүгінгі тілімізде ак-
тив көркемдегіш құралдардың біріне айналған, грамматикалық қызмет 
те, стильдік қызметте атқара алатын қайталама категориясының негізгі 
түрінің  бірі»,  –  деп  анықтайды  [296,  104].  Сөз-концептілердің  және 
қайталамалардың мәтінде жасырын мән туғызуы кейде аралас келіп, 
жасырын мән көлемі ұлғаяды. Мәселен, «олай болса, Өрік неге жаза 
тартады? Екі баласы неге зарлайды? Қойтеке неге жасын жерге шыра 
етеді? Сүттей ұйып отырған, шын сүйіскен асық жарлар – Ақбілек пен 
Бекболат неге айрылады?
Қайда шындық? Қайда әділдік? Қайда адамгершілік? Қайда құдай? 
Қайда қиямет?» [Ж.А., 286]. осындағы шындық, әділдік, адамгершілік, 
құдай, қиямет сөздерінің басқа сөздермен тіркесім құрамай-ақ, берер 
жасырын  мәні  көп,  оның  үстіне  бұлар  сөз-концептілер  ретінде  ой-
дерек, ой-сурет, фрейм, схемалардың құрылымынан тұрады. Ал қайда 
есімдігінің қайталанып келуі жасырын мәннің дерексіздігін байқатады. 
Бұлардағы  жасырын  мән  әртүрлі  мазмұндағы  сигнификаттық 
семалардың конфигурациясынан байқалады деуге болады. Жеке тілдік 
жасырын мән бір семантикалық өріске жинақталған, яғни бір басты де-
нотаты бар сөздердің басқа сөздермен мәнмәтінде келіп, жасырын мәнді 
жинақталып беруінен көрінеді. Л.А.Исаева жасырын мәнді сөздердің 
мағыналы  тіркесуінен  туатын  информативті  табиғатының  жасырын 
хабары  деп  таниды  [215,  107].  Г.Смағұлова  көңіл  сөзінің  ұғымын 
талдай  келе,  орыс  тілінде  баламасы  жоқ  екенін  дәл  көрсетіп,  көңіл 
сөзінің сөйлеуде әр алуан мәнде қолданысқа түсіп, көптеген сөздермен 
мағыналық байланысқа түсетінін айтады. Мәселен, тіліміздегі «көңіл 


318
319
айту» орыс тілінде «выразить соболезнование» болады, сонда «көңіл 
айту» ұлттық мәдени ақпаратқа ие, жасырын мәнде қолданысқа түседі. 
ол  «көңіл»  сөзінің  байланысуына  мысалдар  келтіреді:  «көңілі  қалу, 
көңілі  қайту,  көңіл  қалауы,  көңіл  көтеру,  көңіл  айту,  көңіл  санасы, 
көңіл кірі, көңіл кешуі, көңіл жүгі, көңіл ашу, көңілсіз құлақ, көңіл көзі, 
көңіл рахаты, көңіл бөлу, көңіл жұмбағы, көңілді тыю, көңілді сергіту, 
көңілге алу, көңілмен танысу, көңіл тыншуы, көңілді үміт, көңілге жол, 
көңіл жайлауы т.б. Енді көңіл деген ұғымның алдынан келіп, эпитеттік 
қызмет атқаратын сөздердің тіркесіне назар аударайық: қара көңіл, ақ 
көңіл, қам көңіл, тоқ көңіл, жай көңіл, суынған көңіл, жанған көңіл, 
диуана  көңіл,  құс  көңіл,  есер  көңіл,  өскен  көңіл,  ата  көңіл,  қараңғы 
көңіл, мазасыз көңіл, талапты көңіл, жаралы көңіл, боямасыз ақ көңіл 
т.б.»  [291,  93].  Тілдік  жасырын  лексикалық  синтагматика  мәтінде 
екі  жағдайдан  көрінеді,  бірінші,  сол  мәтіндегі  сөздердің  лексикалық 
синтагмалық  байланысынан,  екінші  кейіпкердің  жасырын  мәнінен 
аңғарылады.  Бұған  Б.Шалабайдың  талдауын  алайық:  «Шығарма 
мазмұнының  өзегі  Ақбілектің  өмірі  болғандықтан,  көп  оқиғалар, 
бағалаулар Ақбілектің көзімен және оның ойымен беріледі.
...оттар бір жылт етіп, бір сөніп, елбектеп, таянып келе жатқан 
тәрізді.
ойлағаны келді ме?...Мінеки, шөпті сыбдырлатып келіп қалды.
Әне, қараң ете түсті...
ойбай-ай! Бір топ қасқыр!
-Енді қай жаққа барайын?...
Ал, міне, қостың төңірегін сыбдырлатып, жер тіміскілеп жүр...
ой, жасаған-ай! Тауып алар ма екен?..
ойпырым-ай! Әнебіреуі от басында сүйекті қытырлатып кемірді.
Мынаны  көріп,  Ақбілектің  не  жаны  шықпай  отыр  десейші...
Автордың  кейіпкеріне  берілгендігі,  онымен  жан-жүрегі  бір  екені 
соншалық,  ең  соңында  шыдай  алмай,  өз  сөзін  де  айтып  қалады 
(соңғы  сөйлем)»  [297,  103].  осындағы  лексикалық  синтагмалар 
тізбектеліп,  бір  жасырын  мәнді,  яғни  өзара  үйлескен  «қасқырлар 
мен қорқыныш» лексикалық синтагматикасына негізделген жасырын 
мәнді  береді.  Бұндағы  лексикалық  синтагмалар  мыналар:  елбектеп, 
таянып келе жатқан тәрізді,  шөпті сыбдырлатып келіп қалды, қараң 
ете түсті, бір топ қасқыр, төңірегін сыбдырлатып, жер тіміскілеп жүр,  
сүйекті  қытырлатып  кемірді,  яғни  тіліміздегі  бұл  сөздердің  бәрі  ит 
тұқымдастарға тән, солардың қимыл-кейпін бейнелеп беретін сөздер.
  Ал  екінші  жасырын  мән  осы  хабардан  барып  тыңдаушының 
мәнмәтінге деген бағалауынан кейін қайтқан ойынан аңғарылады, яғни 
«мынаны көріп, Ақбілектің не жаны шықпай отыр десейші» дегенде жа-
сырын мән анық байқалады. Жасырын лексикалық синтагматиканың ба-
сты байқалатын тұсы көркем мәтіннің бөлшегі болатын стилистикалық 
мәнмәтінде,  әсіресе,  сөз-синтагмалар  мағыналарының  өзара  көлемді 
жағдайда ұласуы бірде ашық не бірде жасырын келеді. Стилистикалық 
мәнмәтінде  сөздердің  лексикалық  синтагмалық  байланысы  айқын 
болмаса  жасырын  мән  түгіл,  айқын  мәнді  аңғару  мүмкін  болмайды. 
Жазушылардың  бұл  қателіктерін  Х.Нұрмұқанов  сөз  бен  контекстің 
байланысын талдағанында жазған еді.
«ол...  Балжан  сұлуды  бір-бір  қияға...  ыстық-суығы  аралас, 
жалынмұзы қабаттас өмір – ләззат, ғұмыр – жатбауыр шатқалға бастап 
барады.  Балжан  қай-қай  күйге  шомады.  Күреңіткен  жүздегі  сәт-сәт 
құбылысты анық байқар еді (Ақжелең. С.Сматаев). Айталық, «алты-
жеті  баламыз,  астымызда  бір-бір  тай»  дегеннен  бала  қанша  болса, 
тайдың да сонша екені ап-айқын аңғарылады. демек, бір Балжанның 
«бір-бір қияға басталуы» – мүмкін іс-қимыл емес. Ал «ғұмыр – жат-
бауыр шатқалға бастап барады» – дан ештеңе түсіну қиын» [219, 87]. 
Мәтіндегі жасырын мән деректі, дерексіздікті аңғартады, сондықтан 
оның пайда болуы нақты денотаттық жағдайларға тікелей қатысты бо-
лады. денотаттық жағдайдың адам санасында тұрақталуы мәтін түзуші 
адамның, яғни хабарлаушының өмірлік тәжірибесіне, біліміне, кәсібіне 
т.б.  қасиеттеріне  байланысты  болады.  Мәселен,  «демалып  жатып, 
ыстықтап, жастықтың екінші жағын аударып едім, ол да ыстық екен» 
дегенде қате денотаттық жағдай туады, себебі жастықтың екінші беті 
салқын болатыны белгілі. Егер мәтіндегі хабар не мәнді түзуші семе-
малар лексикалық синтагматика бойынша мәтінде орын таппаса, жал-
пы мәтіннің мәні бұлдыр кейіпте болады. Бұл, әсіресе, стилистикалық 
контексте байқалып, түсініксіздік тудырады. Х.Нұрмұқанов  бұны мына 
мысалдармен  түсіндіреді:  «Айталық,  С.Сматаевтың  «Ақжелеңінде» 
тілерсегін күрек қиып кеткен қара інген екі-үш секіріп барып шөге (24) 
қалады.  Сену  қиын.  ...Қаламгердің  «Елім-айындағы»  мына  үзіндіге 
көңіл аударайық.
– Шап!
– Жоқ! Алдымен киімін шеш!
– Бұл әйелдің қызықтырғаны қос емшегі ғой. Шап екеуін... қос 
анар... ыршып-ыршып түсті. Рухия ләм деген жоқ. Ауырсынған жоқ.
– Тас ұстаған қолын шап!
Қос білек қос таяқтай тулап түсіп, шоршып жатыр.
– Бүк тізеңді!
Рухия  алара  қарады...Шерік  қанжар  суырды...Жалаңаш  қарынға 
қорс еткізіп салып, төмен қарай бір-ақ іреді. Лықсып аяғының басы-
на түскен ішек-қарынды құшақтап Рухия құлап бара жатты. Жә, сонда 


320
321
екі қолы жоқ адамға ішек-қарынды қалай құшақтатып отырмыз» [219, 
216].  Сонымен  қатар,  бұнда  денотаттық  жағдайға  сәйкестенбейтін 
лексикалық синтагмалар ләм деген жоқ, ауырсынған жоқ, алара қарады, 
яғни  қанша  жүйкесі  берік  болғанмен,  тәннің  ауыр  азабына  түскен 
адамға ләм деген жоқ, ауырсынған жоқ, алара қарады тіркесімдері сай 
келмейді. оның үстіне, жалаңаш деген дұрыс болмас, қан-қан болған 
қарын деген дұрыс болар, себебі қос емшегі кесілсе қан ақпай тұрмайды 
ғой, оның үстіне киімі жоқ адамның жалаңаш екені жасырын мән бол-
са да, оқушыға түсінікті. Жасырын мән сөз мағыналарының білінбес 
үйлесімділігімен бұрынғы ауызша әдебиетте, шешендік сөздерде, ай-
тыста, авторлы поэзияда жиі беріледі. Мәселен:
Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік.
Екеуіміз жүргенде
Бір-бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік,
Үшеуіміз жүргенде
Толып жатқан күш едік.
Бір енеден бес едік,
Бесеуіміз жүргенде
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік,
онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік [М., 53]. осындағы жасырын мән бір ана-
дан  біреу,  бір  анадан  екеу  сөздерінен  көрінеді,  яғни  қосқанда  сонда 
үшеу болады, бірақ ақын «екеуіміз жүргенде бір-бірімізге ес едік» деп 
екі санын айтады. Келесі анадан үш, одан келесі анадан бес баланы 
айтады,  сонда  он  бір  бала  болу  керек,  бірақ  батыр  Өтемістен  туған 
он едік, онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік дейді. Сонда 
Өтемістің  бәйбішесінен  бір  бала,  екінші  әйелінен  екі  бала,  үшінші 
әйелінен үш бала, төртінші әйелінен бес бала, барлығы он бір бала бо-
лып тұр. (Өтемістің он бір баласы болғанын тарихшы И. Кенжалиев өз 
еңбегінде дәлелдейді) [298, 20]. онымыз деп ақынның айтуы бір ене-
ден екі едік дегендегі екінші әйелінен туған бала қайтыс болған, яғни 
көтеріліске қатыса алмаған, міне, осы факт жасырын мән болып, тек 
мәнмәтінді арнайы талдағанда нақтыланып тұр. Мәтінде лексикалық 
синтагматика міндетті және міндетті емес түрлерде келеді. Бір сөздің 
сыңарының  аңғарылып  тұруы  міндетті  синтагматика  болса,  бір  сөз 
сыңарларының  беймәлім  болуы  міндетті  емес  синтагматика  бола-
ды.  Мәтіндегі  жасырын  мән  екеуінен  де  байқалып,  құралып  отыра-
ды, сондықтан бұлардың бәрі мәтін түзу үшін сөз таңдау процесінде 
бірігеді. Ю.А.Бельчиков: «Сөз таңдау мәтінде автор ойын анық және 
барынша  толық  жүзеге  асырумен,  және  нақтылықты  талап  ету-
ден, мәннің айқын болуымен анықталады», – деп жазады [119, 105]. 
Мәтін түзуде сөз таңдаудан бұрын Б. Шалабай: «жазушы (кез келген 
тексті құрушы) белгілі бір мазмұнға сәйкес синтаксистік модельдерді 
(сөйлем үлгілерін) таңдайды: не іс-әрекетті беру үшін етістік преди-
каттан құралған сөйлемдерді алады, не заттар мен олардың сапаларын 
суреттеу  үшін  зат,  сын  есім  предикаттардан  құралған  сөйлемдерді 
таңдайды. одан әрі текст құрау үшін сөйлемдерді өзара байланыстыра-
ды. Текстегі баяндаудың берілуін, сол арқылы текстің түрін анықтауға 
актуальды мүшелеудің категориялары: тема мен рема көмекке келеді», 
– деп жазады [297, 133]. Сөз таңдауда ұлттық салт-дәстүрде өз әсерін 
тигізеді,  бұндай  жағдайда,  көбіне,  лингвокультуремалар  байқалады. 
З.Ерназарова былай дейді: «Ұлттық мәдени ерекшелік сөздің барлық 
семантикалық  компонентіне  тән.  Қолданыс  үстінде  сөйлеушілердің 
білімімен, тәжірибесімен байланысты сөздер жасырын мәнді жеткізуші 
қызметте тұрады. Мысалы:
– Ат ұстар емес, бие сауар.
– Қырық жеті десеңші (С.Бақбергенов)» [166, 37]. Бұнда жасырын 
ішкі лексикалық синтагматика қазақ ұлтының ұлттық дәстүр-ғұрпын 
ғана білетін адресатқа ұғымды болуы мүмкін. Мәтінде сөйлем синсе-
мантикалы қалыпта болып, мәтін синтаксисі аясында қарастырылады, 
ал  «синсемантика  –  белгілі  бір  мағынаның  ұштасуы,  ықпалдасуы, 
өзара  тәуелді  болу  екенін  білдіретін  аталым»  дегенді  білдіреді  [292, 
69].  Бұл  мәселеге  нүкте  қоя  келгенде,  лексикалық  синтагматика 
мәтінде түрленіп, екі жақты, яғни мәтін мен баяндаушыға байланысты 
сипатта болады. Сөздердің лексикалық синтагматикаға түскендегі бе-
рер мағынасы мәнмәтінде нақтыланып отырады және әртүрлі стильдік 
амал-тәсілдерден көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет