Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет15/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Арнайы педагогикаға үлес қосқан атақты волонтерлер. 
2. Қайырымдылық көрсету жұмыстарының тарихи жағдайлары 
туралы баяндаңыз. 
3. Совет одағы құрылғаннан кейін арнайы білім беру жүйесіндегі 
материалдық өзгерістер қандай? 
4. Қазіргі арнаулы білім беру жүйесінің экономикалық жағдайына 
сипаттама беріңіз. 


40 
 
§ 6. АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ 
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.
 
Мүгедектердің өмір сүруін қамтамасыз етудегі 
нормативтік құжаттар 
2.
 
Арнаулы білім беру мазмұнындағы негізгі кепілдемелер 
Адамның толыққанды өмір сүруі үшін оның еркіндігі мен құқығы 
сақталуы тиіс. Адам құқығы мен еркіндігін сақтау, жергілікті халықты 
әлеуметтік қорғау, оны жүзеге асыру механизмдері, адам құқығы мен 
еркіндігін сақтау туралы конституционалдық-құқықтық, халықаралық 
актілерде берілген. Азаматтық, саяси, экономикалық және мәдени 
құқықты сақтау туралы халықаралық құжаттар барлық адамның бірдей 
еркіндігін, құндылығын, дінін, еңбек етуін, тынығуын, материалдық және 
моральдық қызығушылықтарын мойындауға, оны сақтауға көмектеседі. 
Адам еркіндігі мен құқығы туралы жалпы сақталған жүйелердегі 
ерекше жағдай адамның білім алудағы құқығы. Бұл барлық азаматтарға 
бірдей, яғни әрбір бала дамудың қандай мүмкіндігінде болмасын міндетті 
білім алу құқығына ие. 
Барлық баланың білім алуына құқығы туралы Халықаралық 
құжаттарда (Адам құқығы туралы Жалпы декларация, Бала құқығы 
туралы конвенция) көрсетілген және мемлекеттің кепілдігіне ие бола 
отырып, ҚР Конституциясында, Заңдарында нақты көрсетіледі. 
Кез-келген тұлғаның қоғам алдындағы құндылығын мойындау, 
тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктерін есепке алу, оның жан-жақты 
дамуын қамтамасыз етуді кепілдікке алу мемлекеттің құқықтық негіздерін 
сақтауға, оны жаңартып отыруға негіз болады. Келесі кезеңде жалпы 
қабылданған халықаралық құқықтық құжаттар негізіндегі экономикалық, 
саяси жағдайларды нақты түрдегі бейімдеу жағдайларына байланысты 
қолдану мемлекет тарапынан қолдау тауып отырады. Нақтырақ айтсақ, 
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен еркіндігін сақтауға арналған 
халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі идеялары халықаралық 
деңгейде ұзаққа созылған процесс. Қазіргі уақытта осы мәселеге 
байланысты 
Біріккен 
Ұлттар Ұйымы қабылдаған 
нормативтік 
құжаттардың бірқатары белгіленген: 

Адам құқығы туралы жалпы декларация. 

Мүгедектер құқығы туралы декларация. 

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалар құқығы туралы декларация. 

Бала құқығы туралы конвенция. 

Саламандық декларация. 


41 

Мүгедектердің мүмкіндігін сақтаудағы стандартты ережелер. 
БҰҰ-ның Уставы мен «Адам құқығы туралы жалпы декларацияның» 
қағидаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғалар аталған құжаттарда 
көрсетілген азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтарын 
сақтауда барлық адаммен тең құқылы екендігін көрсетеді. Осы 
құжаттардың қатарында «Адам құқығы туралы жалпы декларация» осы 
мәселеге қатысты көптеген құжаттардың жасақталуына негіз болды. 
1989 жылы 20 қарашадағы БҰҰ Ассамблеясы «Бала құқығы туралы 
қабылдаған конвенцияның» негізгі мақсаты минимальды түрдегі бала 
құқығын қорғау. Оның ұсынатын жағдайлары негізгі төрт талап бойынша, 
яғни баланың өмір сүруі, қорғау, баланың жалпы дамуы, белсенді өмір 
сүруін қамтамасыз ету бойынша орындалады. 
Мүгедектердің құқығын қорғауда 1975 жылы қабылданған БҰҰ 
Ассамблеясының мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтық және саяси 
тең құқығы белгіленген «Мүгедектердің құқығын қорғау декларациясы» 
маңызды болып табылады. 
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын сақтаудағы негізгі 
халықаралық құжаттардың мазмұны: 
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық адамдар сияқты тең 
құқылығы; 
2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар ерекше құқыққа ие. Мысалы, есту 
қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы аудармашылық қызметтің көрсетілуі. 
3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ерекше құқығы туралы 
ақпараттардың бір емес бірнеше құжаттарда көрсетілуі. 
Мемлекетіміздегі адам құқығын қорғау аймағындағы қолданылатын 
маңызды заңды шешімдерді қабылдаушы құжаттарды атасақ, «Кемтар 
балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы 
қолдау туралы Заң», «Үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру Ережесі» 
т.б. табылады. 
1996 жылы қабылданған «Мүгедектерді қолдау туралы» Заң 
мүгедектерге ортақ құқықтық актілерді құрайтындықтан, маңызды құжат 
болып табылады. Себебі, көптеген құқықтық актілер мүмкіндігі шектеулі 
тұлғалардың әр категориясына байланысты түрліше құрылғандықтан, 
оларды қолдану барысында айтарлықтай қарама-қайшылықтар туындап 
отыр. «Мүгедектік» ұғымы еңбекке жарамсыздықпен түсіндірілетіндіктен, 
оларға өмір бойғы мүгедектік құжатын рәсімдеуде негізге алынатын 
құжаттар болмады. 
Баланың білім алуға деген құқығы бірқатар халықаралық құжаттарда 
бекітілген, олар “Адам құқықтары жайлы Жалпы Декларация”, “Бала 
құқықтары жайлы Конвенция” т.б. және өз еліміздегі құқықтық Заңдарда 
белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР “Білім туралы” Заңы, 


42 
ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 
түзеу арқылы қолдау туралы” Заңы, ҚР “Бала құқықтары туралы” Заңы. 
“Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 
түзеу арқылы қолдау туралы” Заңында кемтар балалары бар ата-
аналарының және өзгеде заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері 
көрсетілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік, 
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды тегін алу туралы 
құқығын бекітті. 
“Баланың құқықтары туралы Конвенцияда” мүгедек балалардың 
ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда 
толық құқылы өмір сүруіне, тәуелсіздігі мен әлеуметтік ортаға қосуды 
қамтамыздандыру туралы мазмұны 23 бапта белгіленген. 
Аталған құжаттарда барлық адамдардың білім алуына тең құқылы 
екендігі жайлы, ерекше қажеттіліктілігі бар тұлғаларға арнайы білім 
алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы 
айтылған. Олар: 
-
 
әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға; 
-
 
білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы 
мектептерде оқуға; 
-
 
инклюзивті білімді ұйымдастыру бағытында жалпы мектептерде 
дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы; 
-
 
жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру; 
-
 
арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б. 
Құқықтық құжаттардың мазмұнында мүгедектердің ерекше еңбек 
түрімен айналысуы, медициналық қызмет түрі мен емді қабылдау, 
транспорт түрлерін пайдалану, тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсетілген. 
«Білім туралы» Заңда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім 
берудегі кепілдемелер көрсетілген. 
Балалар мен жасөспірімдерді арнаулы білім беру мекемелеріне 
жіберу, оларды орналастыру арнаулы психологиялық-педагогикалық және 
медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бойынша ата-
аналардың келісімімен орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет