Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет16/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Мүгедектердің өмір сүруін қамтамасыз етудегі маңызды отандық, 
халықаралық деңгейде қабылданған нормативтік құжаттар. 
2. «Мүгедектерді қорғау туралы» Заң қандай кепілдемелерге ие? 
3. “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 
түзеу арқылы қолдау туралы” Заңын талдап негізгі тұжырымдамаларын 
атаңыз. 


43 
4. «Білім туралы» Заңда қандай кепілдемелер көрсетілген? 
§ 7. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.
 
Дамудағы кемшіліктердің этиологиясы 
2.
 
Дамудағы кемшіліктердің алдын алу, диагностикалау 
жұмыстары 
3.
 
Медициналық реабилитациялау бағдарламалары 
Дамудағы кемшілік қандай да бір жағымсыз процестің әсерінен пайда 
болады. Мұндай жағымсыз әсерлердің қатарын инфекция, соққылар, 
тұқымқуалаушылық жолмен тарайтын аурулар құрайды. Мүмкіндігі 
шектеулі тұлғалардың қайсысы болмасын медициналық көмекті қажет 
етеді. Кез-келген медициналық көмек диагностикалаудан - кемшіліктердің 
патологиялық белгілері мен оның себебін анықтаудан басталады. 
Медициналық тексеру жұмысы емдеу шараларының қандай да бір 
мүмкіндігіне байланысты (дәрі-дәрмекпен емдеу, емдік дене шынықтыру 
арқылы емдеу, оперативтік емдеу) анықталады. Арнайы педагогика 
медициналық жолмен орындалған емдеу жұмыстарының жетістіктерін 
басшылыққа ала отырып, адамның білім алуына, еңбекке араласуына, 
тұлғаның жалпы дамуына көмектеседі. 
Арнайы педагогика ғылымы адам биологиясы, медицина, оның 
салалары, адам анатомиясы мен физиологиясы, нейропсихология, 
психиатрия, 
офтальмология, 
ортопедия, 
педиатрия, 
фонартрия, 
сурдология ғылымдарымен тығыз байланыса отырып, аталған ғылым 
салалары арнайы педагогиканың клиникалық негіздерін айқындауымызға 
көмектеседі. 
Арнайы 
педагогиканың 
клиникалық 
негіздері 
психологиялық-педагогикалық диагностика мен жеке коррекциялық-
дамыту бағдарламаларын құру барысында маңызды бола отырып, 
мынадай жағдайларды анықтауымызға мүмкіндік береді: 
-
дамудағы кемшіліктің биологиялық және әлеуметтік себептерін 
айқындауға; 
-
организмде болған жағымсыз әсерлердің мәнін анықтауға; 
-
мүмкіндігі шектеулі тұлғаның кемшілікке (жетіспеушілікке) 
ұшыраған органдарының ерекшеліктерін түсінуге; 
-
сақталған анализаторлардың көмегімен дамудағы кемшіліктерді 
компенсациялаудың жолдарын анықтауға; 
-
арнайы педагогикалық жүйелер мен арнайы педагогиканың ішкі 
байланыстар жүйесіндегі педагогикалық классификацияларды құруға; 


44 
-
кәсіби білім көлемінде педагогикалық құралдардың көмегімен 
дамудағы кемшілікті алдын алу жұмысын ұйымдастыруға; 
-
ерекше 
қажеттіліктері 
бар 
тұлғаларды 
тәрбиелеуде 
коррекциялық-білім беру процесі мен медициналық, психологиялық 
қолдау жұмыстарын үйлесімді түрде ұйымдастыруға. 
Медициналық және педагогикалық білім көлемі өзара байланыса 
отырып, дамудағы кемшілік туралы фактілерді, құбылыстарды бірдей 
анықтап, оларды интерпретациялаудың жолдарын да қатар ұсынады. 
Мысалы, 
есту 
қабілетін 
диагностикалау 
медициналық 
және 
педагогикалық аспект тұрғысында жүргізіледі. Дәрігерлер есту қабілетінің 
деңгейі мен себебін анықтаса, педагогикада есту қабілеті бұзылған 
баланың дамуы, сөйлеу тілінің дамуы, есту қабілетінің деңгейі 
анықталады. 
Адам 
биологиялық жан 
иесі 
ретінде 
оның 
дамуындағы 
кемшіліктердің пайда болуына апаратын биоәлеуметтік нормалар бар. 
Адам өркениетінің дамуы балалық шақта нақты байқалатын популяция 
кезіндегі созылмалы, сенсомоторлық, эмоциялық-ерік және психикалық 
кемшіліктермен байланысты. Мұның себебі, сыртқы факторлар 
(әлеуметтік-экологиялық, ақпараттық, экономикалық, демографиялық, 
гигиеналық) және ішкі (биологиялық) факторлар болып табылады. 
Аталған факторлардың өзара сәйкес болмауы дизонтогенездің түрлеріне, 
ұрықтық даму кезіндегі кемшіліктерге немесе артта қалушылықтарға 
апарады. 
Адам организмінің түрлі жүйелеріне, соның ішінде ми, нерв жүйесі, 
сезім органдары, қимылдық аясының дамуына биологиялық факторлар, 
яғни гендік және хромосомалық аурулар, зат алмасудың бұзылуы, 
инфекциялық аурулар, ананың эндокриндік аурулары, жүктілік кезіндегі, 
туылу кезіндегі түрлі соққылар, өмірдің алғашқы жылындағы дене және 
психикалық соққылар жағымсыз әсер етеді. Түрліше әсер ететін ішкі және 
сыртқы патогендік факторлар дамудың кешеуілдеуіне апарады, бала 
организмі мен нерв жүйесі арасындағы морфологиялық және 
функционалдық қатынастарды өзгерістерге ұшыратады. 
Осыған сәйкес бала дамуының әр кезеңіндегі, яғни туылғанға дейінгі 
және туылғаннан кейінгі уақыттағы жетістіктері есепке алынады. 
Организм эмбрионалдық кезеңде қоршаған ортадағы жағымсыз 
факторларды қабылдауға бейім тұрады. Осы кезеңдегі туа пайда болатын 
кемшіліктер генетикалық жүйеліліктің құрылуындағы қателіктерден 
болады. Эмбрионның 30%-дан 60%-ға дейінгі аралығы өздігінен түсік 
тастауға апарады. 
Туылу кезінде бала қандай да бір тәуелсіздік қасиетке ие болатын 
баланың нерв жүйесінде анатомиялық кемшіліктер баланы қоршаған 
ортадағы жағымды жағдайлар арқылы түзетуге болатын ерекше 


45 
үйлесімділік пен бейімделгіштікке әкеледі. Қоршаған ортаның әсерінен 
жағымды жағдайлар туғызуда ерте диагностикалау, уақытында 
жүргізілген абилитация мен реабилитация, балаға емдік-педагогикалық, 
психологиялық көмек көрсету, оқыту мен тәрбиелеу, дамуға деген 
мүмкіндікті тудыру ерекше орын алады. 
Бала өмірінің бірінші жылы оның қоршаған ортаға бейімделуіне негіз 
болады. Қоршаған ортаға бейімделе отырып қоғамдағы өмір сүруге 
дайындығын анықтаушы қабілеттер дегеніміз не? Өмірдің бірінші 
жылындағы сенсорлық және моторлық функциялар психикалық 
процестердің құрылуында негізгі база болып табылады. Сенсомоторлы 
даму қоршаған ортадағы заттарды, олардың қасиеттерін, белгілерін 
тануды қамтамасыз етеді. 
Жаңа жағдайда дүниеге келген бала өмірі туа пайда болған 
механизмдерді қамтамасыз етеді. Бала өмірге келгенде организмнің 
сыртқы орта жағдайларына бейімділігін айқындаушы нерв жүйесінің 
дамуындағы қандай да бір ерекше белгілерді анық көрсете алады. Туылған 
кезден бастап-ақ организмнің негізгі жұмысын қамтамасыз етуші 
рефлекстер іске қосылады. Нәрестенің бойынан қорғаныштық, кеңістікті 
бағдарлаушылық рефлекстерін, сору, серпілу, сермеу рефлекстерін 
байқауымызға болады. Осылайша ұйымдасқан рефлекстер бірте-бірте 
әлсірей түседі. Аталған рефлекстердің нәрестеде байқалмауы немесе 
болмауы бас миындағы, жұлын миындағы осы рефлекстерге жауап 
беретін құрылымдардың бұзылу белгілерін береді. 
Мидың нәрестелік кезеңдегі қалыпты дамуының қажеттілігі – сезім 
органдарының (анализаторының) тұрақты түрдегі белсенділігін, яғни 
сыртқы ортадан енген тітіркендіргіштердің жұмысын қамтамасыз етеді. 
Өмірдің алғашқы 3-4 аптасында заттарды көру арқылы бағдарлау қабілеті 
қалыптасады. Осы уақытта есту реакциясы да дамиды, яғни есту қабілеті 
арқылы бағдарлау қасиеті, қатты дыбыстарға ғана емес сөйлеген кезде 
нәрестенің қимылсыз қалуы, үнсіз қалуы сияқты реакциялар байқалады 
1 ай мен 3 ай аралығында нәрестенің көру және есту 
анализаторларының жұмысы қарқынды дами түседі. Баланың өздігімен 
айналаны бақылауы, көздерін өздігімен бұру, кеңістіктегі дыбыстарды 
локализациялау қабілеттері байқалады. Қоршаған ортаны тану мен 
ересектермен қарым-қатынасқа түсуде көру қабілеті жетекші роль алады. 
Келесі айларда нәрестенің қимылы қандай да бір қабылдаушы 
органның ерекшелігіне байланысты бақыланып реттеліп, қимылдық 
жүйенің қызметі қалыптасады. Нәресте қимыл-қозғалысқа еркін түсе 
бастайды. 
Өмірдің 2-3 жылында өздігімен жүру, координацияның, психикалық 
және сөйлеу әрекетінің негіздері қаланады. Дамудың бұл кезеңі тәртіп пен 
оқудағы күрделі нормалардың игерілуіне негіз болады. Осы кездегі 


46 
ақпараттардың тапшылығы, тітіркендіргіштердің монотондығы бала 
психикасының дамуын тежеп, қажетті дағдыларды игеруіне кедергілер 
туғызады. 
3-5 жас аралығында коммуникативтік функциялардың орталығы – 
көпшілдік, қарым-қатынасқа түсудегі қабілеттер жеңіл түрде қалыптасып, 
арасында қорқыныш, өз бетінен қайтпаушылық қасиеттермен байқалады. 
Бала байланыстырып сөйлеуді игеріп, сөйлеу әрекеті мазмұнды түрде 
дамиды. Осы кездегі қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудің 
шектелуі балада психогендік негіздегі невроздық белгілерді туындатады. 
Бұл кезеңде (алғашқы пубертат) бойдың мағыналы түрдегі жылдам өсуі, 
нейроэндокриндік функциялардың реттілігі байқалады. 
Жас ерекшелік диапазонында 6 жастан 10 жасқа дейінгі аралықта 
бойдың екінші рет күрт өсуі, дене және психикалық дамудағы өзгерістер 
(психомоторлы сензитивті кезең) пайда болады. 
7-8 жасқа қарай әлеуметтік қажеттіліктерді орындаудағы бұлшық ет 
салмағының өсуі жеделдеп, аяқ-қолдардың ұсақ бұлшық еттерінің дамуы 
жеделдейді, он жасар баланың моторикасы мен координациясындағы 
қозғалыстар аналогиялы түрде ересектердің қимылына ұқсас болады. 
Нерв жүйесі осы аталған өзгерістер кезінде анық байқалады. 10 жасқа 
қарай бас сүйегінің өсуі тоқтайды. Нерв жүйесінің дамуы бұл кезде бас 
миының үлкен жарты шарларындағы қабықтық бөлімдер арқылы жүзеге 
асады. 
Дамудағы кемшіліктердің себептерін, оның мәнін, пайда болу 
уақытын білу педагогтарға мүмкіндігі шектеулі балалардың әрбіреуімен 
жеке дамыту жұмыстарын жүргізуге, түзету бағдарламаларымен жұмыс 
жасауына көмектеседі. 
Ерте жастағы медициналық абилитация - бұл баланың жас 
ерекшелігіне 
сәйкес 
рефлекторлық, 
сенсорлық, 
қимылдық, 
психоэмоциялық және тілдік реакцияларының дамуын қалыптастыру мен 
оларды жаттықтыру (дәрі-дәрмектермен және физиотерапиялық емдеу, 
массаж және емдік физкультура, протездеу, операция) жүйесі. 
Педагогикалық абилитацияны дұрыс ұйымдастыру үшін медициналық 
абилитацияның шешуші кезеңдерін жақсы білуі керек. Педагогикалық 
абилитацияны дұрыс жүргізу үшін арнайы педагог оның оптимальды 
түрдегі кезеңдерін білуі керек. 
Баламен және отбасы мүшелерімен жүргізілетін профилактикалау 
жұмыстарының кең тараған түрі онтогенез дамуының кезеңдеріне сәйкес 
жұмыстарды ұйымдастыру. 
Қауіп-қатер (риск) факторларының скринингі болашақ ата-аналардың 
медициналық-гинекологиялық немесе әйелдер консультациясына келген 
күннен бастап жүзеге асырылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың туылу 
қаупін болжау кезеңі (жүктіліктің алғашқы 12 аптасы) мен ауру баланың 


47 
дүниеге келуін ескерту (туылуға дейінгі 12 апта) кезеңі акушер-
гинекологтардың басшылығымен жүргізіледі. Жүктіліктің жағымсыз 
түрдегі өту қалпын бекітуде ұрықтың жағдайын бақылауға ала отырып, 
оны (ескерту) емдеу шаралары жүргізіледі. Кемшіліктің қаупі жоғары 
болған жағдайда болашақ ана арнайы (неопатология) перзентханаға 
жіберіледі. Жүргізілетін жұмыстың екінші кезеңінде туылу тактикасы мен 
техникасына таңдау жүргізіледі. 
Туылғаннан кейінгі тәуліктің алғашқы сағаттарында баланың нерв 
жүйесінің жағдайын, мүшелері мен тін жағдайын тексереді. Болашақ ана 
мен мүмкіндігі шектеулі балаға мониторинг жүргізу мен күтім жасауға 
дейінгі аралық өзара бірлескен жүйені қамтамасыз етуші медициналық 
абилитацияны жүргізудегі кешенді жұмыс түрлерін қажет етеді. 
Медициналық абилитация бағдарламасы ерте жастағы балаларды 
психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізу бағдарламасы мен тығыз 
байланысып, бала дамуындағы жағымсыз факторларды анықтайды. 
Үй жағдайындағы абилитациялауды ұйымдастыруда бала анасымен 
бірге болуы тиіс. Емдік-алдын алу жұмыстарын жүргізуде дәрігерге 
баланың отбасы көмек көрсетеді. Ерте жастағы балаларды емдеу 
жұмыстары кешенді түрде жүргізіледі. Дәрігер, емдік гимнастиканы 
жүргізуші әдіскер, логопед, арнайы психолог пен арнайы педагог, 
баланың анасы жүргізілген жұмыстардың тиімділігі мен баланың игерген 
дағдысын бақылауға ала отырып, түзету жаттығулары мен емдік-алдын 
алу жұмыстарының қорытындысын анықтап, баға беріп отырады. 
Реабилитациялау жұмысының бастапқы кезеңі ауруды медициналық 
абилитациялау, компенсаторлық процестерді қалыпқа келтіру, баланың 
жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндігін қалыптастыру болып табылады. 
Реабилитациялау жұмысы кемшілікке ұшыраған мүшелерін қалыпқа 
келтірудегі біртұтас әдістемелік, ұйымдастыру жұмыстарын белгілеу, 
баланың еңбекке жарамдылығын анықтау, бұзылған функциялардың 
жұмысын қалыпқа келтіру жұмыстарын құруға болжам жасайды. 
Медициналық реабилитациялау жұмысының мазмұнын дәрі-
дәрмекпен емдеу, еңбек терапиясы, аттерапия, массаж, физиотерапия, 
протездеу, медициналық реабилитациялау жұмыстары педагогикалық 
әдіс-тәсілдермен қатар жүргізілуі керек. 
Ребилитациялау бағдарламаларын құру мынадай қағидаларға 
негізделеді: 
1. Реабилитациялау 
шараларын 
кезеңдерге 
бөліп 
құрылған 
бағдарлама көмегімен аурудың пайда болған күнінен бастап жүргізу. 
2. Реабилитациялау шаралары бір бағытқа негізделген кешенді түрде 
түрлендіріп жүргізілуі. 


48 
3. Реабилитациялау 
бағдарламасы баланың жас ерекшелігіне, 
дамуындағы кемшіліктің түрі мен деңгейіне байланысты әр баламен жеке 
түрде жүргізілуі. 
4. Реабилитациялау бағдарламасының қорытынды кезеңі ересектер 
үшін кәсіби бағдарлау мен еңбекке баулу бағытында анықталуы керек. Ал, 
балалар үшін баланың жас ерекшелігіне сай келетін әрекет түріне (ойын, 
оқу, еңбек) бейімделуі керек. 
Балалық шақтағы реабилитациялау жұмыстары денсаулық сақтау, 
білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі мекемелерде 
жүргізіледі. Олардың қатарын арнайы мекемелер, арнайы мекемелердегі 
медициналық кабинеттер, бөлімшелер, балабақшалар, психоневрология-
лық 
ауруларға 
арналған 
мектеп-интернаттар, 
неврологиялық 
ауруханалардағы арнайы бөлімшелер, жергілікті және республикалық 
санаторийлер, балалар емханалары құрайды. 
Балалар ауруханалары мен неврологиялық клиника жағдайында 
балаларға аурудың күшейіп тұрған кезіндегі емдеу жұмыстары 
жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен емдеу жұмыстарымен қатар баланың өз 
бетімен сыртқы ортамен байланысқа түсуіне ықпал ететін ортопедиялық 
емдеу, емдік дене шынықтыру, массаж, физиотерапия жұмыстары 
жүргізіледі. 
Негізгі ереже бойынша реабилитациялау процесі үш кезеңнен тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет