39
жүйесін қаржыландыруға арналған құралдардың жоқтығынан шектеліп
отырды.
Өзге де мәселелердің қатарындағы күрделі кемшілігі бар балаларға
арнаулы білім беру жүйесін қаржыландырудағы дәстүрлі жүйені қайта
құру жұмыстары қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің, мүмкіндігі
шектеулі бала тәрбиелейтін ата-аналардың ассоциацияларының баланы
отбасында тәрбиелеуге деген ұмтылысының пайда болуына түрткі болды.
Осы кезден бастап мемлекетімізде деинституциализация процесі
басталады. Аталған процестің негізгі үрдісімен ата-аналардың дайындығы
баланы жабық түрдегі интернат мекемелерінен отбасында тәрбиелеген
дұрыс деген пікірлермен түсіндіріледі. Бұл процесс 1970-80 жылдары
АҚШ-та, Еуропада дамып, процестің тиімділігі мемлекет шығынын
үнемдеу мен баланы отбасынан, ата-анасынан алшақтатпауды ұстанып,
Қазақстандағы арнаулы білім беру жүйесінің экономикалық даму тарихы
жалпы білім беру жүйесіне қарағанда қалыпқа келуіне жағдай жасайды.
Арнаулы білім беру жүйесінің материалдық деңгейі мемлекеттің
жалпы ағымдық жағдайы арқылы анықталып, арнайы білім беру
жүйесіндегі дағдарыс кезеңдері білім беру жүйесінің экономикалық
тұрақтылығын төмендеуіне байланысты қазіргі өркениет дамуындағы
гумманистік қағидалар үшін арнаулы білім беру жүйесіне қажет
жағдайлардың тізбегі айқындалды:
заңды түрде бекітілген мемлекеттік қаржыландырудың кепілдігі;
мемлекеттік және қоғамдық (қайырымдылық), қаржыландыру
мәселелерін интеграциялау;
баланың және ата-ананың қажеттіліктерін мойындау:
мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамдық экономикалық жағынан толық
қамтамасыз ету;
мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі категорияларына тән
өзгешелік
қажеттіліктерді,
әлеуметтік-экономикалық,
этномәдени
жағдайларды қамтамасыз ету, қаржыландырудағы вариативтілікті сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: