Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет19/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

кемшіліктің функционалдылығымен
байланысты 
кемшіліктің жалпы түрі бас миындағы реттегіштік жүйелердің (қабықтық 
бөлімдер) бұзылуымен немесе ішінара кемшілік жеке түрдегі 
функциялардың жетіспеушілігімен түсіндіріледі. 
Екінші параметр - 
кемшіліктің пайда болу уақыты - 
психикалық 
дамудағы кемшіліктің сипаттамасын анықтайды. Кемшілік неғұрлым ерте 
басталса, психикалық дамудағы кемшілікті анықтау соғұрлым жеңіл 
болады. Психикалық даму кезіндегі әрбір функция дамудағы 
интенсивтілікпен түсіндірілетін сензитивті кезеңнен өтеді. Психикалық 
функциялардың тұрақсыздығы регресс құбылысына апарып, құлдырау 
құбылысын көрсетуі мүмкін. 
В.В. Лебединскийдің пікірінше, дамудың кешеуілдеуі ешқашан 
теңеспейді, біріншіден, сензитивті кезеңге ұшыраған психикалық 
функциялар бұзылады. Сондықтан психикалық дамуы бұзылған балада бір 
функциялар сақталса, екінші бір функция зақымданса, үшінші функция 
кешеуілдейді. 
Үшінші параметр Л.С. Выготскийдің кемшіліктің құрылымдылығы, 
яғни кемістіктің бірінші және екінші сатылары арасындағы арақатынасы 
туралы түсіндіріледі. 
Төртінші параметр – 
функционалдық қатынастардың бұзылуы. 
Қалыпты психиканың дамуы мына функциялардың тәуелсіздік, 
ассоциация және иерархияның байланысын орнатады. Функциялар 
арасындағы уақытша тәуелсіздіктер онтогенездің ерте кезеңдерінде 
байқалады (мысалы, екі жасқа дейінгі уақыттағы ойлау мен сөйлеудің 
дамуындағы тәуелсіздік). Ассоциативтік (Н.А. Бернштейн, 1966) 


54 
байланыстардың көмегімен түрлі сезімдік белгілер біртұтас бөлікке 
жинақталады (үйдің образы, жыл мезгілі). 
Психикалық функциялардың әрбіреуі өзінің жеке дамуына сай 
сензитивті кезеңде ауысып бір-бірін толықтырып отырады. Психикалық 
дамудың бұзылуы кезінде функионалдық бұзылулар байқалып 
психикалық дамуда диспропорция орын алады. Мысалы, саңыраулық 
кезінде көрнекі-образды ойлау, сөздік-логикалық ойлау, ауызша және 
жазбаша сөйлеудің әлсіздігі байқалады. 
Көрсетілген параметрлер танымдық, моторлық, эмоционалдық 
дамудың бұзылуы кезінде түрліше сипатталады. Осы бағыттағы 
психологтардың, 
дефектологтардың, 
психиатрлардың 
зерттеулерін 
қорытындылай 
келе, 
В.В. 
Лебединский 
психикалық 
дамудың 
кешеуілдеуін мынадай типтерге бөледі: жетіспеушілік, дамудың 
кешеуілдеуі, дамудың бұзылуы, дамудың тапшылығы, дамудың әлсіреуі, 
дамудың дисгармониялылығы. 
Дамудың жетіспеушілігін 
ерте кезеңдегі бас миының зақымдануы 
арқылы анықтайды (мысалы, ақыл-ойдың жетіспеушілігі). Психикалық 
функциялардың кейбіреулері біркелкі дамымайды, соның ішінде жоғары 
психикалық функциялар (ойлау, сөйлеу, есте сақтау). 
Дамудың кешеуілдеуі 
танымдық әрекеті мен эмоциясының ерте 
балалық шақтағы өзгерістерге ұшырауымен түсіндіріледі. 
Дамудың бұзылуы 
(2-3 жастан кейін) бас миының белгілі бір бөліктері 
қалыптасып болғаннан кейінгі бас миының патологиялық жағдайлардың 
әсерінен болатын кемшіліктермен түсіндіріледі. Дамудың бұзылуын 
айқындайтын кемшіліктерді эмоцияның, тұлғаның бұзылуымен, мақсатқа 
бағытталған әрекеттердің бұзылуы, интеллектінің дамуындағы регреспен 
байқалатын органикалық деменциямен түсіндіреміз. 
Дамудың тапшылығы 
организмнің белгілі бір жүйелерінің (көру, 
есту, сөйлеу, тірек-қимылдық бұзылуы) күрделі түрдегі бұзылуларымен 
түсіндіріледі. Мұндағы бірінші кемшілік функциялардың дамымауымен 
түсіндірілсе, дамудың тапшылығы кезіндегі компенсация оқыту мен 
тәрбиелеу жұмыстары арқылы жүзеге асады. 
Дамудың әлсіреуі
балалардың ерте жастағы аутизмімен түсіндіріледі. 
Бұл жағдайдағы психикалық функциялардың қалыптасу процесінің 
реттілігі өзгеше сипат алады. Мұнда қалыпты дамумен салыстыра отырып 
анықталады, яғни бұл балалардың сөйлеу тілі қимылдық функциялардың 
дамуынан алға шығып, заттық-практикалық әрекетке қарағанда сөздік-
логикалық ойлау бірінші қалыптасады. Бұл кезде қарқынды дамып 
отырған функциялар басқаларды реттеп отырады. 
Дамудың дисгармониялылығы
эмоциялық-ерік аймағындағы жүре 
пайда болған психиканың дисгормониялылығмен түсіндіріледі. Мысалы, 
бұған сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне адекватсыз түрде реакция 


55 
беру нәтижесінде өмірге, қоршаған ортаға бейімделудің қиындығымен 
сипатталатын психопатияны жатқызамыз. 
Аталған өзгерістердің барлығы белгілі бір уақытта байқалып, тұрақты 
түрде дамиды. Сонымен, психикалық даму – психикалық процестердің 
белгілі бір уақыттағы сандық, сапалық, құрылымдық ерекшеліктерге 
қарай анықталатын психикалық өзгерістердің заңдылығы. 
Арнайы психология мен арнайы педагогиканың дамуына негіз болған 
Л.С. 
Выготскийдің 
ғылыми 
қорытындылары 
аномальды 
бала 
психикасының 
дамуы 
қалыпты 
бала 
психикасындағы 
негізгі 
заңдылықтарға тәуелді деген пікірді ұстануымызға болжам жасайды.
 
Келесі бір ғылыми түрде дәлелденген заңдылық психиканың 
дамуындағы тепе-теңдіктің болмауы, біріншіден, мидың белсенді түрдегі 
дамуымен, екіншіден, жеке психикалық функциялардың негізінде 
қалыптасады деген болжамды түсіндіреді. 
Жас ерекшелік кезеңнің әрбіреуінде психикалық функциялардың 
қайта құрылуы жүзеге асады. Бұл кезде психикалық функциялар өзара 
топтасып, сандық жағынан емес сапалық құрылымы жағынан өзгерістерге 
ұшырайды. 
Психиканың дамуындағы орын алатын тағы бір маңызды заңдылық 
компенсациялық қабілеттерге қарай 
нерв жүйесінің бейімделуі
. Бұл бала 
психикасының даму процесі эволюция мен инволюция процесімен 
байланысты. 
Арнайы психологиядағы ерекше маңызға ие жағдай - психикалық 
даму кезіндегі биологиялық және әлеуметтік факторлар арасындағы 
қатынас. Биологиялық факторларға ұрықтық даму кезіндегі қалыптасатын 
темперамент, қабілеттің ұшқындары жатады. Әлеуметтік факторларға 
баланың өмір сүріп отырған ортасы, идеологияның типтері, мәдени 
дәстүрлер, дін, ғылым мен өнердің даму деңгейі, оқыту мен тәрбиенің 
ерекшелігі жатады. Л.С. Выготский биологиялық және әлеуметтік 
факторлардың бірлігі мен байланысын түсіндіре отырып, даму 
процесіндегі өзара бірліктің алатын орнын екі түрлі ерекшелікпен 
көрсетеді. Біріншіден, даму процесінде көрсетілген көмек түрі өзгеріп 
отырса, екіншіден, әрбір фактордың психикалық функциялардың 
дамуында алатын өзіндік маңызы бар. Қарапайым психикалық 
функциялардың дамуында биологиялық, тұқымқуалаушылық фактор 
ерекше болса, жоғары психикалық функциялардың дамуында әлеуметтік 
факторлардың алатын ролі ерекше. Бала еңбекке араласу, тілді игеру, 
өнерді меңгеру сияқты әлеуметтік тәжірибелерді өздігімен игере алмайды. 
Сондықтан бұл кезде ересектер тарапынан көмек көрсетілуі керек. 
Психиканың дамуындағы заңдылықтарды анықтауда арнайы 
психологияның алатын орны ерекше. Психиканың дамуындағы 
кемшіліктер биологиялық факторламен (бас миының органикалық 


56 
зақымдануы, гендік мутациясы, ұрықтық дамудың патологиясы, туылу 
кезіндегі патология) белгіленуі мүмкін. Аталған кемшіліктердің пайда 
болу уақыты, себептері қалыптан тыс дамуды айқындауы мүмкін. 
Психикалық даму кезіндегі орын алатын биологиялық факторлармен 
қатар әлеуметтік факторлардың әсерінен микроәлеуметтік ортадағы 
педагогикалық артта қалушылық ерекше орын алады. Мұның нәтижесі 
интеллектуалдық және эмоциялық дамудың кешеуілдеуіне апарады. 
Кемшіліктің бұл түрінде онтогенез дамуының ерте кезеңіндегі жағымсыз 
тәрбиемен, интеллектуалдық және эмоциялық дамудың тапшылығымен 
түсіндірілетін депривация құбылысы орын алады. 
Қалыпты және қалыптан тыс даму кезіндегі психикалық процестердің 
дамуына тән заңдылықтармен қатар аномальды дамуға тән жалпы 
заңдылықтар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет