62
Ислам дініне сенушілер әлемнің 35 мемлекеттері халқының басым бөлігін
құрайды. Әлемнің 28 елінде атап айтсақ Сауд Аравиясы, Мысыр, Иран,
Пакистан, Мавритания және тағы басқа елдерде ислам діні ресми дін болып
жарияланды. Малайзияда мұсылмандар ел халқының 65% Сингапурда 40%,
Ливанда 40% құрайды. Үндістанда 350млн. мұсылман, Ресейде 14 млн.,
Италияда-2,5 млн. Индонезияда 200млн. Туркияда 70 млн., Германияда 3 млн.
АҚШ-та 5 млн., Анголада 2 млн., Францияда 10 млн., Эфиопияда 22 млн.,
Сингапурда 800 мың, Тайландта 5 млн., Ұлыбританияда 8 млн., Польшада 400
мың, Швейцарияда 120 мың, Швецияда 99 мың. ХХ ғасырдың 70-80
жылдарының басында халықаралық істерде, халықаралық ислами ұйымдарда
белсенді рөл атқара бастады. 1962 жылы Меккеде Ислам әлемі Лигасы, 1969
жылы Ислам конференциясы ұйымы, 1973 жылы Еуропаның Ислам Кеңесі
құрылды.
Ғасырлар бойы қазақтар ислам өркениеті мен мәдениеті аясында өмір
сүріп, ислам дінін ұстанып келеді. 8 ғасырда Қазақстан және Орта Азия жеріне
Ислам дінін тарату үшін арабтар жорықтар жүргізді. Атақты Кутейба ибн
Муслим Мәуреннахр жеріне кірді. 714 жылы Шаш (Ташкент) және Фарабты
(Отрар) бағындырды. 751 жылы шілде айында мұсылман әскері Талас маңында
Атлах деген жерде Тан империясының әскерін жойқын соғыста жеңіп шыққан.
Талас жеңісінен кейін Ислам діні Қазақстан жеріне бір жолата орнықты. Бұл
жеңіс Орталық Азия елдерінің діни болмысы мен тұрпатын шешті. Ислам
дінінің келуімен қала мәдениеті, ғылым, білім, сауда, өнер жедел дами бастады.
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде мешіттер, медреселер, қалалар бой
көтерді. Қарахан мемлекеті Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдаған
мемлекет болып саналды.
Қазақ даласында Ислам дінінің келуі және орнығуымен қатар бүкіл Ислам
әлемінің жарық жұлдыздары Әбу-Насыр әл-Фараби, (870-950), Әбу Ибрахим
Исхақ әл-Фараби Ғаламаддин әл- Жауһари, Қожа Ахмет Яссауи Ахмет
Игүнеки, Хуссам Аддин Ас-Сығанақи сынды ғұлама ғалымдары ислам
мәдениеті мен ғылымын әлемге паш етті.
Қазақ елінің ұлт болып қалыптасуы мен мемлекеттік құруда ислам дінімен
құндылықтарының алатын орны ерекше. Бүгінгі Қазақстан халқының 70
пайызы мұсылмандар. Ислам діні дүние жүзі елдеріне Мұхаммедтің (с.а.у) –
сахабалары арқылы тарады. Ислам діні әрбір елдің әдет-ғұрыптары мен
дәстүрліне, діліне байланысты жергілікті ерекшеліктеріне қарай орнықты.
Қазақ елі ислам дінін қабылданғаннан бастап құлшылықтарын имам әл-Ағзам
Ханафи мазһабы негізінде атқарған.
Ислам діні адамзатты бейбітшілікке, татулыққа, ынтымаққа, ізгілікке,
тақуалыққа, әділдікке, тазалыққа, тура жолға үндейді.
Достарыңызбен бөлісу: