Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ФИТОНИМДЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет34/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84
Байланысты:
thesis180613

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ФИТОНИМДЕРДІҢ 
ЛАКУНАСЫ МЕН СӘЙКЕСТІЛІГІ 
Қалдыбекова Салтанат, әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық 
университетінің лингвистика мамандығының 2 курс 
магистранты, Алматы қ. Ғылыми жетекшісі: PhD докторы, 
әл-Фараби ат. ҚазҰУ, доцент м.а. Кузембекова Жанна 
Жалайыровна 
Өсімдік әлеміне қатысты лакуналық бірлктер 
Әр тілдің өзіне тән грамматикалық структурасымен қатар халық мәдениеті, сөздік 
қоры болатыны белгілі. Екі не бірнеше тілдерді лингвистика тұрғысынан салыстыратын 
болсақ, кейбір сөздердің, сөзтіркестерінің, фразиологиялық бірліктердің өзге тілде 
баламасы жоқ екенін аңғарамыз. Мұндай сөздер «лакуна» деп аталады. Әлеуметтік 
лингвистика сөздігінде лакунаның мынандай бірнеше анықтамасын береді: «Лакуна (лат. 
Lacuna ойыс, қуыс, ор) – 1. Мәдениеттің жетіспей тұрған жері, мәдениеттің бос орны 
(түсіп қалған сөздің, сөз тіркесінің орны). 2. Бір тілде лексика арқылы берілген мағынаны 
жеткізетін сөздің екінші тілде жоқ болуы. Ю.С. Степановтың көзқарасы бойынша, лакуна 
– «әлемнің семантикалық картасындағы ақтаңдақтар». Лакуна тілдерге салғастырмалы 
талдау жүргізу барысында анықталады, ол мәдениеттер арасындағы айырмашылықтарға 
байланысты» [1., 156]. 
«Лакуна» терминін алғаш болып канадалық лингвисттер Жан Поль Вине мен Жан 
Дарбельне қолданған. Лакуна қатарына кіретін сөздер әлемнің барлық тілдерінде болатыны 
52 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
шартты, ол халықтың ұлттық мәдениетінің көрінісі. Бір тілдің лексикасындағы сөз басқа 
тілде болмаған жағдайда лакуналық тілдік құбылыс деп түсінеміз. [2., 156]. 
Лингвистикалық зерттеулерде лакуналық бірліктер «ақ таңдақтар /белые пятна», «ашық 
жерлер /пробелы», «интервал», «свое-чужое», «мәдени скрипттер», «саңлау» деп те 
аталады. 
Бүгінгі күнде лингвистикалық әдебиеттерде лакунаның бірнеше классификациясы 
бар. Олар: тілдік жүйелік сипатына қарай – 
тіларалық және тілішілік
, тілден тыс 
шарттылыққа қарай – 
уәжді,
уәжсіз
, мазмұнның абстрактілік дәрежесі бойынша – 
заттық,
абстрактілі
,
 
сондай-ақ
 абсолюттік және қатыстық, грамматикалық
. [3., 207]. 
Тіларалық лакуналар 
(межъязыковые лакуны) –
 
екі тілді салғастыра зерттеу кезінде
 
тілдердің бірінде кез-келген лексикалық бірліктің екінші тілде баламасы болмаса, онда ол 
лакуна болып саналады. [4., 207]. Мәселен, орыс тілінде 
«травник»
сөзі қазақ тілінде жоқ 
болғандықтан тек оны «шөп теруші адам» деп аударамыз, демек «травник» сөзі қазақ тілі 
үшін лакуна болып табылады. Ал оның женский роды 
«травница»
қазақ тілі үшін 
грамматикалық лакуна, себебі қазақ тілінде род категориясы жоқ. 
Тілішілік лакуналар 
(внутриязыковые лакуны) –
 
бір тілдің парадигмаларында
 
кездеседі, ондай бірліктердің қарама-қарсы мағынасы, белгілі бір стилистикалық 
сипаттамасы және морфологиялық формасы болмайды. Бір сөзбен айтқанда, бір тілдің 
лексикалық жүйесінде жоқ ұғымдарды жатқызамыз. Мәселен, шіріген (солған, құрттаған) 
гүл, өсімдік, жеміс-жидек, көкөніс бар да, оның қарама-қарсы мағынадағы қазір не жуық 
арада жұлынып, теріп алғандығын білдіретін бірлік жоқ. Орыс тілінде «
свежие:
фрукты,
овощи, цветы
»
 
деп білдіруге болады. 
Заттық лакуналар 
(предметные лакуны) –
 
материалдық,
 
физикалық,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет