224
14.
Білім алушы ЖОЖ-дың құрастырылуына және мамандықтың жұмыс оқу жоспары
талаптарына сәйкес оқу курсын толық меңгеруге жауапты.
15.
Жеке оқу жоспары эдвайзердің жетекшілігімен бір оқу жылына құрастырылады.
Эдвайзерлердің тізімін факультет деканы бекітіп офис тіркеушіге тапсырады. Магистранттар
мен докторанттардың оқуын жеке жоспарлауына олардың ғылыми жетекшілері (кеңесшілер)
қатысады.
16.
Қашықтан білім алу технологиялары бойынша
оқитын тұлғалардың жеке оқу
жоспарын құрастыру үшін Қашықтықтан оқу орталығы тьютор тағайындайды.
17.
Білім алушының ЖОЖ-ына енгізілген кредиттердің максимал саны негізгі (үлгілік)
оқу жоспары бойынша осы оқу жылы мен семестрге тағайындалған кредиттер саны сәйкес
келу керек. Ақылы негізде білім алушылар оқу жоспарында көрсетілгеннен аз кредиттер
санын кіргізіп өздерінің ЖОЖ-ын құрастыруына болады,
мұндай жағдайда жалпы оқу
мерзімі ұзарады.
18.
Пәндер туралы мәлімет, сондай-ақ олардың қысқаша мазмұны пәндер (модулдер)
каталогында көрсетіліп, кафедралар және эдвайзерлер арқылы білім алушылардың назарына
ұсынылады; сонымен қатар «Univer» жүйсінде және университеттің веб-сайтына енгізіледі.
19.
Оқу жұмыс жоспарларына сәйкес пәндердің оқу-әдістемелік кешендері (ПОӘК)
осы пәндер (модулдер) оқылатын семестр басталғанға дейін 10 күн бұрын «Univer» жүйесіне
енгізілуі керек. Осы белгіленген мерзімнен кейін жүйе автоматты түрде жабылады.
20.
Пәндерді (модулдерді) таңдау барысында пәндерді оқып-игерудің бірізділігі
міндетті түрде ескерілуі тиіс. Білім алушы алдыңғы семестрде осы пәннің перереквизиттерін
меңгермеген болса, онда ол бұл пәнге тіркеле алмайды.
21.
Бірізділікті сақтау мақсатымен академиялық қарыздарды
келесі теориялық оқыту
кезеңдерінде жою мүмкіндіктері туралы ақпаратты академиялық қарыздары бар білім
алушыларға жеткізуге кафедра меңгерушілері мен эдвайзерлер жауапты.
22.
3 данада құрастырылған ЖОЖ-ға білім алушының қолы қойылып,
келісімге
эдвайзерге беріледі.
23.
Ескерту болмаған жағдайда эдвайзер ЖОЖ-ға қол қойып, Тіркеуші Кеңсесі
келісіміне ұсынады. Факультет деканы бекіткеннен кейін бір данасы білім алушыда қалады,
екінші данасын аттестациялау үрдісінде пайдалану үшін эдвайзер Тіркеуші кеңсесіне береді,
ал үшінші
данасы эдвайзерде сақталып, білім алушының оқу жоспарын орындауын
бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады. ЖОЖ-ды тіркеушінің кеңсесіне өткізудің соңғы
мерзімі - семестрдің бірінші аптасы. Білім алушының ЖОЖ-ы оның ІD жеке
идентификациялық нөмірімен тіркеледі.
24.
Негізгі немесе үлгілік оқу жоспары және білім алушылардың Жеке оқу жоспарлары
негізінде кафедралар оқу жұмыс жоспарларын құрастырып, факультеттер Ғылыми кеңестері
мен университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңестің ұсынысы
бойынша университеттің
Ғылыми кеңесінде бекітіледі.
25.
Білім алушы ЖОЖ-ды Академиялық күнтізбеде көрсетілгендей теориялық
оқытудың басталуына дейін мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарының шегінде қайта
тіркелу кезеңінде немесе бағдарлау апталығы кезеңінде өзгерте алады.
26.
Халықаралық алмасу білім бағдарламалары
бойынша немесе академиялық
ұтқырлық шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың серіктестік бағдарламалары
бойынша шетелдік ЖОО-да білім алып жатқан студенттер,
магистранттар және
докторанттардың университет мамандығының бекітілген оқу жоспарына сәйкес пәндер
бойынша шетелде оқыған кезеңдегі жинаған кредиттері қайта есептелуі мүмкін. Кредиттерді
қайта есептеу үшін мамандандырғыш кафедра шетелдік ЖОО-да оқылған пәндердің
мазмұнының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоспарындағы пәндерге сәйкестігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: