Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет125/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   208
§25 
 
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
 
1.
 
Жалпы ережелер 
1. Ғылыми-әдістемелік кеңес (ары қарай – Кеңес) басқарудың алқалы кеңес-ұсыныс 
беру органы, университет қызметіндегі ғылыми-әдістемелік және оқу мәселелерін талқылап, 
ғылыми-әдістемелік зерттемелерді ұйымдастыру орталығы болып табылады.
2. Кеңес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын басқарудың 
бағыттары мен механизмдерін анықтау, сапа менеджменті принциптерін енгізу бойынша 
құрылымдық бөлімшелерге жәрдем беру мақсатында жұмыс жасап, білім беру үрдісін 
ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологияларын оқу үрдісіне енгізуді ұсынады.
3. Кеңестің ұсыныстары кейбір жағдайда ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесі мен 
ректоратының мәжілістеріне қарастырылып бекіту үшін шығарылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері
4. Кеңестің негізгі міндеттері: 
1) оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингін ұйымдастыру; 
2) білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-
әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға 
жоспарлауды, сараптаманы және ұсынымды ұйымдастыру; 
3) университеттегі оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру; 
4) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық 
тәжірибелерді қорыту және тарату; 
5) біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және 
аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау; 
6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісін әдістемелік әзірлемелердің 
нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау; 
7) университеттегі әдістемелік жұмыстарды үйлестіру; 
8) білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы 
технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды 
ұйымдастыру; 
9) оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және 
уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру; 
10) педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі 
жұмыстарды басқару; 
11) білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру 
мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; 
12) университеттің профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлерді аттестаттауға 
қатысу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет