Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


 Кеңес қызметінің негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет126/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   208
3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
5. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары: 
1) оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру; 
2) факультеттердегі әдістемелік бюролардың жұмыс жоспарларын талқылау және 
қолдау; 
3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және қолдау; 
4) оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау; 


227
5) әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру 
жөнінде ұсыныстар енгізу; 
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық түрде және 
дидактикалық материалдар әзірлеуін ұйымдастыру; 
7) өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде білім 
беру мамандарының (кәсіптерінің) тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау; 
8) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және профессорлық-оқытушы құрамына тәжірибелік 
көмек беруге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін 
қарау; 
9) пәндер каталогын қарастыру және бекіту; 
10) пререквизит және постреквизиттерді бекіту; 
11) әдістемелік бюролар қызметінің жылдық жоспарларын қарастыру және бекіту; 
12) білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін 
әзірлеу және сараптамадан өткізу мәселелері; 
13) білім алушылардың өзіндік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін 
өзіндік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету; 
14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша 
семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады. 
4. Кеңестің сайлану және жұмыс тәртібі 
6. Кеңестің құрамына кафедра өкілдері, оқытушылар, оқу-әдістемелік ұйымдардың 
басшылары, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау, 
білім беруді ақпараттандыру жөніндегі құрылымдық бөлімшелер басшылары кіреді. 
Кеңестің құрамы білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекітіледі. 
7. Кеңесті оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары - Төраға 
басқарады. 
8. Кеңес мүшелерінен ашық дауысы арқылы хатшы сайланады. 
9. Кеңестің жұмысы әдістемелік кеңестің отырысында қабылданған және білім беру 
ұйымның бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 
10. Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі. 
11. Әдістемелік кеңестің отырысында қаралған мәселенің нәтижесі бойынша қатысып 
отырған мүшелерінің басым көпшілік дауысымен әдістемелік кеңестің ұсынысы 
қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен әдістемелік 
кеңестің шешімдеріне кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды. 
12. Егер әдістемелік кеңестің отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып 
отырса, онда әдістемелік кеңес құқықты өкілетті деп табылады. 
13. Кеңестің төрағасы жылына бір рет Кеңес қызметінің нәтижелері туралы білім беру 
ұйымдарының педагогикалық, ғылыми кеңесінің алдында есеп береді. 
14. Әдістемелік кеңестің әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның 
жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытылы және нақты орындауға 
тиісті. 


228


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет