Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Білім алушылардың өзіндік жұмысы



Pdf көрінісі
бет12/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   208
6. Білім алушылардың өзіндік жұмысы 
 
6.1. Кредиттік оқыту технологиясында білім беру бағдарламасын толық қанды меңгеру 
үшін білім алушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды кең көлемде атқарады. Өзіндік 
жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік 
жұмысы (ОСӨЖ) және студенттің толығымен өзі орындайтын жұмысы (СӨЖ). 
6.2. ОСӨЖ (офис-сағаттар) жеке график бойынша оқытушымен байланыста 
орындалатын студенттің аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады, ол факультет 
деканы бекіткен жеке кесте бойынша жүргізіледі. ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы 
анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша 
консультациялар және семестрлік жұмыстардың, есептер мен басқа да СӨЖ 
тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі. 
6.3. Өзіндік жұмыстың барлық түрі силлабус пен ПОӘК-та көрсетіліп, нақты 
тапсырмалары, бағалау критерийлері және тапсырмаларды өткізу кестесі келтіріледі.
6.4. Егер өзіндік жұмыс тапсырмалары білім алушыға қиындық туғызбаса, оның офис-
сағаттар кестесінде көрсетілген аудиторияда болуы міндетті емес, оқытушы көрсетілген 
аудиторияда толық уақытта болуы міндетті. ОСӨЖ/ОМӨЖ/ОДӨЖ орнына семинар, 
практикалық және зертханалық сабақтарды жүргізуге болмайды.
Толығырақ §§7, 13, 14, 20, 42 қараңыз. 


16
7. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы 
7.1.
Білім беру бағдарламаларын меңгеру аясында магистранттар мен докторанттар 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименттік-зерттеу) 
жұмысын 
орындайды, 
оған 
ғылыми 
жарияланымдар дайындығы мен магистрлік/докторлық диссертацияның орындалуы кіреді.
7.2.
Ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы ғылыми жетекшілердің/ 
кеңесшілердің жетекшілігімен орындалады. Олар оқуға түскеннен кейін бірінші екі айда 
факультет Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде университет ректорының бұйрығымен 
бекітіледі.
Ғылыми жетекші/кеңесшілердің кәсіби сәйкестігі білім алушының диссертациялық 
зерттеу тақырыбы бойынша отандық және нольдік емес импакт-факторы бар шетелдік 
басылымдардағы ғылыми жарияланымдармен дәлелденеді.
7.3.
Ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын орындау үшін магистранттар 
мен докторанттар жеке оқу жоспарымен қатар толық оқу мерзіміне жеке жұмыс жоспарын 
жасайды; оған ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының жоспары, тәжірибеден 
өту жоспары, диссертация тақырыбы, оның негіздемесі мен құрылымы, диссертация орындау 
жоспары, ғылыми жарияланымдар мен шетелдік машықтану жоспары кіреді.
7.4.
Магистратура/докторантурада білім алушылардың ғылыми жетекші/кеңесшілері 
магистрант/докторанттардың жеке жұмыс жоспарларының құрастыруына қатысып, олардың 
оқу және ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысына бағыт береді және 
жоспардағы барлық жұмыстардың сапалы да уақытылы орындалуына жауапты болады.
7.5.
Магистрант/докторанттардың 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименттік-зерттеу) 
жұмысының кредиттері оқу семестрлері бойынша бөлінеді. Әр академиялық кезеңнің 
аяғында ғылыми жетекші/кеңесшілердің қатысуымен мамандандырғыш кафедраның 
отырысында білім алушылар жасалған жұмыс бойынша презентациясын ұсынады.
7.6.
Магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) 
жұмысының нәтижелері толық оқу мерзімінде 100-балдық шкалаға сәйкес ғылыми-зерттеу 
(эксперименттік-зерттеу) жұмыстың әр сатысы бойынша бағаланады.
7.7.
Магистранттар мен докторанттар жеке жұмыс жоспарын орындау барысында 
диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша алыс-жақын шет елдердің алдыңғы қатардағы 
ЖОО-да және/немесе ірі зерттеуші орталығында міндетті түрде шетелдік машықтанудан өту 
керек. 
Шетелдік ғылыми машықтану бағдарламасы ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) 
жұмыстың жеке жоспарына сәйкес әзірленіп, факультет Ғылыми кеңесінің шешімімен 
бекітіледі. Шетелдік машықтануды қаржыландыру нормативтері ҚР БҒМ нормативтік 
құжаттары және Университет білім алушылары мен ПОҚ шет елдерге іс сапарға шығу 
ретінің ережесі бойынша бекітіледі. 
Шет елдерге ғылыми машықтануға баратын магистранттар мен докторанттардың шетел 
тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификаты (ағылшын тілі үшін TOEFL, IELTS, басқа 
тілдер үшін сертификаттары) болу керек.
Толығырақ §§7, 8, 14, 15, 30, 32, 33 қараңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет