Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет9/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   208
3. Жалпы ережелер 
3.1. Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі оқу жылы бойы игерілетін 
кредиттермен өлшенеді. Білім алушы университеттегі жалпы оқу мерзімінде, яғни 
бакалавриатта - төрт оқу жылында; магистратурада - бір, бір жарым, екі оқу жылында; 
докторантурада - үш оқу жылында белгіленген кредит санын меңгеруге тиіс.
Бакалавриаттағы мамандықтардың негізгі оқу жоспарларына үш: мемлекеттік міндетті, 
әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби пәндердің топтамасы кіреді.Әр блок міндетті және 
таңдаулы компоненттердің кредит сандары көрсетілген пәндерінен тұрады. Әдетте әр пән бір 
семестр бойы оқылады, бірақ оқу жоспары әр пәннің пререквизиттерін ескере отырып жүйелі 
түрде құрастырылады.
Магистратура мен докторантураның оқу жоспарлары модулдік негізде құрастырылып, 
үш блоктан тұрады. Магистратурада – міндетті мемлекеттік модуль, міндетті кәсіби 
модулдер және жеке білім беру траекториялардың модулдері. Докторантурада - міндетті 
мемлекеттік модуль, кәсіби мамандандырудың элективті модулдері және жеке білім беру 
траекториялардың модулдері. Модулді құрайтын пәндер бір семестрде бірге немесе бірінен 
кейін бірі оқу жылында оқылуы мүмкін.
3.2. Оқу жылы аралық бақылау, қорытынды бақылау (сессия), қорытынды аттестация 
(бітіруші курс үшін), тәжірибе мен демалыс күндері кіретін академиялық кезеңдерден 
(семестрден) тұрады. Теориялық оқыту кезеңінің ұзақтығы жазғы семестрді қоспағанда 8 
аптадан 15 аптаға дейін.
3.3. 6 аптаға созылатын жазғы семестр өткізіледі. Жазғы семестрде, әдетте, оқу 
бағдарламасы бойынша меңгерілмей қалған пәндер, сондай-ақ басқа мамандықтан, басқа 
университеттерден келген білім алушылар үшін пәндер оқытылады.
Жазғы семестрдегі оқу тек ақылы негізде ғана жүргізіледі.
Жазғы семестр білім алушының пән бойынша қанағаттандырарлықсыз бағасын жоюға, 
оқу жоспарындағы айырмашылықты жоюға, пререквизиттерді өз уақытында меңгеру 
есебінен өзінің жеке жоспарына түзетулер енгізуге, үлгерімінің орташа балын көтеруге 
(GPA) мүмкіндік береді. Жазғы семестр кезінде қажетті кредиттерді меңгеру үшін жазғы 
семестрге екі апта уақыт қалғанға дейін білім алушы 9 кредитке тіркеле алады. 


13
Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балын жинай алмаған білім 
алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі 
бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) 
белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан 
тапсыруына мүмкіндік беріледі. 
3.4. Әр оқу жылының ұзақтығы мен уақыты оқу жылы басталардан 3 ай бұрын 
Академиялық күнтізбеде басылып, білім алушылар мен оқытушылардың назарына 
ұсынылады. Білім алушыларды факультет ұсынған элективті пәндер мазмұнымен кеңінен 
таныстыру мақсатында оқу жоспарының әр блогы бойынша пәндердің Каталогы басылып 
шығарылады. Каталогты кафедралар дайындап, білім беру деңгейі бойынша Академиялық 
мәселелер жөніндегі департаменті мен Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты 
үйлестіріп іріктейді және білім алушылар назарына ұсынады. 
Толығырақ §§7, 8, 13, 14 қараңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет