Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


 Білім алушыларды ауыстыру тәртібі (білім алушының басқа ЖОО-дан



Pdf көрінісі
бет20/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   208
 
16. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі (білім алушының басқа ЖОО-дан, 
университет ішінде және курстан курсқа ауысуы)
16.1. Студенттер мен магистранттарды басқа ЖОО-дан әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университетіне ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.
Ауысатын студенттің ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің 
сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы және орташа үлгерім балы (GPA - Grade 


27
Point Average) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгіленген ауысу балынан төмен болмауы 
тиіс. Оқуға түсу үшін шығармашылық емтихан тапсыру көзделген мамандықтарға ауысатын 
студенттердің ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы 
балл саны 60-тан кем болмау керек, оның ішінде: Қазақстан тарихы – 15-тен, Қазақ/Орыс тілі 
-15-тен, әр шығармышылық емтихан – 15-тен кем болмауы тиіс.
Ауысудың міндетті шарты білім алушының жеке оқу жоспары бойынша меңгерілетін 
бағдарламаның бірінші академиялық кезеңді аяқтау болып табылады. 
16.2. Білім алушының университеттің ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір 
формадан екінші формаға ауысуы оқылатын курс пен академиялық айырымын анықтау 
арқылы ақылы түрде жүзеге асырылады.
Бұрын оқудан шығарылған білім алушыларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім 
алушылары қатарына қабылдау барлық оқу түріне оқудан шығару мерзіміне байланыссыз 
демалыс кезінде ректордың бұйрығымен орындалады. Қайта қабылдаудың міндетті шарты 
білім алушының меңгерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін жеке оқу 
жоспары бойынша аяқтауы болып табылады. 
Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың әрі қарай оқу курсы 
пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады. 
16.3. Магистранттар мен докторанттардың ауысу кезінде басқа ЖОО-да оқылған 
элективті пәндерді қайта есептеу үшін олардың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру 
бағдарламасының мазмұнына сәйкестігі анықталу керек. Керісінше жағдайда белгіленген 
тәртіппен жойылатын оқу жоспарындағы айырмашылықтар рәсімделеді.
Ауысудың міндетті шарты білім алушының жеке оқу жоспары бойынша меңгерілетін 
бағдарламаның бірінші академиялық кезеңді аяқтау болып табылады. 
16.4. Ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауысу жоғары оқу көрсеткіштеріне жеткен 
білім алушыға ҚР БҒМ нормативті талаптарына сәйкес вакантты орын болған жағдайда 
конкурсты негізде демалыс кезінде рұқсат етіледі. 
16.5. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушылары аталған курстың оқу 
жоспарының талаптарын толық орындағанда, талап етілген кредит мөлшерін игергенде және 
GPA ауысу балының белгіленген деңгейін жинаған жағдайда келесі курсқа ректордың 
бұйрығымен көшіріледі. Келесі курсқа көшкен білім алушының академиялық қарыздары 
болса сәйкес пәндерді тек ақылы негізде қайта оқуы керек. Оқу жұмыс жоспарының 
талаптарын орындамаған және белгіленген GPA ауысу балын жинай алмаған білім алушы 
курсты қайта оқуға қалдырылады. 
16.6. Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың өткен 
академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық 
айырмашылығы айқындалады

Академиялық айырымды жою ақылы түрде жүзеге 
асырылады. 
Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық транскриптте 
немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі - анықтама) 
көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық 
сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады. 
Егер академиялық айырмашылық пәндерінің көлемі 24 кредиттен артық болса, онда 
білім алушы төменгі курсқа қабылданады. 
Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім 
алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне 
қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға 
жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу 
сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге 
жазылады. 
Ағымдағы оқу жылында, сонымен жазғы семестрде жойылмаған жұмыс оқу жоспары 
пәндеріндегі академиялық айырмашылық академиялық қарыз ретінде есепке алынады. 


28
16.7. Академиялық қарызды жою мақсатында қайта оқуға қалдыру немесе оқу 
сабақтарына қайта қатысу ауыстыру бұйрығының негізінде рәсімделеді: 

білім алушының жеке өтінішіне факультет деканының және Экономика және 
бюджеттік жоспарлау департаменті директорының бұрыштамасы қойылғанда; 

факультет деканының қолы қойылған білім беру қызметі туралы (жазғы семестр) 
университетпен жасалған келісім-шарттар; 

оқу ақысын төлегені туралы квитанциясының көшірмесі. 
Қайтарымды білім беру қызметі туралы келісім-шартқа белгіленген уақытта (ағымдағы 
жылдың 10-шы қыркүйегіне дейін) отырмаған білім алушы оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан 
шығарылады. 
16.8. Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта 
қабылданған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы (академиялық анықтама, 
транскрипт), белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен 
өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады. 
Шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан 
Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған 
тұлғалар да балы белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан 
әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі – КТ) сертификатын ұсынады. 
Толығырақ §11 қараңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет