19
Оқытушы «І» бағасын стандартты («A», «B», «C», «D») бағаларға емтиханды қысқы
емтихан сессиясы жағдайында – келесі семестр басталған соң 30 күннің ішінде, жазғы
емтихан сессиясы жағдайында – жазғы семестрде Тіркеуші кеңсесінде тапсырғаннан кейін
өзгертіледі. Оқытушы жасаған емтихан (басқа жұмыстарды) тапсыру кестесіне сәйкес
Тіркеуші кеңсе «Univer» жүйесінде бағаны өзгерту үшін емтихан парағын береді. Егер
белгіленген мерзімде білім алушы барлық талаптарды орындамаса,
оқытушы қол қойған
емтихан парағының негізінде тіркеуші кеңсе «I» бағасын «F», яғни «қанағаттанарлықсыз»
бағасына өзгертеді.
«I» бағасын қойған оқытушы университетте дәлелді себеппен болмаған жағдайда,
пәнді аяқтап, «I» бағасын стандарттыға ауыстыру үшін кафедра меңгерушісі басқа
оқытушыны тағайындайды. Егер білім алушы бағаны түзету мерзімі аяқталмай
университеттен кетіп қалса, онда «I» бағасы транскрипте өзгеріссіз қалады.
9.9. «AU» бағасы қорытынды бағаны алмай-ақ пәнге қатысқысы келетін білім
алушыларға қойылады. Мұндай пәнді өту төлем ақысы ҚазҰУ-дың белгілеген құны
бойынша толық көлемде төленеді. Оқытылатын пәнге тыңдаушы ретінде тіркелген білім
алушы ол туралы Тіркеуші кеңсеге хабарлауы тиіс. Мұндай
білім алушының емтихан
тізімдемесіне автоматты түрде «AU» бағасы қойылады.
9.10. Оқу пәнінің тыңдаушылары ретінде ҚазҰУ-дың білім алушыларымен қатар
университетте білім алушы ретінде тіркелмеген, бірақ осы пән бойынша оқу ақысын төлеген
тұлғалар да қатыса алады.
9.11. Білім алушы «Add/Drop» қайта тіркеу аяқталғанға дейінгі бірінші аптаның ішінде
пәннен бас тартатын шешімін негіздеп Тіркеуші кеңсе жетекшісінің атына өтініш жаза
алады. Өтініш міндетті түрде эдвайзермен келісілуі тиіс. Мәселе оңынан шешілген жағдайда,
деканның қолы қойылған өтініш Тіркеуші кеңсеге жіберіледі.
9.12. Білім алушы пәнді оқудан академиялық себеп бойынша әкімшілік тәртіппен «AW»
(Academic Withdrawal) бағасы қойылып шеттетілуі мүмкін. Пәннен әкімшілік тәртіппен
шығарудың себептері мыналар:
-
оқылып жатқан курсқа ешбір себепсіз жүйелі түрде қатыспау (36 сағат);
-
жеке тапсырмаларды, СӨЖ/МӨЖ орындамау, жұмыстарды тапсыру кестесін тұрақты
түрде бұзу, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқа да оқу ережелерін бұзу;
-ішкі тәртіп ережелерін бұзу.
Пәннен академиялық себеппен шеттетудің қосымша шарттарын оқытушы өзінің
силлабусында көрсетуі мүмкін. Міндетті пәндердің қатарына енетін пәндерден әкімшілік
жолмен шығарылған жағдайда білім алушы оны тек ақылы түрде қайта оқи алады.
9.13. Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны көтермелеу мақсатында қайта тапсыруға
рұқсат берілмейді.
9.14. Емтихандағы тәртіп ережесіне сәйкес емтихан тәртібін бұзған (шпаргалка, ұялы
телефон қолдану, дәлелсіз себептермен кешігу және т.б.) білім алушы емтиханнан
шығарылып, оған «F» бағасы қойылып, осы пән тек ақылы түрде қайта оқытылады.
Емтихан тәртібін қайта бұзғаны үшін білім алушы факультеттің
Этика кеңесінің
ұсынысы бойынша оқудан шығарылуы мүмкін.
Бейнекамера жазбасы бойынша емтиханда тәртіп бұзған жағдайлар (шпаргалка, ұялы
телефон қолдану, дәлелсіз себептермен кешігу, бір-бірімен сөйлесу және т.б.) анықталса,
пәнбойынша қорытынды бағаның күші 6 айдың ішінде жойлуы мүмкін.
9.15. Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балының жинай алмаған білім
алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі
бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқа)
белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан
тапсыруына мүмкіндік беріледі.
9.16. Белгіленген GPA балының деңгейіне жеткен білім алушылар университет
ректорының бұйрығымен келесі курсқа өтеді. Курстан курсқа өту үшін қажет GPA балын оқу
жылы басында факультеттің Ғылыми кеңесі бекітеді. Бекітілген GPA балын жинай алмаған
20
білім алушы ақылы түрде курсты қайта оқу үшін қалдырылады.
Қайта оқу курсына қалған
білім алушы бұрынғы қабылданған жеке оқу жоспары бойынша оқуға немесе белгіленген
тәртіп бойынша жаңадан жеке оқу жоспарын құрастыруға құқылы.
9.17. Белгіленген GPA балын жинап, келесі курсқа өткен білім алушының академиялық
қарызы болған жағдайда ол осы пәндерді ақылы негізде қайта оқуына болады.
9.18. Білім алу гранттарының иегерлері қайта оқу курсына қалған жағдайда грантынан
айырылып, өзінің оқуын тек ақылы түрде жалғастыра алады. GPA өту балын жинап, бірақ
академиялық қарызымен келесі курсқа өткен білім алушылар грантынан айырылмайды. Бұл
жағдайда қарызы бар пәндерді ақылы түрде қайта оқып емтихан тапсырады. Мамандықтар
бойынша бір кредиттің құнын Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті
анықтайды.
Толығырақ §§7, 8, 13, 14, 37, 40, 43, 44, 45 қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: