11
құзыреттіліктерін)
көрсететін
қысқаша
сипаттамаларынан
тұратын
жүйеленген
аннотацияланған тізім.
Пәнді қайта оқу (Retake)
– қорытынды бағасы «қанағаттанарлықсыз» («F») болған
жағдайдағы пәнді қайта оқу.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК)
–
силлабус, қысқаша дәрістер қонспектісі,
зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының тапсырмалары, СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ
тапсырмалары, тақырыптар мен сабақ түрлері бойынша өзіндік жұмыс үшін оқу-
практикалық материал (кейстер, есептер жинақтары, талдау үшін мақалалар және т.б.),
пәннің әдістемелік қамтылу картасынан тұратын құжат.
Педагогикалық тәжірибе (практика)
–
жоғарғы оқу орынында оқу барысында білім
алушылардың алған теориялық білімдерін бекітуге, педагогикалық
дағдыларды игеруге,
болашақ педагогикалық мамандығы бойынша кәсіби және ұйымдастыру жұмысындағы озық
тәжірибелерде меңгеруге бағытталған білім беру жүйесі мемекемелеріндегі кәсіби
практиканың түрі.
Постреквизиттер(Postrequisites)
- аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу
үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер.
Пререквизиттер (Prerequisites)
- оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім,
икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер.
Сабаққа қатысу мен үлгерімнің электрондық журналы
– оқытушылардың академиялық
кезең бойы толтырып отыратын ҚазҰУ-дың «Univer» жүйесіндегі on-line журналы.
Силлабус (Syllabus)
- оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның
қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын,
кеңес беру уақытын, білім алушылардың
білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын,
бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімін көрсететін пәннің
оқу бағдарламасы.
Студент/магистрант/докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ/МҒЗЖ/
ДҒЗЖ)
– бірыңғай оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық үдерістің ажырағысыз
құрамшысы ретінде университтетегі жоғары білікті мамандарды даярлаудың міндетті бөлігі.
Таңдау компоненті
– жоғарғы оқу орындары ұсынып студенттер кез келген
академиялық кезеңде пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып өз бетімен
таңдайтын оқу пәндері және оларға сәйкес келетін кредиттер көлемінің (немесе
академиялық сағаттардың) тізімі.
Тәжірибе базасы
– білім алушылардың кәсіби тәжірибесі өтетін кәсіпорындар,
ұйымдар,
мекемелер, оқу орындары, ғылыми институттар мен орталықтар немесе жоғары
оқу орнының құрылымдық бөлімдері.
Теоретиялық оқу
– үлгілік оқу жоспарлары бойынша жалпы білім, базалық және
бейіндеуші пәндер циклдарынан, негізгі оқу жоспарлары бойынша - мемлекеттік міндетті,
әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби модулдерінен тұратын білім беру бағдарламасының
бөлігі.
Транскрипт (Academic Transcript)
- білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі
бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізімінен
тұратын құжат.
Тьютор (Tutor)
– білім алушының нақты пәнді игеруі
бойынша академиялық кеңесші
рөлін атқаратын оқытушы.
Түлек шығаратын (мамандайтын) кафедра
- өз саласы бойынша маман дайындап
шығаратын кафедра.
Үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ)
- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен Жалпыға міндетті білім беру
стандарты негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең
аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып,
пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін
регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты.
12
Үлестірмелі
материалдар
(Handouts)
–
білім
алушының
тақырыпты
шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі
безендірілген материалдар (дәріс тезистері,
сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер,
өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар).
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор(Doctor)
– сәйкес мамандықтар
бойынша
докторантураның
кәсіби
білім
бағдарламаларын
игерген
тұлғаларға
тағайындалатын дәреже.
Шетелдік ғылыми тағылымдама
– оқуға және/немесе диссертациялық зерттеу
тақырыбы
бойынша
ғылыми-зерттеу
(эксперименттік-зерттеу)жұмыстарын
атқару
мақсатымен материал жинақтау үшін магистратура және
докторантурадағы білім беру
бағадарламалары бойынша білім алушылардың шетелдік ұйымдарға барып келуі.
Эдвайзер (Аdvisor)
- тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық
тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының
қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін
оқытушы; бір тұлға куратор мен эдвайзер функцияларын қатар атқаруы мүмкін.
Элективтік пәндер
- белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін
таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-
экономикалық дамытудың ерекшеліктерін
және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында
ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу
пәндері.
Достарыңызбен бөлісу: