223
§24
ЭДВАЙЗЕР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1.
Жалпы қағидалар
1.
Эдвайзер (Advisor) – білім алушының сәйкес мамандығы бойынша академиялық
жетекшісі болып табылатын, білім алу траекториясын таңдауда (студенттің жеке жоспарын
жасауда) және оқу кезеңінде білім бағдарламасын меңгеруде жәрдем көрсетіп отыратын
оқытушы.
2.
Эдвайзердің жұмысы университет оқытушысының маңызды көрсеткіші болып
табылады және оқытушылық бос орынға байқаудан өтуде есептеледі.
3.
Эдвайзер білім алушылардың академиялық мүддесін білдіреді және оқу үдерісіне
қатысты барлық ақпараттық материалдардыбілім алушыларға дайындап бередіжәне білім
алушының жеке оқу жоспарын құрастыруы мен өзгертуіне көмектеседі.
4.
Эдвайзерпрофессорлық-оқытушы құрамының ішінен сайланады. Эдвайзерлер тізімін
декан бекітеді.
5.
Эдвайзер білім алушының жеке оқу жоспарындағы арнайы пәндер саласына қажетті
ғылыми ой-өріске ие болу керек; корпоративтік және кәсібиэтиканы сақтай отырып, ОПҚ
және білім алушымен қарым-қатынаста болу керек; өз жұмысын шығармашылықпен атқаруы
тиіс.
6.
Эдвайзер білім алушының оқу кезеңінде ұймдастыру-әдістемелік және кеңес беру
жұмыстарын жүзеге асырады.
7.
Эдвайзер білім алушының жеке білім алу траекториясын құрастыруда және білім
бағдарламасын игеруде білім алушыға көмек береді.
8.
Эдвайзербілім алушыға білім алу траекториясын таңдаумен қатар, жеке тұлғалық
қалыптасу траекториясын таңдауға да көмектеседі. Бұл кезде ол білім алушының сабақтан
тыс мүдделерін, қоғамдық жұмыстар формасын анықтауға көмектесе отырып, білім
алушының шығармашылық қабілетін жүзеге асырудың университеттегі мүмкіншіліктері
туралы ақпарат береді.
9.
Сонымен қатар эдвайзербілім алушыға болашақ мансабына байланысты
мәселелерді шешуге, зерттеу жұмысының бағытын анықтауға, ғылыми жетекшіні таңдауға,
біліктілік бітіру жұмысының тақырыбын таңдауға, кәсіби тәжірибеден өту базасын таңдауға
көмектесіп, кеңес береді.
10.
Білім алушы тек кәсіби білімді ғана емес, жан-жақты дамыған маман болуы тиіс.
Сондықтан эдвайзер өзінің жұмысын білім алушыны Қазақстанның тарихи тәжірибесінің,
адамгершілік құндылықтарының негізінде жеке тұлға, азамат ретіндегі көзқарастарының
қалыптасып дамуына бағыттауы тиіс.
11.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кредиттік технологиясы бойынша оқыту
арқылыжоғары кәсіби білімді мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Бұл технологияның
басты мақсаты – мамандық оқу жоспарының шеңберіндебілім алушының таңдап алған білім
алу траекториясының негізінде олардың өз бетімен іздену және білім алу қабілетін дамыту.
12.
Эдвайзер білім алушыға толық оқу кезеңінде жетекшілік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: