231
27. Конкурсқа қабылданған қолжазбалардың мөлшерін (санын),оларды
баспаға ұсыну
мерзімін және басылым таралымын РБК бекітеді.
28. Шығармашылық конкурс екі кезеңде өткізіледі: сараптамалық кезең және
қорытынды кезең.
29. Конкурсты ұйымдастыру – дайындық жұмысы қазан айының 1-нен 15-не дейін, бұл
аралықта факультет,кафедра және басқа да бөлімшелер конкурс жайлы ақпарат таратуы
керек.
30. Алғашқы сараптамалық кезеңді қазан айының 15-нен қараша айының 15-не дейін
факультеттің әдістемелік бюросы өткізеді.Факультеттің әдістемелік бюросы оқу процессінде
қолжазбаның қажеттілігін анықтап және алдын-ала сараптама да жасайды.Факультеттің
әдістемелік бюросы қолжазбаларға іріктеу жүргізгенде мынадай өлшемдерді қолданады:
а) оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің даярлық дәрежесі 80%-дан кем болмауы
керек;
б) үлкен сұранысқа ие оқу әдебиетінің даярлық дәрежесі 50%-дан кем болмауы керек;
в) тақырыптық жоспарға өткен жылдардағы тақырыптық жоспарды орындамаған автор
қолжазбалары жіберілмейді.
Бірінші кезеңнің нәтижелері хаттамамен рәсімделіп, РБК-ның Академиялық мәселелер
жөніндегі департаментініңәдістемелік бөліміне жіберіледі.
31.Екінші қорытынды кезең университеттің РБК-да қараша айының 15-нен желтоқсан
айының 15-не дейін өткізіледі.РБК мен әдістемелік бөлім жоғары
оқу орындарының әдеби
шығармаларды баспадан шығару жөніндегі тапсырысын және баспа таралымын
қарастырады.Сонымен қатар, қолжазбаларға қосымша сараптама жүргізеді.
Сараптама мына өлшемдермен іске асады.
Оқу әдебиеттері үшін:
- мазмұны көлемінің толық, әрі жеткілікті болуы.Оқулық мазмұнының көлемі
пәндердің кредиттік сандарына сәйкес келуі керек (3 кредитке оқу мәтіннің 8-10 баспа
табағы);
-
жаңашылдық, оқулық қазіргі заманғы ғылымның дамуына сай, әрі кейінгі ғылым
жаңалықтарына сүйенуі керек;
- оқулықтың өзектілігі лицензиялау талаптарында ескеріледі: әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер үшін 5 жыл және жаратылыстану-ғылыми пәндер үшін 10 жыл;
- кредиттік оқу жүйесіне сәйкес болу: оқу материалдарын жіктеу, студенттердің өзін-өзі
бақылау сұрақтары,
СӨЖ тақырыптары, тест тапсырмалары, СӨЖ жұмыстарын орындау
үшін әдістемелік нұсқаулар, жеке қабілеттерін ескеру, оқу бағдарламасына және МЖМББС-
ға сәйкес келуі;
- төл және жаңашылдық (студенттермен қарым-қатынас орната білу,әр-түрлі ой тастау,
түрлі үдерістердің әлді және әлсіз тұстары,студенттердің өзін-өзі бақылау,өзіне-өзі баға
беру,болып жатқан оқиғаларға баға беру жүйесін қалыптастыру және т.б.,
тәжірибелік
бағдар).
Оқулықтарда жаңа әдістердің, оларды қолдану жөнінде, пәнаралық зерттеулер мен
ғылымның кейінгі жаңалықтары жайлы мәлімет болуы керек.
Ғылыми әдебиет үшін:
-
Жаңашылдық, ғылымның кейінгі ашқан жаңалықтары;
-
Мәдени компонент (ерекше эпиграфтар,тарихи анықтамалар,ғылымның тарихы);
-
Қазіргі ғылым дамуына сай болуы (осы бағыт бойынша);
-
Тәжірибелік сұрақтардың мазмұнын аша білу, олардың өзектілігі.
Нақты шешім қабылдау үшін әдебиеттердің әр қайсысын РБК мүшелері
өз саласында
тексеріп,қорытынды дайындайды. РБК-ның мәжілісінде шешім қабылданып, хаттама
рәсімделеді.
32. РБК конкурсқа ұсынылған қолжазбаларға шолу жасап,олардың жетістіктері мен
қателіктеріне
тоқталып,олардың сапасын арттыру үшін,шығарылымын және таралуын
ұлғайту бағытында нұсқаулар береді.
232
33. Конкурста жеңген қолжазбалар РБК тақырыптық жоспарына кіріп, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың баспасында шығарылу мүмкіндігіне ие болады. Басылым таралымын
басқа да университеттердің тапсырысы бойынша және оқушылардың
санына байланысты
РБК тағайындайды. Таралымның құрамы: 10 данасы авторға немесе авторларға, 10 данасы
міндетті түрде таратылады, 30-40% кітапханаға беріледі, қалғаны сатылуға түседі.
Конкурс нәтижесінде тақырыптық жоспарға кірген қолжазбалар жолдама
құжаттарымен бірге, дайын күйінде РБК-ға бекітілуге жіберіледі.