29
18. Мемлекеттік шәкіртақы төлеу тәртібі
18.1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушыларына
мемлекеттік стипендия
төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР-ның «Білім туралы» Заңына және ҚР БҒМ нормативті құжаттарына
сәйкес жүзеге асырылады.
18.2. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатқан
бакалаврларға, магистранттарға,
PhD докторанттарға, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс
бойынша ауысқан білім алушыларға сессия нәтижесінде немесе аралық аттестациядан
«жақсы» және «өте жақсы» деген баға алған білім алушыларға тағайындалады.
18.3. Білім алушының шығармашылық белсенділігін қолдау үшін түрлі қоғамдық және
қайырымдылық
ұйымдардың, ұлттық компаниялардың білім алушыларға стипендия
тағайындауын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдайды.
Толығырақ §§9, 10, 16 қараңыз.
19. Оқудың төлем ақысы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу ақысы білім үдерісін
қамтамасыз етуге кеткен
қаржы есебінен қалыптасады. Оқуға ақы төлеу білім беру қызметінің келісім-шартына сәйкес
реттеліп, Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің құзырында болады.
20. Білім беру үдерісінің транспаренттілігі
20.1. Университеттегі білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы ашықтық, айқындық,
әділдік ұстанымдар мен этикалық нормаларға негізделіп жүзеге асырылады.
20.2. Білім алушылар
- плагиат пен басқа әділсіз жұмыстарға;
-
өзіндік жұмыс, межелік бақылау және қорытынды емтихан тапсыру барысында
сыбырлап айтуға, көшіруге;
- басқа тұлғалар
орындаған тапсырмаларды, шығарған есептерді көшіруге;
- басқа білім алушы үшін емтихан тапсыруға
жол бермеу керек.
Кез келген ақпаратты бұрмалау, «Univer» жүйесіне
рұқсатсыз кіру, шпаргалка
пайдалану айыбы анықталған білім алушы «F» қорытынды бағасына ие болады.
20.3. Профессорлық-оқытушы құрамы
- оқыту сапасын қамтамасыз етуге;
- оқылатын пән бойынша оқу-әдістемелік материалдың
қол жетімділігін қамтамасыз
етуге;
- бақылаудың барлық түрін әділдікпен жүзеге асыруға;
- әріптестер мен білім алушылардың сын көзқарасын дұрыс қабылдап, оны өз-
өзінкемелдендіру үшін пайдалануға
міндетті.
20.4. Әкімшілік білім беру үдерісінің
айқындығын, ашықтығын,әділдігін және
қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырады.
20.5. Университетте әлеуметтік, нәсілдік,
гендерлік, этникалық, діни белгілері бойынша
дискриманицияның кез келген түрлеріне жол берілмейді.