Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


 Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы



Pdf көрінісі
бет17/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   208
 
12. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы 
 
12.1.
Білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық 
кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) 
игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредиттерді қайта есепке алып өз ЖОО-сында 
немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін 10 күннен 4 айға 
дейін мерзімге барып келуі. 


22
12.2.
Академиялық ұтқырлықтың формалары: білімдік машықтану, ғылыми 
машықтану.
1) 
Білімдік (академиялық) машықтану
– өзге отандық немесе шетелдік ЖОО-да 
оқылатын пәндер көрсетілген білім алушының жеке жоспары немесе халықаралық (соның 
ішінде бірлескен) білім беру бағдарламасының негізіндегі оқу, біліктілікті арттыру немесе 
қайта дайындықтан өту.
2) 
Ғылыми (зерттеу) машықтану
– өзге ЖОО-лар мен елдердің кітапханалық қоры 
мен басқа ресурстарының негізінде мамандық бойынша дипломдық жұмыс, диссертация, 
монография жазу және/немесе оқулық, оқу құралын дайындау үшін ғылыми-теориялық, 
ғылыми-практикалық сипаттағы ақпараттар мен материалдарды жинақтау және талдау 
жұмыстарын атқару.
12.3.
Академиялық ұтқырлықтың түрлері: жеке, топтық (ұжымдық), ішкі (ел ішінде), 
сыртқы (халықаралық), кіріс (халықаралық), қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді академиялық 
ұтқырлық.
1) 
Жеке академиялық ұтқырлық
- білім алушылардың белгілі бір кезеңге өзге жоғары 
оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде 
кредиттерді қайта есепке алып өз ЖОО немесе өзге ЖОО-да ұзақ мерзімді академиялық 
ұтқырлық шеңберінде білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін барып келуі. 
2) 
Топтық (ұжымдық) ұтқырлық
– білім алушылардың өздігінен немесе оқытушының 
жетекшілігімен топ құрамында белгілі бір кезеңге өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе 
шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредиттерді қайта есепке алып өз 
ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық шеңберінде білімін 
жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін барып келуі. 
3) 
Ішкі академиялық ұтқырлық
- білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілерді 
белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына Қазақстанның өзге жоғары оқу 
орнына игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредиттерді қайта есепке алып өз 
ЖОО немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін барып келуі. 
4) 
Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық
– білім алушылардың немесе 
оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына 
шетелдік жоғары оқу орнына игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредиттерді 
қайта есепке алып өз ЖОО немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер 
жүргізу үшін барып келуі. 
5) 
Кіріс (халықаралық) академиялық ұтқырлық
– шетелдікбілім алушылардың 10 
күннен 1 оқу жылына (игерген білім бағдарламаларын кредиттер мен бағалар түрінде ұзақ 
мерзімді академиялық ұтқырлық шеңберінде)дейін мерзімге жоғары оқу орнында білім алу, 
зерттеулер жүргізу және машықтанудан өту үшін келіп кетуі. 
5) 
Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық
– білім алушылардың өзге жоғары 
орындарына және өзге оқу орындарынан 10 күннен 4 айға дейін мерзімге барып келуі және 
келіп кетуі. 
6) 
Ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық
– білім алушылардың өзге жоғары орындарына 
және өзге оқу орындарынан 4 айдан 1 жылға дейін мерзімге барып келуі және келіп кетуі.
12.4.
Университет білім алушылары шетелдік жоғары оқу орындарына білім, ғылыми 
іс-сапарға барып, машықтануға құқылы.
12.5.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету мен жүзеге 
асырудың мақсаттары, міндеттері және жалпы ережелері Болон үдерісінің негізгі 
ұстанымдарына сәйкес келеді.
12.6.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларының академиялық ұтқырлығы ЖОО 
арасындағы келісімдер немесе бірлескен жобалар: ішкі ұтқырлық үшін - білім алушы, 
жіберетін және қабылдайтын ЖОО арасындағы үш жақты келісім, халықаралық ұтқырлық 
үшін – шақыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Толығырақ §§6, 23 қараңыз. 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет