33
3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті – ұлттық және жалпы адами құндылықтар,
ғылыми және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына
бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.
4.
Жоғары оқу
орны (бұдан
әрі
–
ЖОО) өз
қызметін
Қазақстан
РеспубликасыныңКонституциясына, білім беру және ғылым қызметін регламенттейтін
«Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарына, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негізінде
әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
4-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып,
электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: