Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


§§7, 8, 13, 14, 15, 31, 32, 33, 36 қараңыз



Pdf көрінісі
бет19/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   208
Толығырақ §§7, 8, 13, 14, 15, 31, 32, 33, 36 қараңыз. 
 
14. Білім алушылардың оқу жетістіктері тарихын тіркеу
14.1. Білімалушылардыңоқужетістіктерініңтарихы 
- пәндер, оқытушылар, межелік және қорытынды бақылау, аралық және қорытынды 
аттестация, сондай-ақ практиканың барлық түрлерінің нәтижелері көрсетілген электрондық 
сынақ кітапшасында; 
- белгілі оқу кезеңінде меңгерілген пәндер, олардың кредиттері мен әріптік және 
сандық бағалары көрсетілген тізімнен тұратын транскрипттетіркеледі.
14.2. Транскриптте білім алушының барлық қорытынды бағалары, сонымен қатар қайта 
тапсырған емтиханның оң нәтижелері жазылады. 
14.3. Транскрипт оқудан шыққанда, академиялық ұтқырлық үшін, шетелдік 
машықтануға кету үшін, төлем ақысын жеңілдету бұйрығы үшін, Президенттік және атаулы 
стипендия алу үшін, ақылы негіздегі оқудан білім грантына ауысу үшін, компанияларда 
практикадан өту үшін, банктен несие алу үшін, университет ішінде немесе басқа ЖОО-ларға 
ауысу үшін, диссертация қорғағаннан кейін докторанттарға БҒМ БҒСБК өткізу үшін, 


26
сонымен қатар пререквизиттер бойынша айырмашылықтарын жойған, университетте 
академиялық бағдарламалар (ішкі, сыртқы) бойынша оқыған білім алушыларға беріледі.
14.4. Барлық оқылған пәндердің, кәсіби практикалардың, қорытынды аттестацияның 
нәтижелері, бағалары, кредитпен көрсетілген көлемі мен GPA көрсетілген 3 тілдегі 
транскрипт негізінде дипломға қосымша әзірленеді.
14.5. Белгіленген формадағы транскрипт Тіркеуші кеңседе беріледі.
Толығырақ §§7, 8, 13, 14 қараңыз. 
 
15. Білім алушыларды университеттен шығару, академиялық демалыс беру 
 
15.1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушысы университеттен мына себептермен 
шығарылуы мүмкін:

өз еркімен

басқа оқу орнына ауысуына байланысты. 

оқу тәртібін бұзғандығы үшін, университетпен байланысын үзгендігі үшін, дәлелсіз 
себептермен сабаққа қатыспау (қатыспаған сағат саны 36-дан асқан жағдайда), академиялық 
демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін немесе шетелдік іссапардан соң (2 аптадан астам 
уақытта келмегені үшін); емтихан сессисына келмеу; емтихан тәртібін бұзғандығы үшін. 

оқу ақысын төлемеу.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, Студент абыройы 
кодексін бұзғаны үшін. 
15.2. Ауырғаннан кейін АМД Оқу үдерісін жоспарлау және қамтамасыз ету бөліміне 
немесе Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтына 3 күннің ішінде тапсырылған 
студенттік емханада бекітілген медициналық анықтама арқылы дәлелденген медициналық 
жағдайлар, шетелдік іссапарға шығу, университет әкімшілігінің келісуімен республика 
деңгейіндегі әртүрлі шараларға және спорттық жарыстарға қатысу, сонымен қатар құжатпен 
дәлелденген форс-мажорлық жағдайлар сабақты жіберудің дәлелді себептері болып 
саналады.
15.3. Мемлекеттік грант иегері болып табылатын білім алушы университеттен шыға-
рылған жағдайда мемлекеттік гранттан айырылады.
15.4. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушылары медициналық көрсеткіші 
бойынша және ҚР Қарулы Күштері қатарына шақырылуына байланысты академиялық 
демалыс алуға құқығы бар.
Академиялық демалыс беру процедурасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
Заңына және ҚР БҒМ нормативті құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу жұмыс жоспарындағы пән айырмашылығын жою үшін академиялық демалыстан 
қайтып келген білім алушы қажетті пәндерге тіркеледі және семестр бойында ағымдағы 
топтармен немесе қосымша семестрде қайта оқиды. Білім грантының иегерлері академиялық 
демалыстан және іссапардан кейін қайтадан тегін оқиды (бір рет), келісім-шартпен білім 
алушылар ақылы түрде оқиды. Туберкулез ауруына шалдығу себебімен академиялық 
демалыстан қайтып келген білім алушылар оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды 
оқудың ақылы-ақысыз түріне қарамастан семестр бойы тегін оқып тапсырады.
Толығырақ §12 қараңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет