3. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқуорындарының мiндеттерi 7. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орны мiндеттi:
1) ғылыми-педагогикалық әлеуеттi, оқу-материалдық базаны және инновациялық бiлiм
беру технологияларын тиiмдi пайдаланудың негiзiнде әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн,
кәсiптiк жоғары бiлiмнiң ұдайы жоғары деңгейiне кепiлдiк беруге;
2) жоғары оқу орнының әрбiр студентiнiң, оқытушысының және қызметкерiнің жеке
тұлғасын бiлiм алу, рухани, мәдени және санаткерлiк дамуы үшін неғұрлым жоғары
жағдайлармен қамтамасыз етуге;
3) бiлiм беру және өзге де қызмет көрсетулерге ақы төлеуден алынатын қаражат пен
кiрiстердi оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға, кәсiптiк жоғары бiлiм мазмұнының сапасын
арттыруға, инновациялық бiлiм беру технологияларын енгiзуге тиiмдi пайдалануды жүзеге
асыруға;
4) әлемдiк ғылыми-бiлiмдiк кеңiстiкте бiлiмнiң, ғылымның, техника мен
технологияның дамуына мониторингтi жүйелi жүргiзуге және оларды республиканың
жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiне ендiру үшiн бiлiм беру саласының орталық атқарушы
органына ұсыныстар енгiзуге.
4. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындарын қаржыландыру 8. Мемлекеттiк тапсырыстың шеңберiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорын
нысанындағы ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарында мамандар даярлау
студенттердiң бiлiм грантының немесе несиесінің мөлшерiн айқындаған кезде оқытуға
арналған нақты шығындарды ескеретін жеке норматив бойынша республикалық бюджеттiң
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
9. Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн және ерекше мәртебесi бар республикалық
мемлекеттiк мекемелер шығыстардың жеке сметалары бойынша республикалық бюджеттiң
қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
10. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар мемлекеттiк
жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына және басшылық ететiн
қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жалақылар мен тарифтік ставкалардың белгіленген
мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициентімен жүзеге асырылады.