Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет23/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   208
§2 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ 
Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы.
2001 жылғы 5 шілде №648 
 
Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың 
жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін 
ескере отырып және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы 
Заңынасәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне ерекше мәртебе берілсін.
§3 
ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСI БАР МЕМЛЕКЕТТIК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ 
YЛГI ЕРЕЖЕ 
 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2001 жылғы 5 қарашадағы
№1398 қаулысымен бекiтiлген 
 
1. Жалпы ережелер
1. Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгi ереже 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарына 
ерекше мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шiлдедегi №648 Жарлығына сәйкес әзiрленген.
2. Ерекше мәртебе бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның ұсынысы 
бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға, 
оның кәсiби қалыптасуына аса көрнекті үлес қосқаны үшін мемлекеттік жоғары оқу 
орындарына беріледі.
3. Жекелеген жағдайларда мемлекеттiк жоғары оқу орындарына ерекше мәртебенi 
Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн. 
4. Ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарының ректорлары қызметке заңнамада 
белгiленген тәртiппен тағайындалады және қызметтен босатылады. 
 
2. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқуорындарының өкiлеттiгi 
5. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық 
мемлекеттiк кәсiпорын – ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары бекiтiлген 
шығыстар сметасы шегiнде құрылымы мен штаттарын дербес анықтайды, жекелеген 
нормативтер бойынша еңбек ақы төлеу мөлшерi мен шарттарын белгілейдi.
6. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары ұйымдастыру-құқықтық 
нысанына тәуелсіз: 
1) олардан алынатын кiрiстерге өздерiнiң Жарғыларына сәйкес дербес иелiк ететiн, 
бiлiм беру, ғылыми-өндiрiстiк жәнезаңнамамен тыйым салынбаған өзге де қызметтiң 
есебiнен қаржы және материалдық құралдардың қосымша көздерiн тартады; 
1-1) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде 
кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 
тиісті бейіндері бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік орталықтар болып 
табылады;


31
2) орталық атқарушы органдармен келiсiм бойынша оқыту, ғылыми және әдiстемелiк 
қызметтер саласында өз нормативтерiн әзiрлейдi, сынақтан өткiзедi және iске асырады;
3) кәсiптiк жоғары бiлiмдi кадрлар даярлаудың бiлiмдiк, ғылыми және әдiстемелiк 
саласында негiзгi тұжырымдамалық ережелер әзiрлейдi, сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
4) кәсiптiк жоғары бiлiмнiң көп деңгейлi жүйесi бойынша мамандарды даярлаудың 
жаңа бағыттарын анықтайды, оларды оқыту мерзiмдерi мен нысандарын белгiлейдi;
5) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың бейiнi бойынша бiлiктiлiгiн 
арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады;
6) негiзгi қызметiнiң барлық бағыттары бойынша шетелдiк ұйымдармен тiкелей 
шарттар мен келiсiм-шарттар жасаса, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын құра, 
халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдардың қызметiне қатыса алады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет