Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет63/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   208
§11 
 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮЙЫМДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ 
БОЙЫНШААУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ 
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 
2015 жылғы 20 қаңтардағы 
№ 19 бұйрығымен бекітілген
 
 
1. Жалпы ережелер
1. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта 
қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 
Заңының 5-бабының16) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысанына және 
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушыларды техникалық және кәсіптік, 
орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына 
ауыстырудың және қайта қабылдаудың тәртібін айқындайды. 
2. Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу 
нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан 
екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға 
ауыстыру жүзеге асырылады. 
Ескерту. Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға 
ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58қаулысымен 
бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беруережесіне сәйкес білім 
алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады. 
3. Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта 
қабылдау туралы өтініштерін қабылдаушы білім беру ұйымының басшысы жазғы және 
қысқы демалыс кезеңінде, бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс 
күнінен кешіктірмей қарастырады.
Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы 
өтініштерін білім беру ұйымының басшысы бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру 
ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей 
қарастырады. 
4. Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың өткен 
академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық 
айырмашылығы айқындалады.
5. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты 
қабылдаушы білім беру ұйымы транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға 
берілетін анықтамада (бұдан әрі - анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың 
бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде 
айқындайды. 
6. Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта 
қабылданған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы (академиялық анықтама, 
транскрипт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 
10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген Білім туралы 
құжаттарды тану және нострификациялауережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан 
Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін 
аяқтағаны туралы құжат ұсынылады. 
Шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан 
Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған 


130
тұлғалар да балы белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан 
әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) сертификатын ұсынады. 
ҰБТ мен КТ-ға қатыспаған немесе өту балын алмаған тұлғалар бұйрық шыққанға дейін 
КТ тапсырады. 
7. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім 
алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне 
қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға 
жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу 
сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге 
жазылады. 
8. Жазғы семестрде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық 
айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет