Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет69/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   208
 
4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 
 
61. Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі (бакалавриат) 
негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның 
барлық деңгейінде де, жеке пәннің, модульдің деңгейінде де сипатталады. 
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар: 
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол 
сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу; 
2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; 


142
3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу; 
4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар 
жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру; 
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман 
еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. 
62. Университет 
бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-
этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы 
құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.
63. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар: 
1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның 
қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, 
экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы; 
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық 
технологияларды қолдана білуі; 
3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті 
жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
64. Әлеуметтік-этикалық құзіреттерге қойылатын талаптар:
1)
Қоғамдық ой-пікір, салт-дәстүр, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық 
құндылықтарды білу және кәсіби қызметі барысында оларға сүйену;
2)
Іскерлік этика нормаларын сақтау және этикалық құқықтық нормалар ережесін ұстану; 
3)
Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу;
4)
Өзге әлем халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне түсіністікпен қарау;
5)
Қазақстанның заңнамалары мен құқықтың жүйесінің негіздерін білу; 
6)
қоғамдық-әлеуметтік дамудың бағыттарын білу; 
7)
түрлі әлеуметтік жағдайларды бағдарлай алу;
8)
командамен жұмыс істей білу, өз көзқарасын байыппен жеткізе алу, жаңа шешімдер 
ұсыну.
9)
Тіл табыса білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыру;
10)
Тұлғалық және кәсіби өсуге ұмтылу;
65. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар: 
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. 
жөнінде ғылыми түсінігінің болуы; 
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы 
мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну. 
66. Өзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, 
кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты 
дайындыққа қойылатын талаптар: 
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды 
түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу; 
2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу; 
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру 
сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
67. 
Арнайы құзыреттер жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар 
негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере 
отырып анықталады.
68. 
Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі 
аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
69. 
Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе 
модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық 
кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Офис регистратор (бөлім, сектор) жүргізеді және 
бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.
70.Офис регистратор білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол 
студенттердің бекітілген үлгідегі транскрипінде көрінеді. 


143
Транскрипт студентке білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші 
негізінде беріледі. 
71.Бітірушілердің білімін, шеберлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды 
қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.университет бітірушілерін қорытынды 
аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған 
кезеңде мамандық (мамандықтың оқу пәндері) бойынша мемлекеттік емтихан(-дар) тапсыру 
және/немесе дипломдық жұмыс (жоба) қорғау түрінде өткізіледі. 
72. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға 
«бакалавр» академиялық дәрежесі және/немесе біліктілік беріледі және қосымшасы 
(транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады. 
Университет бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) 
бере алады.


144
1 Кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет