Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет66/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   208
§13
 
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАКАЛАВРИАТ 
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ 
 
Ереже әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі білім беру мазмұнына, 
студенттердің білім траекториясына, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, олардың 
құрылымына және студенттердің даярлық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды 
белгілейді.
1.
 
Жалпы ережелер 
1. Университет жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен дипломды мамандар) 
даярлауды: 
1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
мамандықтарының жіктеуішіне; 
2) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына; 
3) академиялық күнтізбеге; 
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына; 
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына; 
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. 
2. Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды 
аттестациядан сәтті өткен тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе біліктілігі 
беріледі. 
3. Бұл ереже келесі мақсаттарға жету үшін қолданылады: 
студенттердің дайындық деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру 
қызметіне қойылатын міндетті талаптардың негізінде жоғары білім сапасын арттыру; 
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу; 
3) студенттерді оқыту деңгейін және білім беру бағдарламаларының сапасын 
бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру; 
4) студенттердің академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау. 
4. Мамандықтардың негізгі, типтік және жұмыс оқу жоспарлары осы Ереженің 
талаптарына сәйкес келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, мазмұны мен 
көлеміне, оқытудың нормативті мерзімі мен студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын 
талаптардың жиынтығын анықтауы тиіс. 
5. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде университет Ұлттық біліктілік шеңберіне, 
кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторлары мен Еуропалық біліктілік 
шеңберіне келістірілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
6. 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің (сатысының) 
білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің, шеберлігінің, 
дағдысы мен құзыретінің деңгейі мен көлемін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу 
нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің 
жалпы санына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет